Отчет по практике на Кентау қаласы Трансформатор
Автор: aikaaa • Апрель 8, 2019 • Отчет по практике • 6,297 Слов (26 Страниц) • 964 Просмотры
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Кентау қалалық трансформатор зауытының тарихы, басқару құрылымы, негізгі міндеттері, құқықтары, функцияларымен танысу
- Капиталды есепке алу тәртібі
- Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебін ұйымдастыру
- Дебиторлық берешекті есепке алу тәртібі
- Негізгі құралдар мен материялдық емес активтерді есепке алуды ұйымдастыру
- Еңбекақы және оның төлемінің есебі
- Қаржылық есептеме
- Кірістер мен шығыстарды есепке алу
- Қорларды есепке алу тәртібі
- Міндеттемелерді есепке алу тәртібі
Кіріспе
Мен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің 5В050800-Есеп және аудит мамандығының 4-курс студенті Айнур Баделхан өрдірістік іс – тәжірибиені 21.01.2019 – 30.03.2019 аралығында Кентау қаласы Трансформатор зауытында өрдірістік іс-тәжірбиеден өттім.
Өндірістік іс-тәжірбиеден өту барысында осы зауыттың іс қағаздарын, оның ішіндегі осы ұйымның басқару құрлымымен оның негізгі қызметтерімен жалпылай таныстым.
Іс тәжірбиемнің мақсаты-оқу барысында теориялық білімді бекіту қажетті іс тәжірбиелік дағды мен іскерліктерге , ұйымдардағы кәсіби тапсырмаларды өз бетімше орындай алу қабілетіне ие болу болып табылады.
Кентау қаласы Трансформатор зауытында өндірістік іс тәжірибиемнің алғашқы күні мен зауыттың бөлімдерін аралап көрдім, бөлім қызметкерлерімен және бөлімнің жалпы ережелері және қызметтерімен таныстым. Ал, екінші күннен бастап жетекшімнің берген тапсырмаларын орындауды бастадым.
Іс тәжірбиеден өту барысында мынадай тапсырмаларды орындадым;
- Excel программасымен жұмыс жасадым
- Зауыттың негізгі құралдарымен таныстым.
3.1с, ворд программалары мен жұмыс жасадым
Сондай-ақ осы мақсатта жүзеге асыру үшін өндірістік іс тәжірбие барысында мынадай негізгі құжаттармен ондағы мәліметтермен таныстым.
- Бухгалтерлік баланс
- ҚР-ның салық жүйесі
- ҚР еңбек ақы төлеу формасы мен таныстым
- Өндіріс орындағы негізгі құралдар есебімен таныстым
- Өндіріс орындағы кіріс және шығыстар есебімен таныстым
“Кентау Трансформатор зауыты” АҚ ішкі сапа ережесі <<КТЗ>> АҚ-ның ішкі саясаты
«Кентау трансформатор зауыты», («Кентау трансформатор зауыты» AAҚ) – республика бойынша трансформатор жасайтын бірден бір зауыт. Іргесі 1959 жылы қаланған. Зауыт негізінен электрмеханикалық жабдықтар жасайды. Теміржол автоблокировкасын, ОМ 1,25/6 – 10 және ОМ 0,63/6 – 10 электрленген орталыққа қуат беретін трансформаторлар, жиынтық трансформатор бекеттерін, НТМИ-10 типті өлшеуіш трансформаторларын, ОМП 4/6 – 10, ОМП 10/6 – 10 газ желісін катодтық қорғау құрылысына қуат беретін трансформаторлар, мұнай-газ желісін қорғауға арналған тиристорлы өзгерткіштер, қалалардағы электр кабельдерін қорғайтын қуаты 10 кВт, доғалы реакторлар және бір фазалық құрғақ өлшеуіш трансформаторлар шығарады.
Сенім
Біздің саясатымыздың негізгі тірегі СЕНІМ. Ол дегеніміз-холдингтік компанияның барлық еңбек ұжымы мүшелерінің,кәсіпорындар мен тапсырыс берушілер арасындағы қарым-қатынас.
Сапа
Шығарылған бұйымның жоғары сапасы – біздің басты мақсатымыз, кәсіпорын жұмысының нәтижесі. Кәсіпорын ақауларының дер кезінде алдын-алып анықтап, кәсіпорын ішінде орын алған болса негізгі шаралар қолданылады, ал жеткізушілерден жіберілген қателік болса, онда оны сол жерде қалпына келтіріп отыруы қажет. Бұйым сапасына жұмыс ерекшелігіне және командалық принціпті ескере отырып, әрбір жұмысшы жауапты болады.
...