Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ежелгі Қытай тарихы

Автор:   •  Апрель 3, 2018  •  Реферат  •  7,199 Слов (29 Страниц)  •  2,764 Просмотры

Страница 1 из 29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

                     Тарих ,экономика және құқық факультеті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік - гуманитарлық пәндер» кафедрасы

                                               РЕФЕРАТ 

                  Тақырыбы: «ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ. ДӘУІРЛЕР ТАРИХЫ»

Студенттің аты жөні: Дархан Маржан Ұлықбекқызы

5В011400  «ТАРИХ»

Курсы I, топ  И (о)-17к

Оқу түрі: күндізгі

Жетекші: Аубакирова Г.Р.

                 Петропавл, 2018

                                 Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................3

І.ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ТАРИХЫНДАҒЫ  ШАН ДӘУІРІНЕ СИПАТТАМА.......................................................................................5

1.1 Шань-Инь дәуірі....................................................................................5

1.2 Шан-Инь дәуірінің мәдениеті .............................................................6

ІІ. ЧЖОУ ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ..............................................12

2.1 Батыс Чжоу дәуірі кезеңіндегі Қытай...............................................12

2.2 Шығыс Чжоу дәуірі ............................................................................14

ІІІ.СОҒЫСУШЫ ПАТШАЛЫҚТАР КЕЗЕҢІ....................................16

  3.1. Чуньцю дәуірі...................................................................................16

  3.2.Чжанго дәуірі.....................................................................................18

Қорытынды................................................................................................21

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................23

Кіріспе

 Қытай — көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі. Ежелгі Қытай өркениеті, яғни Яншао мәдениеті Хуанхэ өзенінің алқабында б.д.д. бес мың жыл бұрын қалыптасқаны туралы мәліметтер бар. Егер оның даму кезеңдерін анықтаушы негіз ретінде саяси-экономикалық қатынастарды, мемлекет түрін және мәдени кезеңдерді алсақ, онда Қытай тарихын төмендегідей сатыларға бөлу түсініктері қалыптасқан: архаикалық Қытай (ерте неолиттен мемлекеттің пайда болуына дейін); алғашқы мемлекеттердің пайда болған кезін қамтитын ежелгі Қытай (б.д.д. XVI-XI ғғ., Шан-Инь (б.д.д. ХVIII-ХII ғг.),  2. Чжоу-Батыс Чжоуы (б.д.д.ХII-VIII ғғ.),  3. Чжоу-шығыс Чжоуы-Лего («ұсақталған  мемлекеттер»), 4. Чжоу-шығыс Чжоу — Чжаньго («күрескен мемлекеттер»),  5. Цинь империясы (б.д.д. 221-206 жж.), 6. Хань    империясы     (б. д. д. III ғ. аяғы мен II ғ.). Қытай мемлекетінің алғашқы үш кезеңінде жоғары басқарушы принципін «шан-диді» «құдіретті көк аспан» ұғымымен теңестірген.

Жұмыстың өзектілігі:  Қытай –ғасырлар бойы мәдени дәстүлері үздіксіз жалғасып келе жатқан, тарихы тереңнен бастау алатын ел. Біздің ұлы көршіміз Қытай мемлекетінің тарихының қалыптасуының ең бір күрделі де қызық оқиғаларға толы кезеңі –оның ежелгі тарихы болып саналады. Осы тарихи кезеңде Қытай мемлекеті  мен халқы өте ірі тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, мәдениет пен ғылымның тамаша жетістіктеріне қол жеткізді. Адамзат тарихындағы алғаш рет мемлекеттілікті қалыптастырып, оның сипаттамаларын дүниеге келтірген, мемлекеттік құрылымдарды, оны басқару тәсілдерін алғаш рет тәжірибеден өткізе бастаған да осы ел болатын. Қытайлықтар бұл заманда алғаш рет әлемде Қытайдан да күшті елдер мен халықтардың өмір сүретіндігін мойындап, олармен тең дәрежедегі, тіпті, кейде оларға тәуелділігін білдіретін саясат ұстануға мәжбүр болды.Осындай тарихи саяси жағдайларға байланысты Қытай дипломатиясының нағыз қитұрқы да астарлы саяси принциптері дүниеге келді. Ежелгі Қытайда алғаш рет бір орталықтандырылған мемлекет қалыптасып, адамзат өркениетінің ірі ошағы болған бұл елде мәдениеттің аса ірі ескерткіштері –Ұлы Қытай Қорғаны мен  халықаралық сауданың күре тамыры- Ұлы Жібек жолы дамып, әлемдік сауда қатынасының қалыптасу кезеңін бастап берді.

...

Скачать:   txt (96.9 Kb)   pdf (309.2 Kb)   docx (45.3 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club