Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемде абсолют ақиқат бар ма

Автор:   •  Ноябрь 29, 2018  •  Эссе  •  650 Слов (3 Страниц)  •  785 Просмотры

Страница 1 из 3

Әлемде абсолют ақиқат бар ма?

Біз бұны қаламаған күннің өзінде біздің бүгінгі қоғам әркімнің сөзіне күмәнмен қарап, күдіктенетін жағдайда өмір сүруде. Күнделікті өмірде байқамасақ та, күдіктену біздің өмірімізде елеулі орын алуда. Кез келген пікірталас кезінде оппоненттің біреуі соңғы аргумент ретінде: «Бәрімізде өзімізше дұрыспыз» немесе «Біз шын мәнінде не болғанынан хабардар емеспіз» деген аргументті міндетті түрде  қолданады. Мысалы, өнер туралы сөз қозғалғанда, егер біреу авторды талантсыз дер болса, міндетті түрде «бұл сіздің өз субъективті ойыңыз» және «әр адамның көзқарасы және түсінігі әртүрлі» деп оған қарсы шығатын адам табылады.

Біз күнделікті өмірде жиі еститін "Ақиқат" ұғымы тек философияның ғана емес, бүкіл ғылымның да негізгі түсінігі болып табылады. Ғылымда кез келген теорияның негіздемесі "ақиқат" және "жалған" ұғымдарына сүйенеді. Зерттелетін заттың шынайылығы туралы жалпы ұғымдарға сәйкес бір түсінік теріске шығарылады немесе расталады.

Ғалымдардың арасында философия ғылымы пайда болғаннан бастап ақиқат жайлы әртүрлі көзқарастар туындай бастады. Соның ішіндегі ең өзекті және бүгінгі таңдағы ең актуалды пікірлердің бірі – нақты, әрі абсолютті ақиқаттың әлемде бар, не жоғына көз жеткізу. Кейбір философтар біздің әлемде шындықтың барлығы салыстырмалы деңгейде таралған, абсолюттік ақиқат түсінігі жоқ, себебі адамзат барлық дүниенің құпияларын тануға мүмкіндігі шектеулі деп есептейді. Алайда, бұл, ең алдымен, біздің санамыздың мүмкіндігіне сай келмейді, сонымен қатар ғылым мен техниканың қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Яғни, бүгінгі тағда әлемді толықтай зерттеп, нақты факттерді айту қиынға соғуда. Алайда, адамзат пен техниканың прогрессі барлық білімді жинақтап, дүниенің бүкіл құпиясын ашып, абсолютті шындыққа қол жеткізетіні сөзсіз.

«Абсолют ақиқат деген түсінік жоқ» деген тұжырым парадокс, яғни оның өзі абсолюттік ақиқат болып табылады. Менің ойымша, барлығы да абсолютті                                      және оның бірінші себебі: егер, нақты ақиқат болмаса, әлемде хаос болар еді. Кез келген ғалымдардың ғылыми түрде дәлелдеген заңдылықтарын абсолютті ақиқатқа жатқызуға болады. Мысалы, Тарту заңын қарастырайық, ол абсолютті болмағанда, онда адамзат ауада қалықтап жүрер еді, ал енді бірде  адам тіпті орнынан қозғала  алмайтын деңгейге жетер еді.

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (65 Kb)   docx (12.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club