Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын қағаз диск әдісімен анықтау

Автор:   •  Октябрь 14, 2020  •  Лекция  •  334 Слов (2 Страниц)  •  3,254 Просмотры

Страница 1 из 2

Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын

қағаз диск әдісімен анықтау

Әдістің мақсаты: клиникалық материалдан бөлінген бактерияның таза дақылының әртүрлі антибиотиктерге сезімталдық дәрежесін анықтау (ұтымды антибиотиктермен емдеу мақсатында).

Әдістің құрамы:

  1. Қоректік ортасы бар Петри табақшасы.
  2. Клиникалық материалдан (қақырық, ірің, мижұлын сұйықтығы, зәр) бөлінген бактерияның таза дақылы.
  3. Белгілі антибиотиктер сіңірілген флакондағы дискілер жинағы.
  4. Бактериологиялық ілмек немесе шпатель.

Қою техникасы:

  1. Қоректік орта беткейіне бактерияның таза дақылын шпателмен немесе ілмекпен бірдей етіп себеді.
  2. Себілген беткейге стерильді пинцетпен 5-6 әртүрлі дискілерді салады.
  3. 37ºС температурада 24 сағат термостатта инкубациялайды. Инкубация кезінде агардағы ылғал қағаз дискіге сіңіп антибиотиктің агарға диффузиясы жүреді. Егер бактерия антибиотикке сезімтал болса диск айналасында өсу тоқталып мөлдір аймақ пайды болады.
  4. Нәтижені бағалау: өсудің мөлдір аймақ көлемін сызғышпен өлшейді. Сосын арнайы кесте арқылы сезімтал, орташа сезімтал немесе тұрақты екендігін анықтайды.

[pic 1]

Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын

сериялық сұйылту әдісімен анықтау

Әдістің мақсаты: белгілі антибактериалды препараттың минималды басушы мөлшерін анықтау.

Әдістің құрамы:

  1. 1 мл ЕПС бар 11 пробирка.
  2. Стерильді физ.ерітіндімен араласқан бактерияның таза дақылы.
  3. Стерильді физ.ерітіндімен араласқан белгілі антибиотик немесе химиопрепараттың жұмыс ерітіндісі (мыс: 16 мг/мл).
  4. Градуирленген стерильді пипетка немесе ауыстырылатын ұшы бар 1 мл-лік автоматты дозатор.

Қою техникасы:

  1. Антибиотиктің жұмыс ертінідісін (16 мг/мл) 1 мл көлемде 1 мл сорпасы бар бірінші пробиркаға пипеткамен араластырамыз, осы кезде антибиотик мөлшері 2 есеге азаяды (8 мг/мл). Әрі қарай бірінші пробиркадан екіншіге, одан әрі келесісіне антибиотикті сұйылтуды жүргізеді. Соңғы пробиркадан 1 мл сұйылтуды төгіп тастайды (барлық пробиркада көлем бірдей болу үшін).
  2. Барлық пробиркаларға физ.ерітіндіде араластырылған бактерия дақылын 3 тамшыдан қосады.
  3. Бақылау пробиркаларын қою:

А) бақылау 1: 1 мл сорпаға 3 тамшы бактерия дақылын қосады.

...

Скачать:   txt (5.2 Kb)   pdf (151.6 Kb)   docx (73.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club