Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өндіріс орындары туралы жалпы мәлімет

Автор:   •  Октябрь 27, 2020  •  Контрольная работа  •  1,995 Слов (8 Страниц)  •  869 Просмотры

Страница 1 из 8

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

[pic 1]

Өндіріс орындары туралы жалпы мәлімет

Қабылдаған:Ишкибаев Кайрат

                                                                      Орындаған: Лесбай Ұлдана

2020 ж

Жоспар:

Кіріспе:

1.Өндіріс орындары туралы жалпы мәлімет

Негізгі бөлім:

1. Қазақстандағы танымал кәсіпорындары

2. «Қарағанды Конфеттері» кәсіпорынына сипаттама

3.Рахат АҚ кәсіпорыны

Қорытынды

\

Қазақстанда бүгінгі күнде кондитер өнімдері өндірісінде танымал кәсіпорындар: «Қарағанды Конфеттері» АҚ, «Рахат» АҚ, «Баян Сұлу» фабрикасы бар. Аталған кәсіпорындардың даңқы тек Қазақстанға ғана емес, басқа да алыс-жақын шет елдерге кеңінен танымал. Мысалы «Қарағанды Конфеттері» фабрикасының тарихи 1956 жылдың қараша айынан басталады. Мемлекеттен 85% фабриканың акциясын сатып алған ағылшын компаниясы «Ю-Ай-Джи» 1996 жылдың мамыр айынан фабриканы басқара бастағында фабрика жаңаша дамуға мүмкіндік алды. «Қарағанды Конфеттері» АҚ – Қазақстанда бүгінгі күнде тағам өнімдері өндірісінде алдағы кәсіпорындардың бірі. Фабрика кондитерлік өнімдердің 247 түрін шығарады. Фабрикада бір жылда – 12000 тонна өнім шығарылады. 1996 жылдан бастап жаңа цехтар салынды. Жаңа техналогиямен шоколадты конфеттер өндiретiн жаңа шоколадты-бисквит цехы жұмыс iстейдi, бұнда «Лиса Алиса (Түлкі Алиса)», «Артемон», «Буратино», вафли, торттардың 10-нан астам түрлерi өндiрiледi. Кәсіпорынның 45 жылдық мерейтойына (2001) байланысты пралине сияқты конфет шығаратын жаңа жүйе iске қосылды. Ендi онда «Мальвина», «Матрешка», «Винни-Пух», «Чунга-Чанга» сияқты жаңа конфеттерден басқа және бәрiне бұрыннан таныс «Белочка (Ақ тиын)», «Маска», «Каракум», «Красный мак (Қызыл көкнәр)», «Ну-ка, отними (Кәне тартып ал)» сияқты сүйiктi конфеттерi шығарылады. «Қарағанды Конфеттері» АҚ өзінің өнімдерін Қазақстанның барлық жерлерінде, өзінің дербес ұсынушылары, дүкендері, 12 қалалардағы қоймалары арқылы және Ресей мен Германияда таратады. Сіздерге әшекейленген қорабта, дәмді дәстүрлі және сапалы жасалған шоколадтар, вафельді, мармеладтар түртүрімен ұсынылады. «Рахат» акционерлік қоғамы – 60 жылдан артық тарихы бар, Қазақстандағы кондитер өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орындарының бірі. Кондитер өнімдері алғаш рет 1942 жылы ликер-арақ зауытының алаңдарында Мәскеу және Харьковтен соғыс кезінде әкелінген жабдықтармен өндірілді. «Рахат» АҚ-нда мыңдаған адам жұмыс жасайды. Өндіріс қуаты екі жерде, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Өндірістің жан-жақты сипаты, ауқымдылығы және какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша жеке өз желілерінің болуы компанияның отандық өндірушілер арасында кондитер өнімдерінің кең көлемдегі сұрыпталымына ие болуына мүмкіндік береді. Қазіргі күні 6 «Рахат» АҚ-ның ассортименті 250-ден астам атауға ие, 10 түрлі топқа жататын әр алуан кондитер өнімдеріне толы. «Рахат» АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл ассортименттерге калориясы төмен және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атаулары кіреді. Кәсіпорында сапаны бақылаудың кешенді жүйесі және бірыңғай жауапкершілікке негізделген ішкі сапа жүйесі ұйымдастырылған және іске асуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылауға негізделген. Кәсіпорында ҚР СТ ИСО 9001 – 2001 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілген және қолданылуда. Фабрика өнімдерi отандық нарықтағыдай жақын және алыс шет елдер нарығында да белгілі. «Рахат» АҚ өз өнімін ішкі нарықта жоғары деңгейде жеткілікті ету саясатын жүзеге асырады. «Рахат» АҚ сату ауқымы бүкіл Қазақстанды қамтиды, компанияның 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесі бар. Алматы қаласы бойынша өнім ірі көтермемен сатып алушылар арқылы, сонымен бірге фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы таратылады. Республиканың басқа аймақтарына «Рахат» АҚ өнімін жеткізу фирмалық сапалы өнім сатуды жүзеге асыратын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорындар) құрумен қамтамасыз етіледі. Осылайша «Рахат» АҚ-ның сату ауқымы бүкіл Қазақстанды және компанияның еншілес сауда ұйымы бар көрші Қырғызстанды қамтиды. Өнімді сыртқа шығару жоғары бәсекелестік жоқ және саяси-экономикалық жағдайлар ішкі саудаға кедергі келтірмейтін орталық-азия өңірлеріндегі елдермен (Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүргізіледі. ТМД-ның басқа республикалары және алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өніміне деген қызығушылыққа байланысты келешекте компания өндіріс көлемін арттыруды және экспорт көлемін ұлғайту жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр. «Баян Сұлу» фабрикасы жыл сайын алыс-жақын шетелдерге 10 мың тоннаға жуық түрлі тәттілерді жөнелтеді. Биыл жаңа желі жұмыс істей бастаса, бұл көрсеткіш 30 пайызға өспек. Елiмiздегi iрi кондитерлiк фабрикалардың бiрi болып саналатын фабриканың жұмыс iстеп келе жатқанына отыз жылдан астам уақыт өтіптi. Бүгiнде тәттi өнiмдердi өткiзуден Қазақстан нарығында алғашқы орындардың бiрiнде. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында ЖШС «Исаев» құрамындағы нан- кондитерлік өнімдер комбинаты тәулігіне 5,5 тонна өнім шығарады. Тұтынушылар «Коровка», «Школьник», «Морские камешки», «Мармелад», «Ирис» деп аталатын қантты кондитер өнімдері мен ұнды кондитер өнімдерінің мол ассортиментін қолдануда. 7 Орал қаласындағы «KAZKON» кондитер фабрикасы 2011 жылғы қарашадан бастап Қазақстан нарығындағы жас, динамикалы дамушы компания. Фабрика ұнды кондитер өнімдерін үш бағытта өндіреді: I бағыт – Үгілмелі печеньелер; II бағыт – қантты печенье және пряниктер III бағыт – вафельді орама.

...

Скачать:   txt (28.6 Kb)   pdf (168.8 Kb)   docx (18.8 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club