Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес маңызы

Автор:   •  Январь 23, 2018  •  Доклад  •  251 Слов (2 Страниц)  •  1,591 Просмотры

Страница 1 из 2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес маңызы 

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз мемлекеттік қызмет атқаратын және оларға теңестірілетін тұлғалардың заңда қарастырылмаған мүліктік табыс, артықшылық және игіліктер үшін лауазымдарының өкілеттілігін және мүмкіншіліктерін пайдалану әрекеті. Жемқорлықтың аса таралған түрлері: пара беру, қоғамдық қолданысқа арналған тауарлар мен қызметтерді заңсыз иемдену және тамыр-таныстық. Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу қазіргі қоғамның маңызды, әрі басым бағыттарының бірі болып табылады. Әлем бойынша әр мемлекет жемқорлықты құрту жолында,  біздің еліміз бұл мәселемен күресті тәуелсіздік алған күндерінен бастады. Қатерлі мәселемен күреске мемлекеттік деңгейдегі маңыз беріліп, зор күш жұмсалуда. Қазақстанның ТМД елдерінің арасында ең алғаш болып “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңын қабылдауы бұны айқын көрсетеді. Алайда жасалған жұмыстарға қарамастан сыбайлас жемқорлық біздің ел үшін әлі де күрделі мәселе болып табылады, онымен күресудің маңыздылығы күннен-күнге өсуде.

Жоғарыда айтылып кеткендей, жемқорлықпен күрес өте маңызды, себебі бұл індет экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан қоғамға теріс әсер етеді.

Экономикалық жағынан қарастыратын болсақ, экономикалық дамуды, нарықтық экономиканы құру процессін тежейтін және кері әсер ететін құбылыс. Сонымен қатар ұлттық байлықтың сарқылуына әкеліп соғады. Тауарлар мен қызмет шығындарының өсуіне әсер ететін факторлардың бірі жемқорлық және де бұл әрекет ресурстарды тиімсіз пайдалану, инфляция, қоғамдық меншіктің жеке меншікке айналуы сияқты мәселелердің себебі. Сол себепті жемқорлықпен күрестің экономикалық маңызы зор.

...

Скачать:   txt (3.7 Kb)   pdf (107.5 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club