Түркіменбашы қаласы
Автор: Kemal123 • Апрель 20, 2018 • Реферат • 1,645 Слов (7 Страниц) • 555 Просмотры
Түркіменбашы қаласы Түркіменстан мемлекетінің ең тарихы мол қалаларының бірі. Бұл қаланың тарихы түркімен-ресей қарым-қатынасымен тығыз байланысты.
Түркіменбашы қаласы Каспий теңізінің шығысы, Қызыл-Су шығанағының солтүстік батыс бөлігінде, Муровьев бухтасының маңында, Ашхабад қаласының солтүстік-батыс беткей бөлігіндегі шамамен 520 шақырым жерде орналасқан. Бұл қаланың жан-жағын Куба-Даг таулары қоршап жатыр. Негізгі белдеуі субтропикте орналасқандықтан қысы жылы, ал жазда болса өте ыстық, әрі құрғақ болып келеді. Жылдық жауын шашын мөлшері 120 мм ден аспайды. Ал, желдің соғуының орташа жылдамдығы секундына 3,8 метр.
Қала негізінен екі әкімшілік аумаққа бөлінеді. Біріншісі туристикалық бағытты дамытуға ыңғайланған 9660 гектар аумақты қамтып жатқан «Аваза этрабы» болса, екіншісі 7262 гектарды құрап жатқан қаланың негізгі тұрғындар тұрып жатқан «Кенар этрабы».
Красноводск сөзінің шығуы қазіргі кезеңде көптеген нұсқалары бар, дәлірек айтсақ шиеленіс туғызады. Бұл атаудың шығуы біреулер таулардың қызыл түсіне байланысты десе, ал кейбіреулері Каспий теңізімен ұласып жатқан қызыл балдырлардың түс беруі арқасында Қызыл-Су атанған шығанақтың атауынан пайда болды деседі. Әрине, бізге ең жақын келетіні екінші нұсқа.
Красноводск қаласының салынуы ресей үкіметінің Түркістан аймағына өзінің стратегиялық әскери-саяси және экономикалық позициясын нығайтуға бағытталған шараларының бірі. Осы қала арқылы өзінің агрессивті саясатын жүргізіп, сол маңды отарлау ғана емес, Орта Азия хандықтарымен сауда байланысын жасау, һәм дипломатиялық байланыс орнату еді. Осы міндеттерді орындау үшін ең алғашқы орыс әскери-ғылыми экспедициясы шығыс Каспий теңізін зерттеу мақсатында XVIII ғасырдың бірінші ширегінде, яғни 1715-1717 ж.ж кезеңінде ұйымдастырылады. Бұл экспедицияны бізге тарихтан белгілі Черкасов басқарады. Экспедицияға үш мыңнан астам адам, алты мың жылқы, яки көптеген түйелер тартылады.
Черкасов Хиуа хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнату мақсатында Шерғазы ханға елшілік жібереді. Шерғазы хан бұны қорлық санап, қалың қолымен Черкасов гарнизоны бекінген әскери бекініске шабуыл жасайды. Бірақта Еуропалық үлгіде құрылған орыс әскерінің тегеуріне шыдамай кері шегінеді. Ашық майданда жеңе алмайтынын түсінген Шерғазы хан қулыққа көшеді. Ол өзінің ісіне өкінгендей кейіп танытып Черкасовты және оның әскери отрядтарын өз шаһарына шақыртады. Ештеңеден күдіктенбеген олар алданғанын білген жоқ. Шерғазы хан оларды бес бөлікке бөліп тайлы-тұяғымен қырып салады. Ал, Черкасовты болса қара бұқараның алдында басын алады. Осылайша, Орта Азияны зерттеу мақсатында құрылған ең ірі экспедицияның дәурені аяқталады.
Красноводск қаласы жылдан-жылға дамығанның үстіне дами түседі. Оған дәлел 1874 жылы «Временным положением об управлении Закаспийским военным отделом» жарлығы бойынша Красноводскқа қала дәрежесі беріледі. Ал, 1875 жылдан бастап қалаға көптеген әскери-әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үй жайлары салынады. Сондай-ақ қала экономикасының тірегіне айналған тауарлар тиейтін ағаштан жасалған пристаньдар жасалынады.
Ресейдің Орта Азиямен сауда сатығын еселеп арттыру мақсатында қаланың инфрақұрылымын арттыруға кіріседі. Бұның алғашқы көрінісі ретінде 1894-1896 ж.ж салынған темір жол магистралі. Құрылыс қала экономикасына, һәм түркімен жеріне ерекше серпін берді. Бұл жол тек қана жақын маңдағы өлкелермен ғана емес, қиырда жатқан Орталық Ресеймен де байланыстырып отырды. Қала қарқынды өсе бастады. 1895 жылдың өзінде он бестен астам үй, мақта, керосин, мұнай сақтайтын қоймалар салынды.
Қала экономикасымен жарыса халық саны да жылдам өсе бастады. Егер 1901 жылы қала халқы 6375 адам болса, 1909 жылы бұл көрсеткіш артып, 7722 адамға жуықтайды. Ал, ұлттық құрамына келсек ең басым ұлт орыстар, қалған бөлігін парсылар, армяндар, поляктар құрады. Түркімендер болса өз қаласында азшылыққа ұшырап, бар болғаны елу бір адамды құрады.
1910 жылдары білім беру қарқын ала бастайды. Мысалы, осы кезеңде қалаға екі екі жылдық мектеп пен екі екі жылдық теміржолшыларды дайындайтын ущилищелер ашыла бастайды. Одан бөлек, ерлер прогимназиясы, армян балаларына арналған приходтық шіркеу т.б
...