Ұлы Дала аумғындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з
Автор: Faile04 • Ноябрь 4, 2022 • Реферат • 5,091 Слов (21 Страниц) • 1,891 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультет: Биология және биотехнология
Кафедра: Биология 22-03
СӨЖ
Тақырыбы: "Ұлы Дала аумғындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. III ғасыр – б.з. II ғасыры)".
Орындаған: Жумабекова Раушан
Тексерген: Дауытбекова М.К.
Алматы 2022
Жоспары:
- Кіріспе
- Тарихнама
- Негізгі бөлім
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан аумағында алғашқы көшпенділерді зерттеу тарихы өте маңызды және қызықты. Бұл жерде Қазақстанды мекендеген халықтардың әртүрлілігі байқалады, олардың барлығы бір-бірімен байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік шығу тарихы, сондай-ақ бай мәдениеті: тәуелсіздік үшін күрестің материалдық және рухани, қанық көріністері бар. Нәсілдер мен ұлттардың араласуы, бір – бірін үнемі алмастыратын тайпалар, түрлі соғыстар – осының бәрі Қазақстандағы кейінгі өмірдің дамуына, сондай-ақ бүгінгі ұлт-қазаққа әсер етті. Қазақстан тарихында Мемлекеттіліктің қалыптасуы күрделі кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңдерде көптеген тайпалар бір біріне әсер етіп, отырықшы және көшпелі болып бөлінген, мәдениеттерімен алмасқан. Солай Ұлы Дала халықтары түрлі кезеңдерден өтіп, өз мәдениетін өз мемлекеттілігін құрды. Оның ішінде Түркі тілдес көптеген тайпалардан құралған өзінің мемлекетін, өз мәдениетін қалыптастырған ұлан ғайыр жерді алып жатқан Қазақстан елі де бар.
Бұл рефератта Қазақтардың арғы ата тегі сақтардың даму тарихы туралы айтылады. Сақтардың мәдениеті, шаруашылығы, оларды зерттеген тарихшылар мен ғұламалардың дерек көздері сақ қоғамы туралы мол мәлімет береді.
Тарихнама
«Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ, қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», – деп атап өтті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев.
Көне тарихи жазбаларға көз жүгіртсек, «Ұлы Дала» ұғымының ежелден бері келе жатқанын аңғарамыз. Бұл атау ғасырлар қойнауынан аршып алынып, бүгінгі күнге дейін жеткен жыр, қисса, дастандарда, түркітілдес халықтар туралы деректерде, орыс әдебиеттерінде, Қытай жазбаларында және Лев Гумилев сынды көрнекті тарихшы-ғалымдардың еңбектерінде көп кездеседі. Демек, Қазақстанның «Ұлы Дала елі» деген бейресми, қосымша атауға ие болуында тарихи негіз бар. Бұл атау еліміздің географиялық ерекшелігіне сипаттама ғана емес, бұл халқымыздың кеңпейіл дархандығының, мемлекеттік күш-қуатының, айрықша мәртебесі мен Тәуелсіздігінің айнымас символикалық бір нышаны ретінде қабылдануға тиіс. Сондықтан, ендігі кезекте, осы ерекше атауды өз санамызға сіңіріп қана қоймай, оны дүниежүзі халықтары алдында барынша насихаттап, айшықтауымыз қажет.
Ұлы дала тарихы – Еуразия кеңістігін мыңдаған жылдар бойы мекендеген халықтардың тарихи шежіресінің куәсі. Батыс пен Шығыс өркениеттерін тоғыстырған үндестік пен үйлесімнің бесігі, мәдени қазынасы мен тамырлы тарихы, жауһардай әдеби мұрасы мен жарқыраған асыл тілі, тасқа таңбаланған жазуы мен саф өнері - адамзат өркениетіне қосылған баға жетпес құнды байлығы екені тарихи шындық. Бүгінгі әлемде, Батыс пен Шығыс өркениетінің аражігін ажыратар құндылықтар біртұтастанып, ұлттар болмысы жаһандық болмысқа айналып отырған кезеңде түркілік өркениет әлем жұртшылығының назарын өзіне қайта аударуға бет алды. Батыстың Шығыс өркениетіне, соның ішінде Түркі өркениетінің мәдениеті мен өмірлік философиясына, өнері мен тұрмысына қарай бет бұру үрдісі әлемдік деңгейде кең етек жайып келе жатқан үдеріске айналды. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов: «Сөздің ең ұлысы, 4 ең сипаттысы – тарих» деген болатын. Демек, тарихымызды бүтіндеу – өскелең ұрпақ тәрбиесінің толыққанды болуының басты кепілі болмақ. Тарихты тану – тағылымды іс, әрі ұлттың мерейін тасытып, рухын көтереді. Ұлы даланың мақтан тұтарлық төл тарихы, мәдениеті мен өнегесі бар екені сөзсіз. Оны ұлықтау – ұлтты ұйыстыруға бастайды.
...