Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы 1929-1930 жж. Алаш орда интеллегенциясына қарсы саяси репрессиялар

Автор:   •  Сентябрь 16, 2018  •  Курсовая работа  •  3,051 Слов (13 Страниц)  •  2,152 Просмотры

Страница 1 из 13

                          Комерциялық емес ашық акционерлік қоғам

     АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

                       

                          Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасы

                               № 2 С Е М Е С Т Р Л І К    Ж Ұ М Ы С

                            Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

   

 Тақырып:  Қазақстандағы 1929-1930 жж. Алаш орда интеллегенциясына қарсы саяси репрессиялар

 Мамандығы: Автоматтандыру және басқару

 Орындаған: Мелісов Р.Ш                                                Тобы: АУк-17-1

 Тексерген: аға оқытушы Жұмағұлов М.Д

___________           ___________            << ______>>  _____________   2017 ж.

                                            Алматы,  2017

                                 Жоспары

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  1.  1.Елдегі жаппай саяси қудалаудың бастау көздері

 

 2.Қазақ зиялыларының қудалануы

 

 3.1930 жылдардың  аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің 

     күшеюі

III.Қорытынды

                                              Кіріспе

Интеллигенция деп ой еңбегінің рухани болмысын меңгерген адамдарды айта отырып, олар қоғамдық өмірдің барлық салаларында қызмет етіп, олардың дамуын жетілдіріп, жеделдететін қозғаушы күш екені белгілі. Сонымен бірге интеллигенция қоғамның әлеуметтік — таптық құрамының бөлігі ретінде бір тұтас, ішкі бөліктермен тұтасып жатқан күрделі әлеуметтік топ. Интеллигенцияның топ ретінде қалыптасуының өзіне тән екі белгісі бар: мамандықты еңбек әдісі ретінде (еңбектің мазмұны бойынша) ой еңбегінің бір түріне жатқызылуына және топтық әлеуметтік қызметінің мәніне байланысты еді. Сондықтан кеңестендіру жылдарының зерттеу аралығындағы қазақ интеллигенциясының тарихын демографиялық жағынан қарастырудың негізінде, саяси қудалаулар мен репрессиялық зобалаңдарға ұшырату арқылы жазалау іс әрекеттерінің әкелген зардаптары, олардың саны мен құрамындағы өзгерістерді зерттеп білу, қоғам өмірін танып білудің алғы шартына жатады. Демек, 1920 — 1950 жылдардың аралығындағы қазақ интеллигенциясы жөніндегі демографиялық зерттеулер бүгінде тың деректер ұсынып, сол кездегі қоғамдық, әлеуметтік дамудың сырын жете білуге жол ашуда.

