Белгісіз жылдар" кезеңі. 1652-1680 жж. Сайрам соғысы
Автор: Zhusupbaeva_14 • Апрель 4, 2023 • Реферат • 1,226 Слов (5 Страниц) • 2,133 Просмотры
«Алматы технологиялық университет»
РЕФЕРАТ
Тақырып: "Белгісіз жылдар" кезеңі. 1652-1680 жж. Сайрам соғысы.
Орындаған :Оразбек Мөлдір ГиМУ 22-11
Тексерген :Алдекен Айнур
Жоспары:
I . КІРІСПЕ
1) XV-XVIII ғaсырлaрдaғы тaрихи дәуірдің кезеңделу мәселелері
II .НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1)Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
2) Қазақ хандығын нығайту жолындағы Тәуке ханның қызметі
3)Ішкі саясаты және сыртқы саясаты..
III .ҚОРЫТЫНДЫ
IV . ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қaзaқстaн тaрихындa дa осы кезеңдеу мәселесі ерекше орынғa ие. Біз бұл мaқaлaмыздa ортaғaсырлaрдaғы Қaзaқстaн тaрихының мaңызды бір бөлігі болып тaбылaтын XV-XVIII ғaсырлaрдaғы тaрихи дәуірдің кезеңделу мәселелерін қaрaстыруды жөн көріп отырмыз. Отaн тaрихындa XV-XVIII ғaсырлaр – кейінгі ортaғaсырлaр кезеңі деп aтaлынып, Қaзaқ хaндығының өмір сүрген уaқытынa сәйкес келеді. Сол себепті де бұл кезең тaрихи әдебиеттерде – Қaзaқ хaндығы дәуірі немесе хaндық дәуір деп aтaлaды. Төрт ғaсырдaй уaқытқa созылғaн хaндық дәуірді шaртты түрде екі үлкен кезеңге бөліп қaрaстыруғa болaды. Бірінші кезеңді – біртұтaс хaндық кезең десек, aл екінші кезең – бытырaңқылық хaндық кезең деген aтaуғa әбден ие. Уaқыт жaғынaн aлғaндa, біртұтaс хaндық кезең Қaзaқ хaндығы құрылғaн XV ғaсыр ортaсынaн бaстaлып, Тәуке хaн қaйтыс болғaн XVIII ғaсыр бaсынa дейін созылaды. Aл бытырaңқылық кезеңге XVIII ғaсыр бaсынaн XIX ғaсырдың бірінші ширегі aрaлығынa дейінгі, яғни осы жылдaры хaндық бaсқaру жүйесінің жойылғaн кезіне дейінгі aрaлық жaтaды.
Негізгі бөлім
Тәуке хан – XV –XVIII ғасырлардағы қазақ хандары әулетінің өкілі, оның арғы шыққан тегі Шыңғыс ханнан, Жошы ханнан бастау алады. Біз бұған дейінгі Есім хан, Жәңгір хандардың тарихи рөліне арналған жұмыстарымызда қазақ хандарының шыққан тегі жөнінде біршама толығырақ айтып өткендіктен бұл жерде оның бәрін қайталап жатпай, тек олар туралы өте қысқаша түрде атап өтуді жөн көріп отырмыз. Тарихи әдебиеттердегі материалдардың бәрі Тәуке ханды 1680 жылдан бастап хан болған деп жазады. Оның билікке қандай жолмен келгені белгісіз, ол туралы ешқандай деректе айтылмайды. Соған қарамастан ол жөнінде мынадай болжамдар айтуға болады. Егерде 1650 жылдардың басында Тәуке хан билік ету үшін өте жас болса, ал 1680 жылға таман оның жасы 40 пен 50- дің орта тұсында болатын. Бұл жас – ер адамның нағыз кемеліне келіп, ақылойы толысқан, өмірлік тәжірибесі жетерліктей жас екені белгілі. Тәукенің ақылдылығы мен шешендігі, кемеңгерлігі мен данышпандығы сияқты ерекше қасиеттері оны билеуші әулет өкілдері арасында айрықша көзге түсіртеді. Сондай-ақ, бұған дейін айтып өткеніміздей, оның ата-бабаларының хан тағын үзбей иеленуі, Жәңгір ханның тікелей ұрпағы болуы, жастайынан мемлекеттік істерге араласуы – оның тақты иелену мүмкіндігін арттырады. Біздің ойымызша, 1652-1680 жылдары өзара таластар мен қырқыстардан әбден титықтап шаршаған қазақ қоғамы, қоғамның алдыңғы қатарлы тобы мен өкілдері: кейбір сұлтандар, билер мен батырлар, дін басылары және тағы басқа әлуметтік топтың өкілдері Тәуке жағында болып, оны қолдаған дейміз. Сөйтіп олар Тәукені 1680 жылы хан тағына отырғызады.
Қазақ хандығын нығайту жолындағы Тәуке ханның қызметі Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де әр түрлі. Жәңгір ханның ұлы және мұрагері Тәуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді. Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен 5 құрметпен еске алады», – деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың барлық рулары мойындамаған. Сондықтан Тәуке хан бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құруды басты міндеті деп санады. Осы мақсатта әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның ұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын еді. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен, батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Бұл шаралар нәтижелі болды. Мемлекетті басқару ісіне де үлкен өзгерістер енгізді.
...