Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңа ғылыми жоба про Айша бибі

Автор:   •  Апрель 28, 2024  •  Реферат  •  1,083 Слов (5 Страниц)  •  78 Просмотры

Страница 1 из 5

      Жаңа ғылыми жоба про Айша бибі

1953 жылы жүргізілген зерттеру мен өлшеу жұмыстарының нәтижесінде біз кесене конструкциясы туралы жаңа деректер алғанбыз. Соның арқасында кесененің төрт бірдей фасады болғандығы, ал қабырғаларының бет жақтары кірпіштен қаланғаны және 80 см қалыңдықтағы балшықпен құйылғаны анықталды.

  Сонымен қатар, Айша Бибі ескерткішінің терракотты әшекейлеу плиталары өткен дәуірдегі ( 6- кестедегі) қабырғаларды мәнерлеп қалау әдісіне ұқсас арнайы қосалқылар мен тарақтар арқылы жасалған.

[pic 1]

  Айша Бибі ескерткіші бет бағасы жоқ. Кіретін есікті көмукеретін және арқа табанының деңгейінде қабырғалардың кемерінен басталатын ғимараттың ойлы-қырлы элементтерінің қабырға қалтауының ойықпен жұқаланған және әлсізденген жоғары жағына тұрақтылық беретін конструктивтік тәні бар. Барынша оюланған осы элементтер тек архитектуралық- декаративтік қана болып саналады және беткейлік босағаның бүкіл биіктігін алады. Өзген ескерткіштерінен бұл кесене тұтас кілемдік мәнерді қалау ретінде қабырғаларының тұтас оюлануымен ерекшеленеді.

 Б.П. Деникенің айтуы бойынша, Оңтүстік өзген мазары екі жоспарлы оюдың классикалық үлгісі болып табылады, ал Айша Бибі ескерткішіндегі оюдың тәні бір жоспарлық болып қалады және Қазақстанның барлық территориясында осы күнге дейін ежелгіліктің дәстүрін сақтап келеді.

  Ескерткіште қолданылған барлық құрылыс және декаративті тәсілдер оның құрылысы, кейбір әдеби негіздерде көрсетілген XII-XII ғғ емес, XI және XII ғ басында жүргізілгені дәлелденді.

 Оюлық плиталарды мәнерлі қалауға қосқаны және плиталардың өздерінің оюлық мотивтерінің пластикалық құрылысы Айша-Бибі ескерткішінде бұрынғыға қарағанда кең дамиды.

Осы ескерткіштің аса бай декорының көптеген бөлігі қирату арқасында жойылған, бірақ осы жағындайда әр түрлі оюлық суреті бар терракоттық плиталардың 20-ға жуық түрлі пішіндерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік алдық. Солардың негізгі бөлігі осы еңбегімізде көрсетілген.

 Мұқият жасалған зерттеу мен сараптаулар ғана әр түрлі оюлық мотивтердің көптеген саны мен олардың композициялық бірігулердің одан да көптеген түрлері бойынша тек оюдың ғана төрт негізгі түрін табуға мүмкіндік береді. Бірінші, геометриялық, өрілген көп бұрыштар, крестер мен жұлдыздар түріндегі оюлар. Екіншісі, өсімдік, гүлі бар бұтарлар мен қоңыраулар түрінде. Үшіншісі, өсімдік мотивіне айналып кететініндегі қошқар мүйіз. Төртінші, басқаларынан гөрі ерекшеленіп тұр, бұл Г.В.Григорьевтің айтуы бойынша, қошқар бейнесіндегі дериваты болатын S- түрді суреттер. Бірақ оюдың барлық осы түрлері ерекше байланыстыру кезінде біртұтастықты бұзбайды, керісінше, оны құрастырады және анық көрсетеді, өзіндік ұлттық стильге ие болады.

 Айша-Бибі ескерткіші болашақ ғасырлардағы Қазақстанның оюлық декорының шығармашылық даму үшін сарқылмайтын көз болып табылады. Осы ескерткішті безендіру үшін қолданылған оюдың барлық түрлері тұрмыстық заттарды әшекейлеу үшін пайдаланған қазақ халқының шығармашылық мотивтеріне ұқсастығын және олардың скифтердің оюлық өнерімен генетикалық байланысы (1-кестені қараңыз) барлығын білдіреді.

 Бұрыштары дөңгелектенген тақталар арқылы қабырғаның жазықтығына жеңіл өтетін оюланған тік кесенді-қабырғалар, әр түрлі оюлық безендірілген бөліктерге қабырғаларды бөлу, бұрыштық мұнараларды белдіктермен мен иіндерге бөлшектеу және арқа тимпандарын оюлау көркемдік біртұтастықты бұзбайды және осы ескерткіште қолданылған пішіндер мен декаративтік тәсілдердің қарама- қарсылығын тудырмайды. Оюлық суреттердің масштабынтары, тақталардың мөлшері мен пішіндері композициядағы орынға, 7- кестеде көрсетілгендей, олар алаңдар мен бөлшектерге құрастырылғандығы мен қатаң заңдылықта орналасқандығының арқасында сай болып келеді. Осы кестені бөлшектер арқылы шартты белгілеу бойынша қарастырғанда, біз мынадай нәрсені табамыз:

...

Скачать:   txt (15.6 Kb)   pdf (409.6 Kb)   docx (361.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club