«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының Қазақстан Республикасында іске асырылуы
Автор: marzhan000 • Апрель 1, 2022 • Реферат • 1,185 Слов (5 Страниц) • 345 Просмотры
ОСӨЖ №14
Тақырып: «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының Қазақстан Республикасында іске асырылуы»
Орындаған: Утянова Жанэль Химия-102 топ, педагогика мамандығы.
Тексерген:Хибина З.Н
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін» атап көрсетті.Олай болса Әбу Насыр Әл-Фараби –ұлы ғұлама айтқандай: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі». Сапалы білім мен саналы рухани-адамгершілік тәрбие беру,өзінің ісін,өнерін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ қалдыру-әрбір ұлттың қай кезде болмасын алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің бірі.Ол келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.Бүгін біздің Елбасымыз бізге Төртінші жаңғыру жөнінде міндет қойып отыр. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық.Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда.Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Қажетті бағдарламалардың барлығы бар.Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім.Дегенмен, Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек. Бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс.Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар.Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін.Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек екендігін .
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты. Прагматизм. Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау. ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады.Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек.Кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізу қажет.Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек.Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсетті.Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі
...