Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ашаршылық жылдарында Қазақ елінің тартқан тауқыметі туралы баяндау

Автор:   •  Февраль 10, 2018  •  Реферат  •  3,252 Слов (14 Страниц)  •  1,573 Просмотры

Страница 1 из 14

Мазмұны:

Кіріспе............................................................................................................3

  1. Ашаршылық жылдарындағы Қазақстан.................................................5

Қорытынды...................................................................................................16

Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................17

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың тұтқынына түскен санамыз қайта жанданып, даму үрдісін бастан өткізуде. Кеңес үкіметі кезіндегі айтылмаған, айтылуға тыйым салынған көптеген тарихы құнды деректерімізді зерттеуге бет бұрып жатырмыз. Халқымыздың басынан кешкен зұлматты кеңестендіру жылдарының ақиқаттарын ашық айтуға мүмкіндік алдық.

Тақырып мақсаты. Кеңестік саясаттың, асыра сілтеулер әрекеттердің халықты ашаршылыққа ұрындырып, демографиялық ахуалға кері әсерін тигізгенін айта келе, сол жылдардағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қайғы-қасіретіне баса назар аудару, оның тарихи маңызын ашып, жеткізу.

Тақырып міндеті.

1. Ашаршылық жылдарында Қазақ елінің тартқан тауқыметі туралы                

    баяндау

2. Зеттеліп отырған тақырыпты ашып көрсету.

Тақырып зерттелуі. Тарихшы ғалымдарымыз, зерттеушілеріміз бен ізденушілеріміз, әсіресе ұжымдастыру арқылы келген отызыншы жылдардың басындағы аштық нәубеті жөнінде бірқатар құнды-құнды зерттеулер жасап, осы зұлматтың ақиқаттарына жету үшін жан-жақты ізденістер жасауда. Сол зерттеулердің әсерінен көптеген шындық беті ашылуда. Мысалы, өткен ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының басынағы Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру арқылы келген ашаршылық қолдан жасалған, идеологияға негізделген саясатты көзсіз жүзеге асыруға ұмтылушылықтың нәтижесі еді. Коммунистік партияны қазақтарға, одан кейін, белгілі бір дәрежеде басқа да көшпелі халықтарға әкеліп жапсыру оларды сан апат пен қайғы-қасіретке душар етті. Сөйтіп, 1931-1933 жылдар қазақ халқының ең бір қасіретті жылдары болып тарихызмызда қара әріптермен жазылып қалды.

Тақырып жаңашылдығы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күні мен Ақмола қаласына еліміздің астанасын көшіруге арналған салтанатты мәжілісте жасаған баяндамасында: “Бүгінгі өмір сүріп жатқан ұрпақ өкілдерінің азаматтық борышы мен қасиетті міндеті біздің әкелеріміз бен аталарымыз тоталитарлық қоғам азабын көрген сол бір қиын жылдарды терең ой елегінен өткізу болып табылады. Бұл біздің бәрімізге де осы тарихи зұлмат ешқашан қайталанбас үшін қажет,-” деп атап өтті: Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылдың 30-желтоқсанындағы Жарлығымен 1997 жыл Жалпыұлттық Келісім және саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды. Бұл жылы заңсыз жазаланып, қудалауға ұшырағандарды ақтауда, саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алуда, әр кезеңде сондай сергелдең кешкендерге көмек көрсетуде көптеген істер атқарылды.

ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында елімізде, дәлірек айтсақ, Қазақстанда орын алған Сталиндік саяси террор, қуғын - сүргін зобалаңдары тарихымыздың ақтаңдақтары ретінде әлі де толық зерттеле қойған жоқ. Кейбір деректерде 1930-1950 жылдары жазалау диірменінен 100 мың Қазақстандықтың өліп, оның ішінде 20 мың 170 адамның атылғаны айтылад    

Тақырып нысаны. Қазақ жерін түгелімен қамтыды.

Тақырып мерзімдік шеңбері.  Бірінші 1921-1922 және екіншісі 1931-1933 жылдары болған қазақ халқының  ХХ ғасырдағы ең ауыр  қайғы-қасіретке толы ашаршылық кезеңі.

Тақырып әдіснамасы. Тарихта болған бұл оқиға жүйелік әдіспен баяндалады.

Қысқаша мазмұны.  ХХ ғасыр ішінде қазақ халқының басына қара бұлттай болып төніп, қан қақсатқан ашаршылық дейтін зұлмат жылдар болып өтті. Аз ғана уақыт ішінде қазақ жұртын қырғын қылған аштықтан кейін бой түзеу баршасына ауырлық тудырғаны хақ. Ашаршылық қазақ халқының дамуын 110 жылға кейін шегерді. «Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама» дейді қазақ. Бірнеше жыл қатарынан орын алған, дүркін-дүркін қайталанған ашаршылық зұлматынан ұлтымыздың əбден сансырағаны анық. Ал, бүгінгі ұрпақ кеңестік дәуірдегі әлеуметтік тәжірибелер, адам құқықтарын таптау және осы сияқты келеңсіз құбылыстардың қайталанбауы үшін өткен тарихымызды білуі тиіс. Шын мәнінде, бүгінгі жастар ашаршылық тарихын білуі керек және оның құрбандарын ұмытпауы тиіс. Өткен тарихтың ақиқатын халыққа жеткізу арқылы оның сабақтарын әрқашан есте сақтауымыз керек.

...

Скачать:   txt (45.1 Kb)   pdf (185.7 Kb)   docx (27.1 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club