Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі тайпалар сак үйсiн ғұн каналы омiр сүрү кезенi ерте темiр
Автор: Nazym_Begaly04 • Сентябрь 23, 2021 • Доклад • 367 Слов (2 Страниц) • 533 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫН МЕКЕНДЕГЕН ЕЖЕЛГІ ТАЙПАЛАР САҚ ҮЙСІН ҒҰН ҚАҢЫЛЫ ОМІР СҮРУ КЕЗЕҢІ ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНЕ ЖАТАДЫ .
Сақтар б.з.б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар.Сақтар о дүниеде өмірдің жалғасы бар деп ұққан. Сондықтан да олар өлген адамды жерлеген кезде, онымен бірге тірі кезіндегі қызметші-күтушілері, ат, қару-жарақ, азық-түлік -бәрі қажет болады деп есептеп бірге көметін болған. Ер адам болса қару-жарақтары, әйел болсак әшекей бұйымдарын бірге көмген.Сақтардың мәдениеті мен өнері — Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.
Ғұндар киіз үйлерде тұрған. Жүннен жасалған текемет, кілемдерді төсеніш еткен. Ағаштан төсек және үй тұрмысына керекті заттар жасаған.Олар өздері қолдан жасаған заттарды қадірлеген. Ат әбзелдерін өрнектеп, дөңгелек темірлермен әшекейлеген. Алтыннан, күмістен әшекей бұйымдар жасаған. Сүт, қымыз, айран, қаймақ құятын ыдыстарды қыштан, ағаштан жасаған. Мал терісінен сыртқы киімдер, бас киімдер жасаған. Үй ішіне орнатылған ошақ тастан жасалып, оның үстіне қазан асылған. Ғұндар ошақты қатты қадірлеген.Аспанға, жерге, ата-баба аруағына, тәңірге арнап құрбандық шалған. Ауқатты адамдардың зираттарынан алтын-сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасаған белдіктер, қымбат бағалы қытай маталары кездеседі.
Үйсіндер о дүниеде тіршілік жалғасады деп түсінген, жаратушы кңүшке сенген, сол жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Үйсіндердің салт-дәстүрлері туралы ғылыми деректер жоқтың қасы. Үйсіндер түркі тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту қиын. Түркі тілінің түп тегі қайдан және қай мың жылдардан басталатыны – ғылымда басы ашылмаған мәселе.
Мал шаруашылығымен және егін салумен қатар үйсіндерде үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе керамика ыдыстар жасау кең өріс алған. Құмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында темір, мыс және асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызы орын алды. Зергерлік бұйымдары- алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап жасалған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі де дамыған.
...