Абай және қазақ әдебиеті
Автор: liliyaxs • Декабрь 9, 2024 • Реферат • 2,271 Слов (10 Страниц) • 13 Просмотры
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті[pic 1]
РЕФЕРАТ
Пәні: Абайтану
Тақырыбы: «Абай және қазақ әдебиеті»
Орындаған: Исан Аружан
Қабылдаған: Абиыр.Қ.Е
Оқу тобы: КЯ 24-1
Астана, 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………... | 3 |
I. АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ..............................………... | 4 |
1.1 Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны......................................... 1.2 Абайдың әдеби мектебі............................................................ | 5 7 |
1.3 Абай шығармаларының кейінгі әдебиетке әсері................... | 9 |
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………........ | 12 |
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………... | 13 |
КІРІСПЕ
Абай және қазақ әдебиеті тақырыбын қозғау – ХІХ ғасырдан бері қарайғы қазақ әдебиетінің барлығын талқылаумен тең. Бұл жөнінде қазіргі уақытта тек бір ғана монографиялық еңбек бар, оны Айқын Нұрқатов жазған. Аталған монографияда осы тақырып жан-жақты қарастырылған.
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, философы, ойшылы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ол ұлттық сөз өнерін жаңа деңгейге көтеріп, қазақ әдебиетіне еуропалық және шығыстық классикалық дәстүрлерді енгізе отырып, жаңашыл мазмұн берген тұлға. Абайдың шығармашылығы тек поэзия мен прозадан тұрмай, оның қоғамның рухани дамуына қосқан үлесі арқылы кеңінен танылды.
Абайдың өмір сүрген кезеңі қазақ қоғамы үшін аса маңызды тарихи кезең болды. Патшалық Ресейдің отарлау саясаты, халықтың әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтары және білімге деген қажеттілік қазақ қоғамының алдында шешілуі тиіс мәселелерді айқын көрсетті. Міне, осы тұста Абай өз шығармалары арқылы елдің рухани көсеміне айналды. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде көтерілген әділеттілік, білім, еңбек, адамгершілік және ұлт болашағы туралы ойлар қазақ халқының жаңа замандағы бағытын анықтауға көмектесті.
Абайдың қазақ әдебиетінде ашқан жаңа жолы мен тың арнасы туралы ешқандай күмән жоқ. Абайды қазақ әдебиетінің классигі деп атау – оның салған жолының әдебиетімізде орын алып, кейінгі ақындар тарапынан үлгі ретінде қабылданғанын білдіреді. Басқаша айтқанда, Абайдың әдеби мектебінің болуын және оның ықпалын толықтай мойындау деген сөз.
Бұл тақырыпта Абайдың қазақ әдебиетіндегі алатын ерекше орны, оның әдеби мектебі мен шығармашылығының кейінгі буын өкілдеріне тигізген әсері жан-жақты қарастырылады. Абайдың көркемдік әдістері мен философиялық идеялары кейінгі әдебиет дамуына қалай ықпал еткені талданып, оның ұлы мұрасының мәңгілік құндылығы туралы ой қозғалады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Абай және қазақ әдебиеті дегеніміз мағыналық ауқымы өте кең ұғым. Абай поэзиясы - өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Оның өлеңдерінде, қарасөздерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей теңіз шындығы бар. Абай шығармаларының қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой-пікір, көркем сезім әлемін ашқаны даусыз. Абайдың ақындық әлемі деп соны айтамыз.
Абай поэзиясының ішкі рухы мен көрініс-көркі, сипаты мен сыны бұрын әдебиетте дәл мұндай дәрежеде көрінбеген жарасымды жаңалық танытады. Ақын поэзиясына осындай қуат-күш, көркемдік сәулет беріп тұрған - оның шығармасында қазақ халқының бүкіл өмірінің, әсіресе сол дәуірдегі қоғамдық өмірінің, шындығы терең бейнеленуі және оларда әдебиеттегі ұлттық көркемдік ойлау өзгешелігінің, өмір кұбылыстарын сөзбен мүсіндеу шеберлігінің жарқырап көрінуі. Абай поэзиясының тілі, сөз кестесі мен өлең өрнегі кіршіктей коспасы жоқ таза халықтығымен, келісті қарапайымдылығымен, тартымды сонылығымен құнды.
...