Қазақстанда шаруалар қозғалысы
Автор: Gulimay Zhalgas • Октябрь 14, 2021 • Практическая работа • 405 Слов (2 Страниц) • 361 Просмотры
5. 1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді. Заң бойынша малы, дүние—мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда400—ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 300—ден астам малыбар, отырықшы аудандарда 150—ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды. Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін комиссиялар құрылды. Уәкілдер бастаған комиссия мүшелері тәркілеу барысында кеңес үкіметінің нұсқауларын, яғни байларды тәркілеу туралы ережені өрескел бұрмалады. Алдын—ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт ақталмады, барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді: бұл белгіленген жоспардың 64%—і ғана. Оның себебі алдын—ала жасалынған малдың есебі дұрыс емес еді. Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды [4, 7 б.] Көптеген қазақ партия—кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты. Олар қазақ қоғамынның экономикалық деңгейінің төмен екенін, сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай, ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды. Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды. Байларды тәркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан да, рухани жағынан да ештеңе ұтқан жоқ. Керісінше, байлардың малын тәркілеу «қайыршыланған» ауылдар халқының өсуіне әкелді. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тәркілеу мал шаруашылығының даму қарқынын тежеді.
...