Қазақстан тарихын зерттеудегі Е.Б.Бекмахановтың үлесі
Автор: Marlennn • Ноябрь 19, 2021 • Контрольная работа • 9,124 Слов (37 Страниц) • 380 Просмотры
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 2 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Қазақстан тарихын зерттеудегі Е.Б.Бекмахановтың үлесі
[pic 1][pic 2]
Мамандығы Электроэнергетика
Орындаған Айтмағанбет Марлен Тобы ЭЭк 21-13
(Аты-жөні)
Тексерген Берлібаев Бақдәулет, тарих пәні доктор-профессор
(Аты-жөні, атағы, қызметі)
«_ » 2020 ж.
[pic 3]
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2020
Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім.
- Негізгі тақырып бойынша
- Е.Б.Бекмаханов жайлы.
- Е.Б.Бекмахановтың ебектері, үлесі.
- Қорытынды.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қазіргі таңда тәуелсіздігін алғанына жарты ғасыр тола қоймаған Қазақстан үшін өзінің өткенін саралап, тарихын біліп жинақтау маңызды орын алады. Негізінен әр мемлекет өзінің терең және бай тарихымен, оның күрделілігі және алуандылығымен мақтанады. Біздің еліміз үшін де Қазақстан тарихын сонау сақтардан, бүгінгі күнге дейінгі болған барлық оқиғалардың біреуін қалдырмай жинақтау маңызды. Сол үшін де көптеген тархи әңгімелер, жазбалар, монографиялар, диссертациялар, тіпті тасқа қашалып салынған таңбалардың өзі тарихымызды білуде үлкен рөл атқарады. «Қазақстан тарихын зерттеудегі Е.Б.Бекмахановтың үлесі» атты тақырып осы семестрлік жұмысты орындауда ғана емес, Қазақстан тарихы үшін де өзекті тақырып. Бұл тақырыпта жұмыс істеуімнің мақсаты, еліміздің тарихы үшін көп үлес қосқан тұлғамыздың еңбектері, істеген іс-әрекеттермен танысу, оның бүгінгі таңда маңызды мәселе және өзекті тақырып екенін ашып көрсетіп, жеткізу. Қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтан да қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Осы жылдың 25 қазанынан бастап құрамында 5 ғылыми-техникалық қызметкері бар бөлім сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының вице-президенті, академик Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың жетекшілігімен өз қызметін бастайды. Бөлімнің осы алғашқы құрамында аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов, кіші ғылыми қызметкерлер - Р.В. Колдобская, Л.Н. Катасонова және лаборант В.А. Замаревалар болды. Институтта бөлімнің ашылуы өз тарихнамашы кадрларымызды дайындаудың игі бастамасы болды. Бөлімнің алғашқы тобында қызмет еткен аға ғылыми қызметкер В.К. Янулов КСРО ҒА Ленинградтық бөлімшесінің Ғылыми кеңесінде, аспирант Н. Әлімбаев "тарихнамаң мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғайды. Бұл қаулының қабылдануына түрткі болған басты себеп 1976-1979 жылдар аралығында жүргізілуге тиіс мемлекеттік тапсырыстағы "Қазақстанның тарихнамасы" атты Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша тарихи ойлардың дамуын зерттеудің алғаш рет қолға алынуы екендігін атап өткен жөн. Аталған тақырыптың мәдени революция кезеңдерін, оның басты мәселелерін, әсіресе халық ағарту және ғылым тарихы, зиялы қауымның қалыптасуы мен мәдени-ағарту жұмыстарының тарихын зерттейтін маңызды "Қазақстандағы мәдени революция тарихы (1917-1978)" атты бөліміне ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы Г.Ф. Дахшлейгер жетекшілік етсе, негізгі орындаушысы тарих ғылымдарының докторы Р.Б. Сүлейменов болды.
...