ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары
Автор: Bota08 • Октябрь 25, 2021 • Практическая работа • 2,511 Слов (11 Страниц) • 1,305 Просмотры
[pic 1] | «Астана медицина университеті» АҚ | ДК – 8.2 |
Қазақстан тарихы және философия кафедрасы | ||
беттің беті |
ДӘРІС КЕШЕНІ
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша
Жалпы медицина мамандығына арналған
Дәрістер 5 (сағат саны)
Курс: 1
Семестр: 1
Астана, 2021.
1.Тақырыбы: №3. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары.
2.Мақсаты: Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру экономиканы экстенцифтендіру бағытының жалғасы. «Тыңның» экономикалық экологиялық және әлеуметтік салдарын қарастыру. Әмірлік-әкімшілік жүйенің кемшіліктерінің көбеюі. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының экстенсивті сипаты. «Дамусыз өсу» - экономиканың басты сипаты және жүйелі дағдарыстың өршуін қарастыру.
3. Дәріс тезистері:
1. Қазақстан 1953-1964 жылдардағы қоғамдық - саяси және мәдени өмір
2.Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар.
1950 - 1953 жылдардың басында елде әміршіл - әкімшілдік жүйе өзінің шарықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығынан айыру, оларды өндіріс құралдарынан және мемлекет билігіне ықпал жасау мүмкіншілігінен алшақтату әміршіл-әкімшілдік жүйеге тән құбылыс. Осыған сай соғыстан кейінгі жылдарда Сталиннің' жеке басына табыну бел алды. Бұл құбылыстар Қазақстанның да қоғамдық саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Әр түрлі науқандардың көлеңкесінде заңдылық өрескел бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Партия ұйымдарының басшылық ролі арттырылып, олар қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, жоғарыдан араласуы заңды құбылыс ретінде қабылданды. Қоғамдық ғылымдар толығынан партия комитеттерінің қатаң бақылауында болды.
Соғыстан кейінгі жылдарда қоғамдық ғылымдардың дамуына әсіресе Коммунистік партияның Орталық Комитетінің 1946 ж. 14 тамызда "Звезда" жене "Ленинград" журналдары жөніндегі қаулысы теріс әсер етті. Ол қаулы өзгеше ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын осы қаулының ағымына сай Ленинград пен Мәскеуде "Ленинградтық", "Дәрігерлердің ісі" қолдан жасалынып жатқан тұста, республикада "Бекмахановтың ісін" ұйымдастырды. Тарихшы Е. Бекмаханов соғыс жылдары көрнекті тарихшылар А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, М.П.Вяткин, Н.М. Дружининмен бірлесіп "Қазақ ССР тарихын" жазған болатын. Біреулер оны Қазақстан тарихын жасаудағы сәтті қадам деп қабылдаса, екінші біреулері "Ресейге қарсы ұлттық көтерілісті дәріптейтін кітап" деп сынға алды.
Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген "XIX ғ.20-40 жж. Қазақстан" атты монографиясы да 1950 ж. "Правда" газетінің "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін" деген мақаласында феодалдық ақсүйектерді дәріптегені және орыстардың жасампаз рөліне жеткіліксіз назар аударғаны үшін айыпталды. "Правда" газетінің мақаласы Е. Бекмахановқа саяси айып тағылып, қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. 1951ж. 10 сәуірде және маусымда Қазақстан Коммунистік партиясының ОК Е. Бекмахановтың буржуазияшыл -ұлтшылдық көзқарасын айыптап, түзетудің шараларын белгіледі. Осы шараларды іске асыру барысында Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, Тарих институтының директоры Е. Бекмаханов барлық атақтарынан айрылып, 1952 жылдың желтоқсанында Қазақ ССР Жоғарғы сотының шешімімен 25 жылға сотталды. Е.Бекмаханов тек И.В.Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана ақталып, елге қайтып оралды.
...