Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны

Автор:   •  Январь 5, 2021  •  Реферат  •  3,924 Слов (16 Страниц)  •  381 Просмотры

Страница 1 из 16

Жоспар

  1. Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны.
  2. «Алаш» партиясының құрылуы.
  3. Ә. Бөкейхановтың қазақ жұртшылығына сіңірген еңбегі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Жұмыстың мақсаты:

Ә. Бөкейхановтың қызметінің мәнін ашып көрсету.

Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер орындалады:

– «Алаш» партиясының құрылуының алғышарттары мен себептеріне талдау жасау.

– «Алаш» партиясының қоғам қайраткерлері еңбектерінің мазмұны мен маңызын көрсету.

– «Алаш» партиясының  үстем етуші билікпен қарым-қатынасын зерттеу.

– «Алаш» ұлттық партиясының бағдарламасына талдау жасау.

Жұмыстың тарихнамасы:

Мәмбет Қойгелдиевтің айтуы бойынша сол кездегі жергілікті халықтың өмірі жайлы айтып өткен, сонымен қоса мынадай ойлары да бар: «Уалаяттық автономия болса, оның өз алдына ақшасы, темір жолы, почта, телеграфы, әскері болмайды, жалпы мемлекеттік Г думасына уәкілдерін жібереді. Өз думасы, сол жалпы мемлекеттік думасында шыққан законге қайшы келместей закондерді шығаруға ықтиярлы болады. Уалаяттағы барша жергілікті істерінің билігі өз қолында болады. Жер-судың билігі жалпы мемлекет қолында болады».

Күләш Ахметованың «Алаш партиясы туралы бірер сөз» деген еңбегіндегі мәліметтер: « Партия бағдарламасын дайындау Шораи Ислам деген комитетіне тапсырылды. Ал партияға «Алаш» деген атаудың қалай берілгендігі жайында Қазақ газетінің 244 санындағы хабарын аударып берген Мартыненконың дерегіне сүйенсек, Досмұхамедовтың хатын көлденең тартады». «Съезд қаулысы баршаға белгілі. Сондықтан уақыт оздырып жатпастан партиямызды аталарымыздың ұраны «Алаш» атымен атаймыз».

Жұмыстың өзектілігі:

Сонау ХХ ғасырдың  басында құрылған Алаш партиясы туралы қазіргі кезде көптеген көзқарастар бар. Тіпті қазақ елінің «Ұлттық партиясы» атанған және осы партияның көшбасшылары яғни қазіргі таңдағы қазақтың ұлттық зиялылары жайлы көптеген материалдар бар. Солай бола тұрса да қазіргі кездегі Алаш партиясы тақырыбында бірінші өзекті мәселе.

  Сол уақытта Кеңестік тұрғыдағы біздің Ұлттық партия саяси қысым көрді. Яғни Алаш партиясы сол кездің өзінде біз аңсаған тәуелсіздікке сай өздерің бағасын ұсына отырып, қазақ елі үшін жан қиярлық әрекет етті. Сол қазақ елі, жері үшін күресіп өткен біздің көшбасшыларды зерттеу қажеттілігімен барынша ашып көрсетуге тырыстым.

Кіріспе

Қазақ халқы көптеген қиыншылықтарды басынан кешірді. Осы кезде азын-аулақ болса да халық жағдайын ойлаған азаматтарымыз бұл тығырықтан шығуға тырысты.

Сол азаматтарымыздың бәрі тарихта өте маңызды орынға ие болған. Әлихан Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай секілді қайраткерлерді атап өтуге болады.

Ұлттық мемлекет құру Бөкейханов және басқа буржуазиялық – демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Бұл интелегенция өкілдері конституциялық демократия шеңберінде қазақ ұлтына автономия алып беруді меңзеді.

Тарих сахнасына Алашорда – Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интелегенция тұрды.

70 жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей. Қазақ қоғам қайраткерлері туелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ.

Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды. Сол кездегі басты мақсаттардың бірі ұлт пен ұлттық интелегенцияны біртұтас саяси ұйым төңірегіне топтастыру болды. Тағы да бір мәселе халыққа болып жатқан саяси мәселелерді түсіндіру, бұқараның сауатын ашу, оларды жаңа мемлекет құруға жұмылдыру.

Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері мен қатардағы мүшелері 1920-30 жылдары саяси қуғын – сүргіннің құрбандары болды. Осыған  қарамастан Алаш қайраткерлерінің іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері мен тарихта хатталып қалды.

...

Скачать:   txt (54.4 Kb)   pdf (146.2 Kb)   docx (24.1 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club