                                             Негізгі бөлім

Қазақ интеллигенциясының саны мен құрамы зерттеу аралығының 1920 жылдары негізінен пролетариат топтарының өкілдерінен құралып, кеңес үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі басшылары маман қызметкерлердің тапшылығынан қазақ жұмысшылар мен шаруалардың арасынан алғыр, еңбекке тәжірибелі адамдарды басшылық қызметтерге тағайындаған еді. Бұл тәсіл, әсіресе, 1930 жылдардың ортасында кең етек алып, жүйеленудің үстінде болды. Сол жылдары орыстандыру саясатының елімізде жүргізілгені мәлім, соның салдарынан басшылық аппараттармен қызметтерге негізінен орыс ұлтының адамдары тағайындалып, мамандықтардың әр түрлі салаларында қызметтер атқарғаны белгілі. Бірақ, бұлардың арасында сауатты, білімі бар қазақтарда болып, олардың қатары бірлі жарым, саусақпен санарлықтай ғана болған екен. Енді, міне 1940–1950 жылдары республикамызда орта немесе жоғары оқу орындарының көптеп ашылуларына байланысты, олардан білім алып, маман ретінде қалыптасқан қазақ интеллигенцияның саны көбейіп келе жатса, ал олардың құрамында қазақтың білімді маман ерлері мен әйелдерінің саны өсіп келе жатқаны байқалады 1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша Қазақстандағы интеллигенцияларының саны 13825 адам болып, олар республика халқының 0,2 пайызын құраған еді. Оның құрамында ерлері көбірек 10143, яғни 73,4 пайыз болса, ал әйелдері азырақ 3682, демек 26,6 пайыз болған екен. Әрине, интеллигенцияның сапалық көрсеткішінің маңыздысы — олардың қатарындағы жоғары білімі барлардың санының өсуі. Демек, 1920–1930 жылдардағы мамандардың білімі негізінен орта білімділер болып, Сонымен 1926 және 1932 жылдар аралығында республикадағы интеллигенциялардың қатары 55,9 есе, яғни 8,1 пунктке артқан. Соның ішінде олардың сандық көрсеткіштері 1926–1939 жылдары 25,6 есе, демек 5,6 пунктке өссе, ал 1939–1959 жылдары 2,2 есе, яғни 2,5 пункт-деңгейіндегі артушылық байқалады. Қазақстан интеллигенцияларының арасындағы 1926 жылы қазақ интеллигенциясының саны 1693 болып, яғни 12,2 пайызды құраса, ал орыстар қатары 9060 адамды құрап, демек 65,5 пайыз болса, яғни қазақтардың көрсеткіштеріне қарағанда орыстардың қатары 53,3 пайызға, демек 7367 адамға басымдау болған еді. Ал 1932 жылығы қазақтар арасындағы интеллигенциясының саны 93518 адамды құрап, яғни 26,4 пайыз болған, оның қатарындағы ерлері 85441 болып, яғни 91,4 пайызға көбірек болса, әйелдері 8077 болып, демек 8,6 пайызға азырақ екен, ал орыстар қатары 182734 адам болып, яғни 51,5 пайызды құраса, оның арасындағы ерлері 113345 болып, яғни 62,0 пайызға басымырақ болса, әйелдері 69389 болып, демек 38,0 пайызға төменірек еді. Дегенмен қазақтардың санымен салыстырғанда орыстардың қатары 25,1 пайыз, яғни 89216 адамға көбірек болған екен. Осы аралықта қазақ интеллигенцияларының саны орыстардың санынан 2,9 есе, демек 285642 адамға, және 1,4 пунктке аз болған. Соның ішінде 1926–1932  жылдары аралығында қазақ интеллигенцияларының қатары 55,2 есе, яғни 91825 адамға немесе 14,2 пунктке көбейсе, орыстар саны 20,2 есе, демек 173674 адамға артып, пайыздық көрсеткіші керісінше 14 пунктке кеміді. Енді қазақ халқының өзінің ішінде 1926 жылы қазақ интеллигенциясының саны 0,05 пайызды құраса, 1939 және 1959 жылдары олардың қатары 4,0 пайыздан 5,3 пайызға, демек 1,3 пунктке өскен екен. Зерттеу аралығының жылдарында, дәл атап айтқанда: мәдени, ағарту қызметкерлері 1,5 есе, әдебиет пен өнер қызметкерлері 1,8 есе, зоотехник, мал дәрігерлер мен агрономдар 3,2 есе, барлық медицина қызметкерлері 3,5 есе, байланыс қызметкерлері 3,9 есе, инженерлер мен техниктер 4,9 есе, дәрігерлер 6,5 есе, ғылыми қызметкерлер 6,9 есе өскен еді. Демек, осындай демографиялық жағынан қарастыру сипатынан алып қарағандағы, және дерек мәліметтерінің сандық немесе пайыздық үлестерінің көрсеткіштері қазақ интеллигенциясының саны мен құрамында оң өзгерістердің бар екендігін байқатады. Сонымен бірге 1926 немесе 1932 жылдар аралығында республикамызда жүргізілген кеңестендіру саясатының нәтижесі XX ғасырдың басында қалыптасып келе жатқан қазақ интеллигенциясына қарсы ұйымдастырылған, халқының бетіндегі қаймағы мен бас көтерер азаматтарын атқарған қызметтерін сылтаурату мен өтірік жала жабу негізінде жеке өмірлеріне қауіп төндіріп, саяси репрессияларға ұшырату арқылы, жер аудару, түрмеге қамау және асу немесе ату жазаларына кесілді. Енді сол саяси қуғындылар мен репрессияларға ұшыратылған қазақ интеллигенциясы құрамындағы азаматтарының тағдыры мен тағлымындағы демографиялық мәселелеріне тоқталамыз. М. Голощекин 1925 жылдың қыркүйегіндегі республикаға өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келгеннен кейін, ақ, істі қазақтың интеллигенция оқығандарымен күресуден бастады.

...

Скачать:   txt (38.7 Kb)   pdf (160.3 Kb)   docx (757.6 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club