Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік

Автор:   •  Сентябрь 21, 2021  •  Практическая работа  •  1,822 Слов (8 Страниц)  •  998 Просмотры

Страница 1 из 8

№1 Практикалық сабақ.                                                  Жданбек Олжас 121-ОМ

Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы:ежелгі және ортағасырлар,жаңа дәуір.

2.Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі.

1.Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді.

Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін ежелгі заман тарихы кезеңдері: қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі  (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған. Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері “Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп көрсетеді. Қазақ халқының құрылуы сақ тайпасынан бастау алған десек те болады. Ортағасырдан бастап(Б.з. VI ғасырынан)оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалды. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының (542 ж.) одан кейін Батыс Түрік қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Одан кейін Түргеш қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы – XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 – XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XI – 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артқан. Алғаш рет ислам дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған. 2)Қыпшақ хандығы (XI – XIII) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі - әдеби қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Қазақ этногенезінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды, “Қазақ” сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен  еткен аймақтар- да пайда болды.                            XVIII-XX ғасырлардағы жаңа дәуір тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы болды.Осы ғасырдың бірінші жартысында жоңғарлар қазақ жеріне үздіксіз басқыншылық жорықтар жасады.Соның әсерінен қазақ халқы экономикалық жағынан қиыншылыққа ұшырап, солтүстік және солтүстік батысқа қоныстануға мәжбүр болды. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң, қазақ билеушілері арасындағы тартыс пен алауыздық өршіп, би сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы, қазақ жүздерінің дербестеніп, бір-бірінен алшақтауы қазақ хандықтарының саяси жағынан бөлшектенген елге айналдырып, әскери-саяси күшін әлсіретуге әкелді.1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей Империясының қол астына өтті. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (77.4 Kb)   docx (147 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club