Пвл Ақылбек Смагұлов
Автор: Айнур Налібаева • Февраль 16, 2022 • Эссе • 414 Слов (2 Страниц) • 315 Просмотры
Орындаған: 2 курс, медицина мектебі,
2010 топ студенті. Налібаева Айнур
Тексерген: Шайкина С.Н
Эссе
Пвл Ақылбек Смагұлов
Бүгінгі біздің қарастырған пациентіміз 80 жастағы қарт ер адам Смағұлов туралы болды. Пациент алғашында ауруханаға арқа тұсының кейін алдында құрсақ бөлімінің ауруына шағымданып келеді. Бұл пациент өмір бойы темекі шеккен, сонымен қатар ішінара ішімдік ішетіндігі жазылған болатын. Пациент жағдайы күрт нашарлап кетеді, ол бұрын микроинсульт алғандығын білдік. Пациенттің жағдайы одан ары нашарлап, кейіннен қолқаның құрсақ бөлімінды қабаттап жыртылу мүмкін деген диагноз қойылып, операция жасаудан басқа амал болмады. Үйткені дәрігерлер КТ яғни компьютерлік томография нәтижесіне қарап Ақылбек Смагуловта бүйрек артериясы тұсында қолқа аневризмасы бар екендігін көреді.
Екінші пвл сабағында ота жасалып, бүйрек артериясынан төменгі тұста қолқа аневризмасы бар екендігін және ішінде тромбтар пайда болғандығын айтып өтті, ал мықын артериялары тұсында аневризма жоқ. Ота кезінде тромбтар алынып, орнына дакронды протез қойылды. Әрине ота өте ауыр болғанымен сәтті аяқталды.
Ол жағдай отбасы мүшелеріне айтылып жағдайы жақсара түсті. Артерияға яғни тікелей қан тасымалдау жолына операция жасалынғандықтан пациент көп қан жоғалтты. Оның ағзасындағы сұйықтық мөлшерін қалпына келтіру үшін, аққан қанын сорып алып оған эритроцит пен тромбоциттің сәйкес мөлшерін және жаңатоңазытылған плазма мен криопреципитат енгіздік. Операция бітіп, Смагуловті қарқынды терапия бөліміне ауыстырдық. Алайда одан кейінгі жағдайларда оның артериялық қан қысымы төмендеп, орталық веналық қысымның көбейгендігін және солай жалғаса бергендігін көрдік. Әрине оған бірнеше себептер бар операция кезінде қолқа артериясын аневризмадан жоғарғы бөлігін байлағанда тамырлар тонусына әсер етуі мүмкін, ота кезінде жүрекке қан жетпеуі мүмкін, сол себептен жүрек жұмысы нашарлайды. Кейін ЭКГ ге түсіріп оны бақылағанда, Ақылбектің операциядан кейінгі миокард инфарктісін алғанын көрдік. Және оның жағдай нашарлап кетеді , сондықтан оған диагностикалық ангиография жасайды. Кейін қан қысымын қалпына келтіру үшін ангиопластикалық шар жасады. Жүрегіне стент қоймады себебі пациент антиагренатты дәрілерді қолдана алмайтын. Жағдайы сол қалпында қалғандықтан Смагуловқа добутамин инфузиясын жасайды. Және ол дұрыс шешім болған екен. Өйткені оның қысымы көтеріліп, аяқ қолы жылиды. Және зәр мөлшері де жақсарады. Яғни қан айналуы бұрынғы қалпына келе бастайды.
...