Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

"Бес масак" заны және онын салдары

Автор:   •  Сентябрь 4, 2023  •  Реферат  •  1,950 Слов (8 Страниц)  •  620 Просмотры

Страница 1 из 8

       АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

                            СӨЖ

 

ТАҚЫРЫБЫ: “ БЕС МАСАҚ” ЗАҢЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ 

 

ОРЫНДАҒАНДАР: МАЙЛЫБАЙ НҰРАЙ, НҰРАЛЫ АЛИЯ

МАМАНДЫҒЫ: ИОК-222

ТЕКСЕРГЕН:САУРЫКОВА.Ж.С

                     “ БЕС МАСАҚ” ЗАҢЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ 

Бес масақ заңы-«социалистік меншікті ұрлағаны» үшін өлім жазасын беру жарлығы.Бұл заң 1932 жылы 7 тамызда шықты.«Социалистік меншікті қорғау туралы» заң немесе халық арасында «Бес масақ» атанған Заңның аясында колхоз меншігін талан-таражға салғаны үшін, әсіресе алқапта жасырын егін бастырғандарға ату жазасына дейін жазалау шаралары кеңінен қолданылды. Сондықтан отандық тарихтың бұл кезеңі айтарлықтай күрделі және қарыстырылып отырған тақырып тарих ғылымы үшін аса өзекті.«Бес масақ туралы» жарлық ­бойынша 1932 жылдың тамызынан 1933 жылдың қаңтарына дейін 56 мың адам сотталған. Оның екі мыңнан астамы атылған. Сондағы сотталған барлық адамдар РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-61-107-73 т.б бабтары бойынша жауапқа тартылды.Осы бап бойынша сотталған адамдар “халық жауы”деп аталды. Жалпы, бұл термин КСРО – да 1917 жылдан бастап режимнің қарсыластары-контрреволюционерлерге қатысты қолданылды.

58-баптың тармақтарын қысқаша ашып жазу.

* 1 – Отанға опасыздық

* 2 – қарулы көтеріліс

* 3-революцияға қарсы мақсатта шет мемлекетпен қарым-қатынас

* 4-халықаралық буржуазияға көмек көрсету

* 5-шет мемлекеттің соғысқа бейімделуі

* 6-тыңшылық

* 7-зиянкестік

* 8-терроризм

* 9-диверсиялар

* 10-Кеңес үкіметіне қарсы үгіт – насихат

* 11-ұйымдастырушылық революцияға қарсы қызмет

58-бап бойынша сотталған тұтқындар қарапайым қылмыскерлермен (“қылмыскерлер”, “тұрмыстық адамдар”) салыстырғанда “саяси”деп аталды. Жазаның ең жаппай шарасы-бүкіл мүлкін тәркілеп ату және 10 жылға бас бостандығынан айыру, бүкіл мүлкін тәркілеу болды.

Шаруаларды сот арқылы қуғындауға большевиктер 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінің 61-бабында да пайдаланды. Онда міндеттемелерден, қоғамдық маңызы бар жалпымемлекеттік міндеттемелерден немесе істерді атқарудан бас тартқандарға қылмыстық жаза көзделген. Бұл баптың да мәнісі азаматтық құқықтарға қол сұғу болды.Айтылғандармен қатар Одақтық ХКК мен ОК тағайындаран - астықты орып жинау мерзімдерін қолданбау кызмет адамдарынын былықтықтарынан болмаса, көбіне кызметін істемей отырғандығынан науқанды ақсату үшін жауыздық ниеті болғандығынан, не болмаса еш жұмыс жүргізбегендігінің салдарынан жқмысты ақсатқандырын сот пен прокурор керсетулері тиіс болды. Бұл жағдайда қылмыс заңның -58-14-баптарымен, яғни төнкеріске қарсы саватаждық қолданылуы керек, екіншісінде қызмет қылмыстарының 111-112-баптары колданылды.

