Маңғыстау пірі Бекет ата
Автор: Aldongarovaamina • Апрель 22, 2023 • Эссе • 485 Слов (2 Страниц) • 178 Просмотры
Эссе
«Маңғыстау пірі Бекет ата»
«Мединада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет», – деп халқымыз Бекет атаны ең қасиетті тұлғаға теңеген. Бұл бекер емес. Халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр, ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы, ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші, мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей, таңғажайып қасиет иесі, жас кезінен биліктен де, байлықтан да бас тартып, ізгілік жолын таңдаған бабамыз тек атаның ғана емес, адамзаттың баласы болды. Қазіргі ғылыми тілмен айтқанда, Бекет ата феномен тұлға.
Жас кезінде жолаушылап келе жатып, Жем өзенінің тұсындағы бір өткелден өтерде өзенге көзі түскен Бекет су ішінен әуелі бір саусақ, сосын бес саусақ көтеріліп, ақыр аяғында ол да көрінбей батып кетіп, орнына отыз, одан соң қырық саусақтың шошайып шыққанын көріп ойға қалады. «Е-е, Алла тағаланың ақ жолға бағыттаған аяны шығар бұл. Жасаған иемнің жалғыз саусақ көрсеткені-«бір Құдайыңды біл», бес саусақты шошайтқаны – «бес уақыт намазыңды қаза қылма», отыз саусағы – «отыз күн оразаңды ұста», қырық саусағы – «қырық парызыңды орындап жүр» дегені екен ғой» , - деп ой түйген Бекет осыдан бастап нағыз Құдай жолына түсіпті.
Бір күні Бекет ата Шопан ата қабіріне барады, онда таңертеңнен кешке дейін үш күн және үш түн дұға етеді. Үшінші түнде ол Шопан-ата туралы түс көреді,ол кісі оған аян береді. Аян беру – адамның ұйықтап жатып, түс кезінде оны не күтіп тұрғанын, болмаса қандай әрекеттер жасауы қажет екенін таныс немесе бейтаныс бейнелерді тікелей немесе әр түрлі ишараттар арқылы сездіруі.Әулие оған Хиваға Бақыржан-қажыға баруды бұйырады.
Әйгілі сопыдан медреседе оқып жүргенде Бекет ата түрлі ғылымдарды түсінеді. Қырық жасында ол Маңғышлаққа оралып, онда мешіттер салып, балаларды оқытады. Бүгінгі таңда көптеген зерттеушілер Оғландыдағы уалие мешіті ұрпақтар үшін рухани сенімнің символына айналған ежелгі обсерватория деп санайды. Мұнда ол аспан денелерінің қозғалысын бақылап отырды, содан кейін қорытынды жасады – жыл мезгілдері қандай болатынын, ауа-райын болжады және т. б. Бұл мешіт – Маңғыстау сәулет өнерінің бірегей ескерткіші-Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және Ерусалимдегі Омар мешіті сияқты мәдениет ескерткіштерімен қатар қойылды. Бекет ата науқастарды емдеп қана қоймай, ол көріпкел болды, алдағы оқиғалар туралы болжам жасады. Ол соғысушы тараптарды қанша рет татуластырды, дана шешіммен қанша даулы мәселелерді шешті.
...