Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.

Автор:   •  Февраль 10, 2024  •  Практическая работа  •  1,993 Слов (8 Страниц)  •  137 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті»

Педагогика және психология кафедрасы

[pic 1]

БӨЖ

Тақырыбы:

Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. ІІ ғасыры).

                        Орындаған: Сабит Ш.Т. АП-124

                                                      Қадылған: Тілебалды Ж.Қ.

       Алматы 2023

Мақсаты: б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. ІІ ғасырлар аралығында Қазақстан жерінде қалыптасқан мемлекеттер мен тайпалық одақ туралы мәліметтер алу. Деректермен жұмыс жасау.

Жоспар:

  1. Сақтардың тайпалық одағы.
  2. Сарматтар.
  3. Үйсін мемлекеті.
  4. Қаңлылар.
  5. Хун немесе ғұндар мемлекеті.

1.Сақтардың тайпалық одағы. 

Алғашқы мыңжылдықтың бас кезінде Қазақстанның даласында жартылай шөлейт және таулы аудандарда көшпелі мал шаруашылығы негізгі шаруашылыққа айналып, оны өркендетуге үлкен мән берілді. Қазақстанның көшпелі тайпалары б.з.д. 1 мыңжылдығындағы ежелгі дүние тарихында елеулі рөл атқарды, сондықтан да ол саяхатшылардың, тарихшылардың, географтардың назарын өзіне аударды.

Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың болғандығы туралы деректер көне иран шығармасы Авестада кездеседі. Онда Қазақстан мен Орта Азия жерін мекендеген көшпелі тайпаларды «турлар» деп атаған. Тарих атасы атауымен белгілі Геродот «турларды» көне грек массагет деп атаған. Ал көне парсы сына жазбаларының мәтінінде шығыс ирандық тайпалардың жалпы атауы Saka деп аталады.

Қазақстанның көшпенділері ежелгі дүниенің саяси оқиғаларына белсенді түрде қатысқан. Б.з.д. V ғасырдың орта кезінде парсы патшасы Кир Арал бойындағы Томирис ханша билік құрған сақтарды бағындырып алғысы келген. Кир әскерімен Сырдарияға жақындап келіп, сақ-массагеттерді бағындыруды ойлап Томириске елшілер жібереді. Алайда көшпенділердің патшасы келіссөз жүргізуден бас тартады. Б.з.д. 530 жылы Сырдарияда қантөгіс шайқастар болып, онда парсылар сұмдық жеңіліске ұшырайды. Аңызға сүйенсек, Томирис меске қан толтырып, оған Кирдің басын салып тұрып: «Сен қанқүмар едің, енді тоя іш!» депті.

Кирдің Орта Азияны жаулап алмақшы болған жорығын I Дарий (б.з.д. 521-486 жж.) жалғастырды. Ол жекелеген сақ тайпаларын, оның ішінде хаомоварга мен ассияларды уақьггша бағындыруға қол жеткізді. Оларға алым-салық салды, бірақ бұл тұрақты түрде алынбай, көбінесе сыйлық ретінде берілді. Грек тарихшысы Полиен сақ-массагеттердің парсылармен шайқасының бір қызықты тұсын былайша баяндайды. “Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тіліп-тіліп, жау жағына өтеді, оларға өзіне қорлық көрсеткен қандастарын айтып шағынады. Енді өзін “өкпелеткендерден” кегін алмақшы екендігін айтады, оның мақсаты жауды сусыз шөл далаға бастап апарып, қырғынға ұшырату еді. Ол бұл мақсатын жүзеге асырады.” Одан кейінгі кезеңде деректерге сүйенсек сақ тайпалары Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдырында маңызды рөл атқарған. Атап айтқанда, олар Парфян мемлекетін құруға, Грек-Бактрий патшалығын талқандауға және б.з.д. III ғасырда -б.з. III ғасырында Орталық Азия тарихында маңызды рөл атқарған Кушан империясын құруда маңызды рөл атқарды.

Сақ қоғамында Қазақстан аумағында мал шаруашылығының 3 түрі пайда болды. Біріншісі, көшпелі мал шаруашылығы. Бұл кәсіп түрімен шөлейт аумақты мекендеген, егінмен айналысуға мүмкіндігі жоқтар айналысты. Мұндай аймақтарда негізінен жылқы, қой,түйе көптеп өсірілді, ал сиыр саны аз болды. Екіншісі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Көшіп-қонудың радиусы мұнда онша үлкен болған жоқ, өйткені, жайылымдар жақын орналасты. Тұрақты түрғын-жайлар мен шаруашылық қүрылыстары салынды. Соның нәтижесінде ірі қараны өсіруге мүмкіндік туды. Мал шаруашылығының үшінші түрі отырықшы мал шаруашылығы. Қаратаудың оңтүстік жоталарында кеңінен таралды. Бұл өңір Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығы, Талас, Арыс, Шу және Іле өзендерінің жағалаулары болатын. Осы аудандардың түрғындары отырықшылыққа бет бұрып, егіншаруашылығы мен бау-бақша өсіруге ерекше көңіл бөлді.

...

Скачать:   txt (27.1 Kb)   pdf (237.8 Kb)   docx (107.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club