Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан ежелгі заманда

Автор:   •  Сентябрь 22, 2022  •  Лекция  •  6,533 Слов (27 Страниц)  •  237 Просмотры

Страница 1 из 27

1-тақырып. Кіріспе. Қазақстан ежелгі заманда

Дәрістің қысқаша мазмұны

  1. Қазақстан тарихына кіріспе. Қазақстан тарихы пәнінің маңызы және дерек көздері.Отандық тарихтың негізгі кезеңдері

Тарих – үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен әлемді тану, оның өткенін ашып көрсету болып табылады. Тарихтың көмегімен біз кеңістік пен уақыт ішінде серуен құрамыз. Өткенді ой елегінен өткізу бәріміз үшін ортақ нәрсе болып қана қоймайды, сондай-ақ әркімнің ой-өрісінде ол уақыт ағымына қарай өзгеріске ұшырайды. Тарихтың шұғыл бұрылыстарында өткен шақ жандана түседі және оны біз бүгінгі күннің күрделі мәселелерін шешудің белгілі бір кілті ретінде қабылдаймыз. Халық алдында тарихи таңдау мәселесі пайда болған кезде өткен шаққа жүгіну, тарих арқылы халықтың өзін-өзі тануы да қалыпты жағдайға айналады.

Бұл курстың мақсаты қазақ халқының және қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген басқа да ұлт өкілдерінің көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихына объективті әрі нанымды тұрғыдан жан-жақты сипаттама беру болып табылады.

Осыны негізге ала отырып, Қазақстан тарихын зерделеген кезде мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

  •  қазақ халқының жалпы түркі қауымдастығындағы, көшпелі өркениет жүйесіндегі және еуразия халықтары қауымдастығының дамуындағы рөлі мен орнын ашып көрсету;  
  • қазақ этносының дүниеге келуі мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін, оның тарихи ұзақ дәуірде орын алған шаруашылығын, тұрмысын, әлеуметтік құрылысы мен саяси жүйесін зерделеу:
  •  халық тарихының түйінді мәселелерін: этногенезін, мемлекеттілігін, көрші этникалық құрылымдармен, мемлекеттермен қарым-қатынастарын, ұлт-азаттық қозғалыстарымен отаршылдыққа қарсы соғыстарын ой-өрістен қайта өткізу;  
  • көшпенділердің рухани дүниесінің эволюцисын және олардың әлемдік өркениетке қосқан үлесін көрсету.

Соңғы жылдары Қазақстан тарихының көптеген мәселелері қайта зерттеліп, жаңа бағаға ие болып отыр.  Қазір халқымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың тағылымымен таныстырудың, әсіресе жоғары, орта оқу орындарында оқып жүрген студенттердің тарихи санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастырудың маңызы зор. Жастар – халқымыздың келешегі, заманымыздың болашағы. Бүгінгі қоғамда атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық игі істердің бәрі жастар үшін, өскелең ұрпақтың берекелі болашағы үшін істелуде.

Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бері елімізде көптеген өзгерістер болды. Қазірде Қазақстан егеменді ел болып, өзге жұртпен тең болып, ата-бабаларымыздың ертеден бергі арман-тілегі іске асып, қалыптасқан елдік дәстүрі қабылданған Ата заңы бар, дербес өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылды. Осы уақыт ішінде тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы көптеген жаңа очерктер мен кітаптар, жинақтар мен монографиялық еңбектер, оқу құралдары, ғылыми мақалалар мен тың материалдар жарық көрді. Олардың ішінде студенттерге дәріс беруде Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Ә.X. Марғұлан атындағы Археология институты ғалымдарының қазақ тілінде шығарған «Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін». Алматы, 1996, 1998, 2002; «Қазақстан тарихы. Очерктер», Алматы. «Дәуір». 2006; «Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық». Алматы, «Аруна» баспасы, 2006; Мусин Ч. «Қазақстан тарихы». Оқулық. Алматы, 2008; Артықбаев Ж.О. «Қазақстан тарихы (Оқулық-Хрестоматия)». Астана. «Фолиант», 2000; Артықбаев Ж.О. «Қазақстан тарихы (90 сұрақ және жауап)». Астана. «Алтын кітап» баспасы, 2007; Омарбеков Т. «Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері». Алматы. «Өнер» баспасы, 2003; Аяған Б. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы». Оқулық. Астана, 2013 және тағы басқа да еңбектерді атап көрсетуге болады.

Жоғарыда аталған оқулықтардың ішінде Бүркітбай Аяған мен Чапай Мусиннің  еңбектері ерекше орын алады.

 Бұл оқулықтардың тақырыптары қазақ халқы тарихының белгілі кезеңдеріне тығыз байланыстырылып алынған. Сонымен бірге Қазақстан тарихындағы көптеген маңызды оқиғаларға соңғы кезде беріліп жатқан тың бағалар мен жалтақсыз айтылып жатқан сындар, жаңадан қалыптасып жатқан көзқарастар жан-жақты ескерілген.  Мәселен, тарихшыларымыз соңғы кезге дейін патша өкіметінің отарлау саясатының, басқыншылық сипаты мен зиянды зардаптары туралы айтуға бата алмай келген еді. Тек бүгінгі жариялық жағдайда ол туралы ақиқатты ашық айтуға мүмкіндік туып отыр. Мәселен, Кенесары Қасымұлы бастаған XIX ғасырдың 30-40-шы жылдарындагы қазақ даласындағы қозғалысты алайық. Ол соңғы кезге дейін хандық билікті калпына келтіруге бағытталған ақсүйектердің мүддесі үшін жүргізілген күрес деп бағаланып, оның азаттық, халықтық сипатын айтуға батылы жеткен Е. Бекмаханов сияқты тарихшыларымыз қудаланған болатын.

...

Скачать:   txt (89.6 Kb)   pdf (275 Kb)   docx (739.3 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club