Кейкі баһадүрдің азаматтық және батырлық бейнесі
Автор: Diana25 Kadetoba • Февраль 28, 2018 • Реферат • 5,093 Слов (21 Страниц) • 1,171 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................3
- Кейкі баһадүрдің азаматтық және батырлық бейнесі..................................6
- Кейкі баһадүрдің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
кезіндегі ерлік істері.......................................................................................13
- Кейкі баһадүрдің Қазан төңкерісінен кейінгі іс-қимылдары .....................16
Қорытынды .....................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................ ....25
Кіріспе
1916 жылы қазақ халқының патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталған ең ірі ұлт-азаттық көтерілісі болып өтті. Бұл айтулы оқиға кеңес заманында жан-жақты зерттелгенмен, көтеріліскебасшылық жасаған тарихи тұлғалардың іс-әрекеті сол кезеңдегі идеологияға сай бағаланды. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ең ірі ошағы Торғай облысындағы көтерілістің ұйымдастырушы, басшылары ретінде большевиктер партиясы жағына шығып, Кеңес үкіметін қолдаған Амангелді Иманов және Әлиби Жанкелдиннің ғана іс-әрекеттері жан –жақты зерттеліп, халық батырлары ретінде көрсетілсе, ал Кеңестік үкіметтті қолдамаған Әбдіғаппар Жанбосынов және Кейкі Көкембайұлы тәрізді қайраткерлердің аттары аталмай немесе олардың бейнесі жағымсыз, ескі, кертартпа топтардың өкілі ретінде бейнеленді. Әсіресе, Кейкі батырдың есімін ауызға алып, өмір тарихын насхаттауға Кеңес Одағы кезінде ресми түрде тыйым салынған болатын. Өмір жолы өте күрделі бұл тұлғаға ресми идеология ешкімді аяуды білмейтін жауыз, банды, қарақшы деген атақтар тақса да, халық арасында Кейкінің ерліктері жайында аңыз- әңгіме көп таралған, болатын. Егерде Кейкі мерген шын мәнінде кол бастаған батыр болып, жанкешті ерліктер көрсетпесе, халық жадында сақталмаған болар еді. Ол ақтарды да, қызылдарды да қазақ халқына жат отаршылдар деп түсінген. Сол үшін де олармен ымыраға келмей, ешқайсысын қолдамай, өмірінің соңына дейін олармен жағаласып, соғысып өткен. Оның мақсаты да, арманы да қазақ халқының тәуелсіздігі еді. Кейкі батыр сол мақсат, мүддесінен өмірінің соңына дейін ешқашан айныған жоқ. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана 1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілісінің көсемдерінің бірі Кейкі мерген туралы ашық айтылып, баспасөз беттерінде жазыла бастады. Белгілі журналистер, ел ағалары ол туралы деректерді тауып зерттей бастады. 2007 жылы Торғай өңірінде Кейкі батырға кесене тұрғызылды. Дегенмен,оның өмір жолын,ерлік дастанын кейінгі ұрпақ толық біле бермейді. Мектеп оқушыларына арналған тарих оқулықтарының кейбірінде ол туралы мүлде жазылмаса, басқасында батыр туралы бір екі жол мәліметтер ғана бар. Ол туралы кәсіби тарихшылардың жүйелі, іргелі зерттеу еңбектері жоқ. Батырдың тағдыры қандай қиын болса, оның соңғы сәттері де, яғни өлімі де аянышты. Қазақстанның барлық аумағын қамтып, халқымыздың ерлік рухын көрсеткен 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығы қарсаңында Кейкі батыр туралы зерттеулер жүргізіп, ол туралы ақтаңдақтарды ашып, оның атқарған істерін елге кеңінен таныту қазіргі кезеңдегі өте өзекті де маңызды мәселе болып отыр. Кейкі батырдың батырлық бейнесі мен қилы тағдырын толық ашылмай, 1916 жылғы көтерілістің өзі толыққанды ашылмаған болар еді. Дегенмен,жоғарыда аталған зерттеулер ғылыми тұрғыдан алғанда біртұтас тарихи мәселе ретінде арнайы зерттелмеген. Осыған байланысты зерттеу мәселесі аясында жарық көрген нақты еңбектерге, баспа деректеріне жүргізілген жан-жақты талдау жасау барысында айқындалғандай, қазіргі кезеңде бұл мәселенің ғылыми-тарихи еңбектерде жеткілікті деңгейде қарастырылмауы, Кейкі батыр туралы тың еңбектердің қазіргі негіздемесінің арасындағы қайшылықтардың шешілуін қарастыру зерттеу тақырыбын«Аты аңызға айналған Кейкі баһадүр»деп таңдауымызға себеп болды.
...