Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын үйлері
Автор: Know • Ноябрь 14, 2021 • Реферат • 382 Слов (2 Страниц) • 513 Просмотры
Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын үйлері
Қазақтар жаз кезінде киіз үйлерде тұрды. Киіз үй кей жағдайларда кедей қазақтардың қысқы баспанасы да болды. Мұндай кезде ол үйді бірнеше қабат киізбен қымтап, іргесін қармен бастырып тастайтын. Ал елдің оңтүстіктегі жылы аймақтарында киіз үйде қысы-жазы бірдей тұра беруге болатын. Неміс ғалымы Ф. фон Шварц былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтардың қысы-жазы бірдей тұра беретін бірден-бір баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үй адамның қашаннан бергі ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнер табысының бірі екенінде дay жоқ». Киіз үйдің ағаштан жасалатын бөліктерін арнаулы шеберлер - үйшілер, ал киізден жасалатын жабдықтарын киіз басатын әйелдер әзірлейтін. Үйдің бау-шуларын құрастыру, тігу мен жығу да әйелдердің үлесіне тиетін.
Қазақтардың қалмақы төбесі шошақ үйлері де болды. Бірақ олар өте сирек пайдаланылды. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын болып төр саналды. Төрге ең сыйлы адамдар мен қадірлі қонақтар шығарылады. Үйге бас сұққан қонақ қандай дін ұстанатынына, қай ұлттың өкілі екендігіне қарамастан, сол үй иесінің сенімді қорғауында болатын.
XIX ғасырдың 30-50-жылдарында қазақтарда отырықшы өмір салтына көшуге байланысты тұрақты баспана салу үрдісі орнықты. Қазақтар қыста тұратын баспанасын қыстаулеп атады. Қыстау топырағы құнарлы жерлерге салынды. Оған жақын жерде, әдетте, рулық зират тұрғызылды. Қыстаудың маңында егістік және шабындық жерлер болды. Далалықтар қыстауды адам өлімі көбейіп кеткен немесе мал қырылып, жұт болған кездері ғана тастап кететін. Қыстау әр түрлі құрылыс материалдарынан: тастан, ағаштан, шымнан және шикі
...