1932 жылғы астық ­дайындау науқаны ауылдардағы астықты толығымен сыпырып алу жолымен өтті. Соның өзінде де жоспар орындалмады. Сол жылы 180 миллион центнер астық дайындалды.Қырылғандар жөніндегі деректер көп. Бірақ сандар әртүрлі. Мәселен, Қазақстанның санақ басқармасының орынбасары Н.Мацкеевичтің мәліметіне қарасақ, бір ғана 1933 жылы қысқарған ауыл халқы 1 миллион 70,5 мың адамды құрайды. Қазақстанның егіншілік Халық Комисса­риатының мәліметтері 1930-1932 жылдары ауыл халқының кемуі 1 миллион 831441 адам деп көрсетеді. М.Тәтімов пен Ж.Әбілхожин 1 миллион 700 мың десе, Б.Төлепбаев пен В.Осипов 1 миллион 100 мың қазақ өлген дейді. Енді бір сенімді дерек – М.Саматовтың 1937 жылдың 5 наурызында Л.Мирзоянға берген мәліметі. Онда әр жылдың 1 маусымындағы салық есептері негізінде Қазақстандағы ауыл халқы санының өзгерістері жөніндегі мәлімет берілген. Ол мәліметте 1930 жылы 5 873,0 мың, 1931 жылы 5 114,5 мың, 1933 жылы 2 493,5 мың, 1934 жылы 2 681,8 мың, 1935 жылы 2 926,0 мың, 1936 жылы 3 287,0 мың адам өлді деп көрсетілген. Ашаршылық 1933 жылы да жалғасты. Сонда 1929-1933 жылдардағы аштан қырылу көрсеткіші 2 миллион 200 мың адамнан асып отыр. Ал 1921-1922 жылдарда қуаңшылық болып астық шықпай қалды. Ал қыста малдың 80 пайызы қырылды. Астықты аймақтардан азық-түлік отрядтары құрылып ауылшаруашылық өнімдерін орталыққа зорлықпен әкетті. Ашығушылар 1921 қарашада 1 миллион 508 мың адам, 1922 жылғы наурызда 2 миллион 303 200 адамға жетті. Аштыққа індет қосылып 1922 жылғы ­маусымда Батыс Қазақстанда ашыққандар мен аурулар көрсеткіші 82 пайызға жетті. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде шекара асып Қытайда аштықтан қырылғандар жайлы деректер бар. Ол бөлек тақырып. Ашаршылық пен зорлап ұжымдастырудан қорыққан халық басқа аймақтарға үдере көшті. Осы жылдары ашаршылық пен зорлап ұжымдастырудан қысым көрген қазақтар басқа жаққа көптеп көше бастады. Мәселен, 1930 жылы 121,2 мың адам, 1931 жылы 1 миллион 74 мың адам көрші елдерге қопарыла көшкен (Алматы басқару институтының мұражайы, 5192-іс.,1-п.) Жағдайдың қиындап кеткеніне көзі жеткен Т.Рысқұлов Сталинге үш рет хат жазады. Оның алғашқы екі хаты 1932 жылдың соңында, ал соңғы хаты 1933 жылы 11 наурызда жазылған. Хатта аштан өлген, басқа жаққа қоныс аударған және мал шығыны туралы нақты мысалдарды ашып көрсетеді. Сонымен қатар нақты ұсыныстарды да жазады. Онда ашыққандарға шұғыл көмек көрсетуді, осы тұрғыда 400 мың пұт астық бөлгізуді, отырықшылыққа өткендерге тұрғын үй тұрғызуды және шаруашылықтарға мал сатып алуды ұсынады. Сол жылы қазан айында елден ауа көшкен қазақтардың барған жерлерімен байланыс жасап, оларға қамқорлық жасау жөнінде арнайы хат жазып, жауап алып отырған. Сондай хаттың бірінде БК(б)П Башқұрт облыстық комитетінен 1933 жылы 14 қазан күні Ресей ХКК төрағасының орынбасары ж.Рысқұловқа: «...Сіздің қазақ босқындарды орналастыру туралы хатыңызға байланысты арнайы шешімді ұсына отырып, қазақтарды жұмысқа орналастыру, оған жауапты адамдар бөлу, тапсырманы орындамаған адамдарды жауапқа тарту шаралары қолданылатынын мәлімдеймін» деген жауап хат алған. Осы 1933 жылы 21 қаңтарда Орталық Комитет Ф.Голощекинді орнынан алып Қазақстанға Л.Мирзоянды жіберген еді. 1930 жылдары Қазақстанға жер аударылып келген профессордың қызы Т.Невадовская ашаршылықты былай еске түсіреді: «1932-33 жылдары жергілікті тұрғындар аса күйзелісті жағдайда болды. Қазақтар ауылдарын тастап кетті, аштықтан отбасымен түгел қырыла бастады. Қыста үсікке ұшырады, өліп жатқандардың есебі жоқ. Қазақтардың қазіргі ұрпақтары аштықтан өлген адамдарды, балаларды, қарттарды және адамдары кетіп, құлазып бос қалған қыстақтар мен ауылдарды, далада үсікке ұшырағандар мен ауруға шалдыққандарды ұмытпаса екен деп тілеймін». Ол 1980 жылы «Қазақстандағы қасірет» деген тақырып қойылған күнделігі мен сол жылдарда түсірген суреттерін Орталық мұрағатқа өткізгенін айтады (В.Михайлов. «Ғаламат жұт шежіресі»). Ескерте кетер бір мәселе, Қазақстанда тұрған басқа ұлт өкілдерінен аштықтан өлді деген деректі дәлелдеп беретін ресми құжатты кездестіре алмадым. «Қазақстанда ашаршылық болғанына қарамастан орыстардан басқа да кейбір халықтардың саны өсе түскен. Мәселен, ашаршылық жылдары немістердің саны 29466, ал татарлардың саны 11369 адамға өскен. Осындай мысалдар алапат аштықтың басты құрбаны көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы қазақтар болғанын дәлелдей түседі» (Т.Омарбеков. «Тарих тағылымы не дейді?»). Аталған жылдары аштық бола қалған жағдайда оның алдын алуға толық мүмкіндік болған. Алайда орталық ашаршылықтан құтқару жұмыстарын ұйымдастырмады. Бұл нағыз жоспарлы түрде ұйымдастырылған геноцид еді. Мысалы ретінде мен сіздерге газеттерден алынған бірнеше мақаланы ұсынғым келіп отыр.(1-сурет)

...

Скачать:   txt (24 Kb)   pdf (486.9 Kb)   docx (320.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club