Тас, кола және темiр дәуiрiндегi батыс Казакстан
Автор: aesenalin91 • Март 17, 2019 • Лекция • 1,097 Слов (5 Страниц) • 758 Просмотры
Батыс Қазақстан тарихы. Екі томдық. І том. –Ақтөбе: «ПринтА». 2006. -436 бет.
ТАС, ҚОЛА ЖӘНЕ ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
Алғы сөз
Батыс Қазақстан Еуразияның географиялық картасында маңызды табиғи-географиялық орынды иеленеді. Табиғи-экологиялық ортасының аймақтылығымен көрінетін, солтүстігінде далалық аумағымен, ортасында жартылай құрғақ шөлімен және оңтүстігінде Сам, Үлкен және Кіші Борсық сияқты құмды массивтерімен, Үстірт тастақ шөлді жазығымен танылатын зерттелетін тарихи-мәдени ауданның өзіндік ерекшелігі арал-каспий аймағына адамның ерте заманнан қоныстануына жағдай туғызды. Бұл аумақ солтүстігінде Орал тауларының жоталарымен, батысында Волга және Каспий теңізімен, шығысында Сарыарқа тауларымен, оңтүстігінде Арал теңізімен шектелген меридиандық тұрғыдан алғанда Оңтүстік Орал тау жүйесінің жалғасы – Мұғалжармен бөлініп жатыр. Жоғарыда аталған факторларға орай, зерттеліп отырған аймақ мыңдаған жылдар бойына бойлық және ендік бағыттар бойынша өтіп жатқан көптеген тайпалар мен халықтардың көші-қон маршруттарының қиылысында болды; Еуразияның ертедегі тарихында көрнекті орын алған көптеген айшықты және төлтума мәдениеттердің шоғырланған және қалыптасқан орны болып шықты.
Археологтар тас дәуіріне жатқызатын Батыс Қазақстан тарихының ертедегі кезеңін зерттеудің ерекшелігі, қандай да бір халықтың немесе өлкенің тарихы жөнінде еңбек жазғанкезде пайдаланылғатын жазба хабарлардың жоқтығына саяды. Бұдан кейінгі кезеңдерді – қола және ерте темір ғасырын зерттеу үшін ертедегі діни ережелер жиынтығы «Ригведа» мен «Авестаның» тарихи деректері, ал кейінгі өкінішке орай, үзік-үзік және толық еместігімен ерекшеленетін таяу шығыстық, қытайлық және антикалық авторлардың мәліметі бойынша айрықша мәнге йе. Сондықтан, осындай зерттеулерді жүргізген кезде дерек көздерінің негізгі қоры археологиялық қазбалардың мәліметтері болып табылады. Мұндай темір дәуір қазбаларының ерекшелігі қазбаларды жүргізгеннен кейін зерттеушінің үстеліне тап болған материалдардың «үнсіз» қалуында.Бірақ, археологтардың мәліметтерінен бас тартудан тарихтың тасасында ондаған, жүздеген мың жылдарға созылған үлкен бөлігі қалады, екінші жағынан археологиядағы теориялық зерттеулердің әдістері аталған дереккөздерді талдаудың негізінде ертедегі тарихи-мәдени процестердің даму сипаты жөнінде түйіндер жасауға мүмкіндік береді.
Арал-каспий аймағынды археологиялық зерттеулердің тарихи революцияға дейінгі кезеңнен басталады. Орынбор мен оған оңтүстіктен шектесіп жатқан Батыс Қазақстан даласының археологиялық ескерткіштерінің бірінші тізбесін П.И.Рычков 1762 жылы жасады [189]. ХІХ ғасырдың екінші жартысында реформа кезеңіндегі экономикалық өсуге байланысты аймақтағы археологиялық зерттеулер белсенді жүргізіле бастады. Орынборлық өлкетанушылар А.А.Аниховский [11], И.А.Кастанье [100-101], П.Д.Нефедов [162], А.В.Попова комиссиясының (ОУАК) атынан жүргізілген барлау және қазба жұмыстары өлкенің ертедегі тарихын зерттеудің бастауы болып табылады. ОУАК мүшесі И.А.Кастанье 1910 жылы ертедегі Орынбор өлкесінің мәліметтер жиынтығын басып шығарды, оған зерттеліп отырған аймақтың археологиялық обьектілерінің басым бөлігі енгізілді.
Қазаннан кейінгі кезеңде батыс қазақстан даласында зерттеулер одан әрі жүргізіліп, дереккөздерін жинақтау процесі жалғасын тапты. Осылайша, 1926 жылы М.П.Грязнов Оралдың оңтүстік жылғаларының бойында орналасқан Эбет, Қиялы-Бөрте, Кіргелді, Әлімбет, Теректі және басқаларында ертедегі қорғандарды барлау жүргізіліп, оның барысында қола, ерте және орта ғасырлық көшпенділер дәуіріне жатқызылатын Оралсай, Құмсай қорғандары қазылды. Б.Н.Граков 1930 және 1932-33 жылдары Ор және Сүйіндік өзендері бассейндеріндегі обаларды барлау мен қазу жүргізілді, ол Ордың орта ағысындағы Матвеевский поселкесіндегі бірқатар обаларды қазып алды.
...