Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Иран Ирақ соғысы

Автор:   •  Октябрь 31, 2018  •  Лекция  •  898 Слов (4 Страниц)  •  1,371 Просмотры

Страница 1 из 4

Иран-Ирак соғысы- Ирак пен Иран арасында 1980-1988 жылдары жалғасқан қақтығыс. Иранда көбінесе «Қасиетті қорғаныс», «Байланған соғыс» деп аталады.

Соғыс 1980 жылдың 22 қыркүйегінде ирак армиясының Иранның Хузистан провинциясына басып кіруімен басталды. Бастапқыдағы  Ирак армиясының сәтті жылжуы, көп ұзамай табанды қарсылыққа тап болып, тоқтатылды. 1982 жылы жазға қарай Иран Иракка оккупациялаған аймақтарын қайтарып береді. Кейіннен соғыс тағы да өз жалғасын береді. Екі арадағы келісім 1988 жылдың 20 тамыз кезінде қол қойылды.

Соғыстың басталу тарихы.

Шатт-эль-Араб  өзенінің жағалауы(парсыша нұсқасы-Арвандруд), Тигр және Евфраттың бірігуімен қалыптасқан, бай мұнай кеніне ие. Шатт-эль-Арабтың шығыс бөлігі Иранға, батыс бөлігі Иранға тиесілі болды. ХХ ғасыр бойы Ирак екі үлкен Абадан және Хорремшехр порттары орналасқан шығыс бөлігін таласқан болатын. Иран болса тальвег принципі бойынша шекараның өзен арнасының дәл ортасынан өту керектігін айтып, өз дегенінен арылмады. Бұл шиеленістің бірден-бір себебі Шатт-эль-Араб өзеніндегі Ирақтың бастапқыда аңғармаған Иран шекарасындағы мұнай кенін өз бөлігіне өткізу.

1937 жылы  Иран мен Ирак арасында шекара өзеннің сол (иран)жағалауынан өту керектігі туралы келісімге қол қойды. 1969 жылы 19 сәуірде Ирактағы ішкі тұрақсыздықты  пайдаланып, келісімнен бас тартып кетеді. 1975 жылы 6 наурызда Алжирде болған Мұнай Экспорттау Елдерінің Ұйымында Иран шахы Реза Пехлеви және Ирак премьер-министрі Саддам Хусейн Шатт-эль- Араб өзенінің шекарасы өзен арнасының ортасынан өтуі туралы келісімге қол қойып, 1937 жылғы келісім толықтай өз күшін жоғалтады.

Шекара жөніндегі екіұштылықтан басқа, екі ел арасындағы қарым-қатынас бір-бірінің антибиліктік қозғалыстарын жақтауынан да нашарлады: Ирак Ирандағы Хузистан сепаратизмін жақтаса, Иран Ирак территориясындағы курд әскерлерін қолдады.

1975 жылы маусымдағы келісім-шарт бойынша Иран Ирактың даулы аймақтарын қайтарса, ал Ирак өз территориясының 518км2 жерін береді.

1979 жылы Иранда Ислам революциясының болуынан ел билігі Хомейни бастаған Революциялық кеңеске берілді. Осыған байланысты Иран әскері 240 мыңнан 180 мыңға қысқарады, 250 генерал тәжірибесі жоқ командирлерге ауыстырылды. Нәтижесінде Иран армиясы айтарлықтай нашарлап қалады.

Хомейни ислам революциясын басқа ел аймақтарына таратуды көздейді. 1980 жылы сәуірде Иран қолдаған шиит әскерлері Ирактың премьер-министрінің орынбасары Тарик Азизге қастандық жасайды. Ирактық БААС партиясына қарсы көптеген қарулы соғыстар жүргізді. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты қайтадан ушықтырып, шекаралық жанжалға алып келеді.

1980 жылы 17 қыркүйекте Саддам Хусейн формальды түрде Алжирдегі шарт күшінің жойылғандығы туралы және Шатт-эль-Арабтың шығыс бөлігін Ирак территориясы етіп жариялайды. Иран қолдауымен Иракта «Ислам Революциясының Жоғарғы Кеңесі» құрылады, ал Ирак антихомейнистік « Иран халқының моджахедтер ұйымын» қаруландырып, қаржыландырып отырды.

1980 жылы 22 қыркүйек ресми түрдегі соғыстың басталуы болғанмен, Иракта 4 қыркүйекте Иранның кесірінен болған шекаралық жанжалдан басталды деп айтады. Соғыс басталған соң қараша айында Ирактың сыртқы істер министрлігі Иранның әскери объекттеріне шешуші соққы беру керектігі жөнінде бірқатар себептерін айтады. Меморандум бойынша, Иран қарулы күші 5 ай  (ақпан-шілде) ішінде Ирактың құрлық және теңіз шекараларын 224 рет бұзғандығын, сондай-ақ әуе кеңістігіне басып кіргендігін айтады. 4-16 қыркүйек арасында 324км2 жерін жаулап алғандықтары жөнінде де атап өтеді.

Ирак армиясы ұзындығы 700 км болатын 3 жалпы фронт участкілерін басып алады: солтүстік, орталық дәне оңтүстік. Солтүстік пен орталықта Ирак армиясының жылжуы қатты үлкен болған жоқ; бұл өңірлердің негізгі тапсырмалары Ирак территориясын Иранның мүмкін болатын қарулы жауабына қарсы шекара бойындағы қауіпсіздікті сақтау. Негізгі соққыны Ирак оңтүстік бөлікке берген еді. Сонымен қатар, Ирак Иранның Тегеран сияқты ірі қалаларын бомбылай бастайды. 1 апта өткен соң Саддам Хусейн соғыс әрекет тоқтатып, келісімге келуге дайын екендігі жөнінде хабарлайды. Бірақ Тегеран оған келіспейді.

...

Скачать:   txt (12.5 Kb)   pdf (131.3 Kb)   docx (13.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club