Тұрар Рысқұлов
Автор: zhuzi22 • Сентябрь 24, 2021 • Лекция • 486 Слов (2 Страниц) • 331 Просмотры
Ұлт қамын ойлаған қазақ зиялылары мен жекелеген аймақтардың көрсетілген көмектері арқасында бұл күндер де артта қалды. Мұндай қиын-қыстау заманда өз халқы мен бауырларына жәрдем көрсетуді өздерінің азаматтық борыштары деп білген зиялыларымыздың бұл әрекеттері өміршең мүддеге қызмет еткендігінің тағы бір көрінісі болып табылады.Аштықпен күресу ісіне тікелей араласқандардың бірі, мемлекет қайраткері – Тұрар Рысқұлов. Қазақстанда аштық басталған тұста Тұрар Рысқұлов РКСФР Халық Комиссариатының Ұлт істер жөнінде орынбасарлық қызметін атқарып жүрген еді. Қазақ жерін аштық жайлаған кезде ол аштыққа қарсы күресудің бірнеше талаптарын ұсынды және олардың орындалу барысын қадағалады. Ол аштықтың зардабы мен оған қарсы елде жүргізіліп жатқан түрлі іс-шаралар барысы жөнінде өзінің “Қазақстан” деген кітабында айқын жазды. Сонымен бірге “Новый Восток” атты мақаласында көшпелі облыстар ұшырағандығын, ашыққандар азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, Орталық Ресей мен Түркістан өлкесіне және көршілес аймақтарға 80000 адам мен 35000 балалар қоныстандырылғанын, сондай-ақ, Американдық Әкімшілік Көмегінің ашыққандарға көмек көрсетіп жатқандығын жазады .Қазақстандағы аштықпен күресте ұлт зиялылары Тұрар Рұсқұловтан бастап, Мәннан Тұрғанбаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шаймерден Тоқжігітов, Уәлитхан Танашев және тағы басқалар баспасөз беттеріне ойларын ашық жазған. Олардың аштық жайлап жатқан кезде халықтың салық төлеуін қисынсыз, азық-түлікті тұрғындарға бөлуде әділетсіздік орын алып отырғандығын ашық жазып, ұсыныстар білдірді. Мәселен, У. Танашев салық салуда егін шықпай қалған аудандарды ескеру қажеттігін көтерді.
М. Тұрғанбаев та газетке жариялаған «Аштарға жәрдем бер» деген мақаласында аштықтың алдын алуда келесі жылға дайындықты күшейтіп, егін салу, пішенді жөндеу жұмысына қамды алдын-ала жасау қажеттігіне үндеген.
Жазушы Тұрсын Жұртбайдың
...