Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үйсін мен қаңлы мәдениеті

Автор:   •  Ноябрь 27, 2021  •  Доклад  •  937 Слов (4 Страниц)  •  3,373 Просмотры

Страница 1 из 4

Үйсін мен қаңлы мәдениеті

 Қазақстан даласында шығу тегі мен орналасуынабайланысты  б. з. б. I ғ. аяғында сақ тайпаларын ығыстыруға дәрмені бар жаңа тайпалық одақтар пайда бола бастады. Бұл тайпалар – үйсіндер, қаңлылар, сарматтар және аландар.Алайда олардың қалдырған мәдениеттері сақ қоғамының мәдениетінен аса қатты ерекшеленбейді

Ал енді тақырыпқа сай, үйсін мен қаңлы мәдениетіне тоқталып өтейік

 Ерте темір дәуірінде пайда болған сақ жерлерінің  Жетісудағы өлкесін б. з. б. II ғ. Орталық Азиядан келген үйсін тайпалары мекендеді.Бірақ бұл тайпаның шыққан тегі әлі түгелдей нақты дәлелмен анықталған жоқ.

Үйсіндердің негізгі орналасқан жері Іле аймағы болды. Батыс шекарасы Шу мен Талас өзендері арқылы өтіп, қаңлылардың жерімен шегараласып жатыр. Шығыста үйсіндер ғұн жерімен астасып , оңтүстікте Ферғанаға дейін созылған.

Үйсін мәдениетінің қалыптасуында мал атауыныңорны ерек. Сол себепті үйсіндердің шаруашылығын айта кетуді жөн санадым

Жалпы айтқанда, үйсіндер мемлекеті жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді көшпелі тұрмыс уақытында кәсіп еткен. Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде маңызды рөл атқарды. Үйсіндер қыстау мен жайлауда, сонымен қатар тау бөктеріндегі жайылымдарында ұзақ уақыт ауа-райына шыдап,отыра алатын. Ол жерде  үйсін халқы тұрақты баспана салды, егін, бақша екті. Уақыт өте келе, жиі болып тұратын жұт малдың жұқпалы ауруы, үздіксіз соғыс салдарынан малдан айырылған халықтың бір бөлігі тұрақты отырықшылыққа көшуге бұйырған болатын.Сол заманның өзінде-ақ күнделікті тұрмысқа қажетті жер өңдейтін тас тырма, қолдан жасалған қол орақ пайдаланып, өздері жасай бастаған. Қазіргі таңда,тастан жасалған қол диірменнің табылуы – сол замандарда өмір сүрген тұрғындардың дәнді дақылдармен қоректенгендігінің дәлелі болып отыр

Үйсіндерде малға жеке меншік иеленушілік пайда болды. Ру, тайпалардың жайылымдары иеліктерге бөлінсе, қазына,байлық тайпа көсемдерінің қолына табысталды.

Елді басқару құқығы мұрагерлік жолмен әкеден балаға мирасқорлық салты бойынша ауысып отырады. Оған жоғарыда аталған ру, тайпа көсемдері бағынған.

Үйсін мемлекетінде басқарудың ондық жүйесі қалыптасып, қолданысқа енген болатын. Ел билеуші өзіне қарасты ел-жұртын балаларына бөліп беріп, әрқайсына он мың адамнан жасақ, көшіп жүретін және қоныста отыратын жерлерін еншілеген. Мал өсірумен қатар үйсін халқы үй кәсіпшілігі де кең өрістеп, жедел өркендеген. Әсіресе, қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі кең етек жайды, өңдеу кәсібі жолға қойылды. Темір мен қолдан еңбек құралдары, қару-жарақтар сәндік бұйымдар соғылды. Тоқыма, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу ісі дамып алға басты.

Үйсіндердің өнері мен дініне тоқталатын болсақ, археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған әйелдің тәжі тәрізді әшекейлі бас киімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни нанымынан мәлімет беретін құнды ескерткіш екендігі өздеріңізге белгілі. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалынан табылған. Қарғалы диадемасы сол замандағы мықты шеберлердің қолынан шыққан туынды, бұл оларда зергерлік өнердің дамығандығын тағы да айқындап беріп отыр

Мәдениетіне толық тоқталар болсақ, үйсіндер мен қаңлылардың материалдық мәдениеті бүгінгі күнде толық зерттеуден өткен.Олардың мәдениетінен сыр шерту үшін, Жетісу мен Сырдария қалаларында тұрақтарды қазу ісін бастаған болатын.Қазба жұмысын жүргізу ерте көшпелілердің мәдениеті, керамиканың негізгі типтері, еңбек құралдары мен қару-жарақтары жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік сыйлап отыр. Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылды, тағы  бір түрі — үлкен күймелі арба атымен жайылған. Оған түйе мен өгіздерді жеккен.Көбіне көшіп жүретін үйсін халқына бұл  өте ыңғайлы баспана болды.

Үйсіндердің жерленген орындары  негізінен үйінді оба түрінде болған. Ер адамдарды қылыш, жебе, садағымен бірге жерлесе, әйелдердің бейіттеріне әшекей бұйымдар – сырға, жүзік, моншақ сынды заттарын қойылған.

Үйсіндер мекендеген аймақта қолөнердің дамығандығы анық. Үйсіндердің бейнелеу өнері сақтардың көркемдік дәстүрі болған аң стилімен байланыс тапты. Үйсіндерде құмыра жасау кәсібі барынша шарықтау шегіне жетті. Үйсін ыдыстарының негізгі түрлері — тегенелер мен кеселер, тостағандар, түрлі құмыралар мен қазандар. Бұл ыдыстарды сұйық зат құю үшін пайдаланған. Ежелгі үйсіндер темір, мыс, қоладан еңбек құралдары, қару-жарақтар, сәндік бұйымдар жасаған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, асыл тастар, бағалы тастар мен бағалы металл, сүйек өңдеу ісі де дамыған.

...

Скачать:   txt (13.5 Kb)   pdf (49.9 Kb)   docx (11 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club