Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарих пәніндегі кейс стади әдісінің маңыздылығы

Автор:   •  Февраль 25, 2023  •  Реферат  •  533 Слов (3 Страниц)  •  338 Просмотры

Страница 1 из 3

Сергей Самал Нұрымханқызы

Мамандық: 7M01601 – Тарих

Мақала: Тарих пәніндегі кейс стади әдісінің маңыздылығы

СТИЛЬ Chicago


Тарих пәніндегі кейс стади әдісінің маңыздылығы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Тарихты оқыту не үшін маңызды? Бұл пәннің қандай да бір қоғамның дамуына қосатын үлесі бар ма? Тарихты оқыту маңызды болса, оны қандай әдіспен ұсыну тиімді болар еді?

Аталмыш мәселелердің тарихи педагогика ғылымында алатын орны ерекше. Тарихты оқыту мен меңгеру қоғамның бірқалыпты дамуына, мемлекеттік және ұлттық идентификация қалыптастыруында, саяси мәселелерде терең білім беруіндегі маңыздылығын айта отыратын болсақ, онда бұл салада тиімді методологияның болуының құндылығы да арта түседі. Әлемдік зерттеулер мен тәжірибелерге сүйене отырып, мұндай әдістердің ішінде case study әдісін тарих пәнінде қолдану аса тиімді деп тұжырымлауға болады.

[1]Кейс стади әдісі әдетте бизнес мектебінің оқу бағдарламасымен синоним болып табылады. Дегенмен, кейс әдісінің құндылығы оның әр түрлі тақырыптар мен оқушылардың әр деңгейлерінде қолданылуында. Мысалы, тарихты, үкіметті, азаматтықты және демократияны оқытуда бұл әдістің тиімділігі мен қызығушылық тудыруы өте жоғары. Мысалы, осы маңызды тақырыптарды, әсіресе американдық тарихты өмірге әкелу үшін Гарвард бизнес мектебінің (HBS) іскерлік әкімшілендіру профессоры Пол Уитон Черингтон, тарихшы Дэвид Мосс орта мектепте кейс әдісінің қолданылуы бойынша тәржірибе жасады. 2015 жылы Мосс Америка Құрама Штаттарындағы 11 мемлекеттік, чартерлік және жеке орта мектептерде пилоттық бағдарламаны іске қосты. Ол 23 тарих және азаматтық пән мұғалімдеріне АҚШ демократиясының негіздерін көрсететін тарихи жағдайларды, сонымен қатар жұмыс парақтарын, тапсырмалар сұрақтарын және оқыту жоспарларын ұсынды. Содан кейін ол осы топ арасында кейстерді оқытуды ынталандыру үшін жоғары сынып оқушыларына кейстерді тегін берді. Case Method Project деп аталатын бұл бағдарламаның мақсаты кейстермен оқыту орта мектеп пен колледж білімін нығайта алатынын көрсету, сондай-ақ «оқушылар мен мұғалімдер үшін әр түрлі пәндер бойынша қызықты, өзекті және тиімді тәжірибені қамтамасыз ету”. «[Кейс әдісі жобасының] нәтижелері, әсіресе студенттердің сыни тұрғыдан ойлауын, курс материалын есте сақтауын және түсінуін, сондай-ақ олардың азаматтық қызығушылығы мен белсенділігін нығайту тұрғысынан керемет оң болды» деп тұжырымдады Дэвид Мосс.

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (102.5 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club