Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы

Автор:   •  Январь 22, 2021  •  Эссе  •  1,358 Слов (6 Страниц)  •  2,013 Просмотры

Страница 1 из 6

[pic 1]

ЭССЕ

                                                                                 

                                                                             

                                                                         

                                                                           Орындаған: Мейрбек С.

                                                                            Курс: 1 курс

                                                                            Мамандық: Жалпы медицина

                                                                            Тобы: 119  Б

                                                                            Қабылдаған: Байгубекова А.

                                   

                                                Алматы,2020

Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы.

Менің ойымша біздің қазақ деген жеке ұлт және мемлекет болуымыздың бірден бір себебі ол өзіміздің сонау заманнан бері ата-бабамыздан бізге мұра болып сақталып келе жатқан ол біріншіден біздің тарихымыз,екіншіден тіліміз,үшіншіден өзімізге тән салт-дәстүрлеріміз.Мемлекеттілігіміз Қазақ хандығынан бастау алады.Біз мемлекеттілік алғанға дейін Қазақ хандығы үстемдік есткен.Тарихпен бүгінді салыстырып қарайтын болсақ көптеген айырмашылықтарды аңғаруға болады.Себебі егер қазақ хандығы кезінде елде хан билесе,тәуелсіздік алып Қазақстан Республикасы болғаннан бастап президент басқара бастады.Және де қазақ хандығы жылдарында шешімді билер,шешендер ханмен ақылдасып шешіп отырған.Ал қазіргі таңда біздің елімізде министр,депутаттар бар. Қазіргі заман тарихы-тарих ғылымында салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыт.

Тарихнама деген термин гректің екі сөзінен құрастырылған. Тарих-өткен заман туралы, графо-жазамын. Алғашқы уақыттарда бұл термин тарих терминімен бірдей мағынада қолданылып жүрді. Ал,негізгі анықтамасы белгілі бір мәселе бойынша тарих жиынтығын талдау болып табылады. Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Осы жылдың 25 қазанынан бастап құрамында 5 ғылыми-техникалық қызметкері бар бөлім сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының вице-президенті, академик Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың жетекшілігімен өз қызметін бастайды. Бөлімнің осы алғашқы құрамында аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов, кіші ғылыми қызметкерлер - Р.В. Колдобская, Л.Н. Катасонова және лаборант В.А. Замаревалар болды. Институтта бөлімнің ашылуы өз тарихнамашы кадрларымызды дайындаудың игі бастамасы болды. Бөлімнің алғашқы тобында қызмет еткен аға ғылыми қызметкер В.К. Янулов КСРО ҒА Ленинградтық бөлімшесінің Ғылыми кеңесінде, аспирант Н. Әлімбаев "тарихнамаң мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғайды.

Бұл қаулының қабылдануына түрткі болған басты себеп 1976-1979 жылдар аралығында жүргізілуге тиіс мемлекеттік тапсырыстағы "Қазақстанның тарихнамасы" атты Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша тарихи ойлардың дамуын зерттеудің алғаш рет қолға алынуы екендігін атап өткен жөн. Аталған тақырыптың мәдени революция кезеңдерін, оның басты мәселелерін, әсіресе халық ағарту және ғылым тарихы, зиялы қауымның қалыптасуы мен мәдени-ағарту жұмыстарының тарихын зерттейтін маңызды "Қазақстандағы мәдени революция тарихы (1917-1978)" атты бөліміне ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы Г.Ф. Дахшлейгер жетекшілік етсе, негізгі орындаушысы тарих ғылымдарының докторы Р.Б. Сүлейменов болды.

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы алуан түрлі оқиғаларға аса бай болуымен ерекшеленеді және нарықтық экономикаға негізделген тәуелсіз мемлекет құруды, жаңа саяси жүйені қалыптастыруды қамтиды. Қысқа кезең ішінде елде, жаңа әкімшілік басқару нысаны дүниеге келіп, қалыптасты, жаңа әлеуметтік құрылым, қоғамдық жүйе ауысты , экономикалық реформалар жүзеге асырылды. Он бес жыл бойына экономиканың құлдырауы, 90-жылдардың алғашқы жартысы мен орта тұсындағы экономикалық дағдарыс өз мәресіне жетіп, бірте-бірте одан шығу қадамдары жасалды. XXI ғасырдың алғашқы он жылдығы нық сеніммен тиянақты және тұрақты  өсуге бастау болды. Тарихтың бұл кезеңі Қазақ халқын түбірімен өзгерткен реформаларды, әлеуметтік қайта құруларды камтиды.

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (97.3 Kb)   docx (245 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club