Қазақтың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі
Автор: Saniya2005 • Май 7, 2024 • Реферат • 5,431 Слов (22 Страниц) • 113 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униерситеті
Медицина және денсаулық сақтау факультеті
СӨЖ[pic 1]
Тақырыбы: Қазақтың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі.
Орындаған: Қалқаман Сәния
Тексерген: Дауытбекова Маржан
Қазақтың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі.
Жоспар:
Кіріспе:
1.Ұлтық сананың қалыптасуындағы маңызы.
2.Қазақстандағы сауатсыздықты жою туралы жалпы түсінік.
Негізгі бөлім:
3. Ұлттық сананы қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі.
4. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны:
4.1. Оның өмірі мен шығармашылығының негізгі тұстары.
4.2. Оның Қазақстанның мәдени және саяси өміріне қосқан үлесінің маңызы.
5. А.Байтұрсынұлының қоғамдық қызметі:
5.1.Қазақ халқының ұлттық бірлігі мен мәдени мұрасы идеясын тарату.
5.2.Қазақтың мәдени дәстүрі мен әдебиетін қолдау.
5.3.Қазақ тілін дамыту.
5.4. Қазақ әліпбиін негізін қалауы, оның ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызы.
6.Тәуелсіздік үшін күрес:
6.1. Байтұрсынұлының қазақ халқын отарлық езгіден азат ету жолындағы күресі.
6.2. Ұлттық тәуелсіздік пен өзін-өзі анықтауға деген ұмтылысты қолдау.
Қорытынды:
7. Қазақстанның ұлттық санасын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының рөлін қорытындылау және жалпы баға беру.
Ұлтық сананың қалыптасуындағы маңызы.
Қоғамда тарихи сана дұрыс қалыптаспай, ұлттық сананың жаңғыруы мүмкін емес. Өйткені, ұлттық танымның өзегі – тарихи сана. Ал тарихи сананың қалыптасуында ақиқатты арқау еткен шынайы тарих пен халықтың байырғы қайнарынан сусындап, салт-дәстүрдің алтын арқауына байланған руханияттың рөлі зор. Өткен замандарға көз жіберсек: тарихи санасы жансызданған этностың белгісі – өзінің даму үрдісіндегі ақиқи болмысын парықтау қабілетінен айырылып, асылын бағалай алмайтын, басқаның жасығын малданатын, санасы қортық, өзін басқадан кем санайтын, кембағал түсінік сияқты сипаттары болады екен. Тарихи сананың бұлай ойрандалуы, әсіресе, отаршылық қыспаққа ұшыраған әрбір халықта сөзсіз болады. Мұндай сипат ұзақ жыл отаршылық заманды басынан өткерген қазақ халқының да бойынан табылары анық. Сол кезеңдері ұлттық сананы қалыптастырумен жұмыс жасап сананы жаңғыртуға үлкен үлес қосқан, негіз болып табылған белгілі қайраткерлер маңызды рөл атқарады. Олар Қазақстанда сонау отаршылдық кезінде сауатсыздықты жоюмен арпалысты.
Қазақстандағы сауатсыздықты жою туралы жалпы түсінік.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда жаппай сауатсыз- дықты жою мен халық ағарту ісін дамыту мәдени өзгерістердің басты бағыты болды. ХХ ғасырдың басында халық ағарту ісі қоғамның қосалқы жүйесі ретінде терең дағдарысқа душар болды. Халықтың басым көпшілігі оки да, жаза да алмайтын еді, миллиондаған балалар мектепке бармады, оқу орындары мен педагогикалық кадрлардың аса тапшылығы байқалды. Сондықтан большевиктер халық ағарту саласында кешенді және батыл шараларға кіріскен кезде, қос мақсатқа бірдей жетуді: біріншіден, қарапайым адамдардың ықпалы мен сеніміне кіру; екіншіден, бұқара халықтың санасына маркстік-лениндік идеологияны сіңіруді ұйғарды.
БОАК-тың 1918 жылғы 16 қазандағы «Бірыңғай еңбек мектебі тура- лы» Ережесі, РКФСР Халық ағарту комиссариатының 1918 жылғы 31 қазандағы «Ұлттық азшылык мектептері туралы» қаулысы, В.И. Ленин 1919 жылы 26 желтоқсанда қол қойған «РКФСР халықтары арасындағы сауатсыздықты жою туралы» декреті осы шараға мемлекеттік сипат берді. 1920 жылдан жергілікті халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиялар құрыла бастады, олар хат танымайтындардың есебін азайтуды ұйымдастыру, педагогика кадрларын даярлау. мектептер мен курстар ұйымдастыру, оқу құралдарын шығарумен айналысты. Бастапқы кезде мектептер мен сауат ашу курстары депутаттар кеңесінің ревкомдардың және басқа да мемлекеттік құрылымдардың шешімдерімен, сондай-ақ интеллигенцияның немесе хат танымайтындардың өздерінің бастамасымен ашылып отырды. Мәселен, 1917 жылы қарашада жұмысшы және солдат депутаттарының Әулиеата қалалық Кеңесі, cayaт ашу мектебін ұйымдастыру мүмкіндігін қарағаннан кейін, қажетті қаржы бөлуге шешім шығарды. 1918 жылдын бас кезінде осындай мектептер Верный, Семей, Ақмола қалаларында жоне гиісті оқу-материалдық жағдайлары мен ұстаз табу мүмкіндіктері бар елді мекендерде ашылды. 1918 жылы жазда Жетісу облыстық Кенестерінін революциялық органы «Заря свободы» газеті Верный мұғалімдер одағының барлық жастағы азаматтар мен азаматшалар үшін бес мектеп және аздап қана хат танитын, ежелеп оқи білетіндер үшін бір мектеп ашу жөніндегі шешімін жариялады. Қатынас қағазда «сабақтың жұмыстан бос уақытқа және оқығысы келетіндердің келісіміне сай үйлестірілетіні көрсетілді».Қазақстанда Кеңес билігінің орнығуына орай сауатсыздықты жою үрдісі ұйымдасқан және жүйелі сипат ала бастады. Бұған ең алдымен ТүркАКСР-і Халық ағарту комиссариаты мен Қырревкомның мектеп бөлімінің құрылуы септігін тигізді. Сауатсыздықты жою жұмысының мақсаты мен міндеттерін, оның мазмұнын қалалар мен ауылдардағы ересектер арасындағы сауатсыздықты жою бойынша курстар ұйымдастыру туралы Түркреспубликасы Халық ағарту комиссариатының Ережесі және Түркреспубликасы Кеңесі ОАК-нің ересектер арасында міндетті оқуды енгізу туралы Декреті барынша айқын белгілеп берді. Халық ағарту комиссариатының Ережесімен «әр орында және әр ауылда» курстар ұйымдастыру көзделінді. Курстар ересектерді оқу мен жазуға үйретумен шектелмеуі тиіс деп есептелді.
...