Қоңыратбаев әдебиетінің тарихын ескі замандардан
Автор: Raida1221 • Декабрь 8, 2020 • Лекция • 494 Слов (2 Страниц) • 674 Просмотры
Қоңыратбаев қазақ әдебиетінің тарихын ескі замандардан бастайды. Ол көне түркі жазбаларын мына ізде ұсынады: 1. Ертедегі аңыздар. 2. Аңыздық-генеологиялық эпос. 3. Түрік қағанаты кезіндегі жазба ескерткіштер. 4. Оғыз-қыпшақ дәуірінің жырлары. 5. Қарахандар мемлекеті тұсындағы жазбалар. 6. Сопылық әдебиет. 7. Қыпшақ тіліндегі әдебиет.
Ежелгі әдебиетті зерттеп жүрген басқа да ғалымдардың жүйелеуіне қарағанда Қоңыратбаевте мәселені кеңінен қамтығандығы, тарихтың тереңіне барыңқырағандығы көрінеді. Ескі әдеби мұраны тек өзбектікі, не болмаса, ұйғырдікі дей келген пікірге қосылмайтын ол бұлардың барлығын түркі халықтарына ортақ санайды; қазақ әдебиетінің де қайнар-бұлақтары деп біледі. Ғалым түркі тілінің және көне жазбалардың тілі, түркі поэзиясындағы аллитерация мен ұйқас, «шөкли» және «түрік» сөзінің тегі туралы қызғылықты байқаулар жасай алған. Мысалы, ол түрік сөзінің төркіні «төрдегі ел» деген А.Кононовтың пікірімен келіспей, «түрік» - төрдегі көшпелі ел емес, «отрак», отырықшы деген сөзден туған сияқты» - деген өз ойын ұсынады.
Қоңыратбаевтың Қорқыттануға қосқан үлесі айтарлықтай. Қорқыт туралы бірнеше мақала жазған ол кейіннен «Қорқыт ата кітабын» тұнғыш рет қазақша сөйлетті. Сондай-ақ, Сүлеймен Бақырғани, Қожа Ахмет Иассауи, Мәшһүр Жүсіп туралы зерттеулері де тың жерге түрен салғандай еді. Ол кезде Қожа Ахмет пен Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы жайында мақала жазбақ түгілі, аттарын атаудың өзі қиын шаруа — тұғын. «Дін-апиын» саналып келген заманда діни бағыттағы әдебиет өкілдерінің барлығы да реакцияшыл, зиянды деп жарияланып, атеизмнің суық желі соғып тұрған .... Тіпті Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының зияндылығы жайлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті арнайы қаулы да шығарған болатын. Соған қарамастан діншіл бағыттағы әдебиеттің аса ірі өкілінің шығармашылығы жайлы мақала жазуы Ә. Қоңыратбаевтың ғалымдық тұлғасын айқындай түседі. Жалпы өткендегі әдеби мұралар жайлы жазған еңбектері арқылы Қоңыратбаев Б.Кенжебаев жазған қазақ әдебиетінің тарихы тереңде жатыр, оны зерттеп, халықтың рухани қажетіне жарату азаматтық парыз деп білген ғалымдар тобында көрінеді.
...