Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірігейлік
Автор: Abeke_04 • Сентябрь 20, 2021 • Эссе • 280 Слов (2 Страниц) • 459 Просмотры
Эссе
«Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірігейлік».
Әлемдік тарихтың құрамдас, ажырамас бөлігі ретінде тарихи мұраны ұғыну, ұлттық тарихты зерттеу және зерделеу, мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірігейлікті сақтау және де қазақстандық қоғамның дамуындағы тарихи сананы жаңғыртудың рөлі мен маңызын талдау қазіргі таңда үлкен маңызға ие.
Тарихи сана ұлтаралық қоғамның құндылық бағдарларын қалыптастыруға әсер етеді, этностық өзіндік сана - сезімді нығайтуға, этностардың әлеуметтік - мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының өзіндік ерекшелігін құрметтеуге және сақтауға ықпал етеді. Этносаралық қатынастарды дамыту процесінде жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде әрине, тарихи сананы жаңғырту маңызды. Бұл тұрғыда білімнің өсуі, ұлттық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне қатысу, демократия, патриотизм, азаматтық, толеранттылық, мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірігейлік құндылықтары сияқты аспектілер үлкен рөл атқарады.
Қазіргі заманның гуманитарлық ғылымында «Тарихи жад» категориясының көптеген анықтамалары бар. Ғалымдардың басым бөлігі оны «Қоғамдық субъектілердің тарихи оқиғалар, тарихи қайраткерлер, ұлттық батырлар туралы, әлеуметтік және табиғи әлемді игерудің дәстүрлері мен ұжымдық тәжірибесі, қандай да бір этнос, ұлт, халық өз дамуында өткен кезеңдер туралы білімді сақтау және ұрпақтан ұрпаққа беру қабілеті» деп түсінумен келіседі. Тарихи жадтың мағынасын әр түрлі халықтардың әлеуметтік - мәдени сәйкестігін сақтау үшін сәйкестендіру кодымен салыстыруға болады. Жаһандану,
...