Қола дәуіріндегі Қазақстан өнері
Автор: Qazyn_a • Сентябрь 17, 2021 • Реферат • 2,065 Слов (9 Страниц) • 534 Просмотры
Қола дәуіріндегі Қазақстан өнері
1.Қазақстандағы мегалиттік сәулеттің ерекшелігі;
МЕГАЛИТ МӘДЕНИЕТІ — негізгі ескерткіштері қатарына мегалиттер, яғни аса үлкен тастардан жасалған құрылыстар кіретін көне археологиялық қазба ескерткіштердің жалпылама атауы. Неолит пен қола дәуірлеріне байланысты қолданылады. Атау, ең алдымен, мегалиттік құрылыстар кеңінен тараған Бат. Еуропа елдері ғылымына тән және басқа елдер ғылымына батыстан енген. М. м. 20 ғ-дың басында О.Монтелиус, С.Мюллер, М.Гернес, сондай-ақ И.Арнольди, Дж. Дэниел, Дж.Хокинс, Г.Чайлд, Дж.Кларк, С.Нордман, Е.Шпрокхофф, т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде зерттелді. 20 ғ-дың басында ғылымда алдымен мегалиттік құрылыстарды ғана қамтитын ерекше М. м. жайлы пікірлер қалыптасты. Осы тәсіл мегалиттік құрылыстарды тек әлдеқандай бір этн. Топтарға таңатын, ал бұл ескерткіштердің таралуын осы топтардың бір өлкеден екінші өлкелерге жылжуымен түсіндіретін пікірлердің туындауына мүмкіндік берді. Бұдан келіп көне дәуірлерде алып мегалиттер салумен шұғылданған ерекше “құрылысшы” халық өмір сүрген, ол мұхит жағалауларымен жылжып отырған дегенге саятын көзқарас пайда болды. 20 ғ-дың 2-жартысынан бастап Бат. Еуропаның неолит пен қола дәуірлерін қамтитын көне мәдениеттерін кеңінен зерттеу ісі қарқынды дамыды. Осы кезден бастап мегалиттер салумен шұғылданған ерекше халық жайлы болжам пікірлер өмір сүруін тоқтатты. Түрлі деңгейде зерттелген Бат. Еуропа М. м. қатарына көптеген мәдениеттерді жатқызуға болады. Гүлдену мерзімі б.з.б. 2400 — 2300 жылдарға тұстас келетін Франциядағы Сена-Уаза-Марна (СУМ) мәдениетінің қабырғалары үлкен тастармен көмкерілген, ішінде 70-ке дейін адам жерленген “жабық галерея” түріндегі қабірханалары белгілі. Шақпақ тастан жасалып, жақсы өңделген балталар, жапырақ пішіндес қанжарлар мен түбі тегіс қарапайым көзелер көптеп табылған. Бретань мегалиттер дәуірі мәдениетінің өз ерекшеліктері бар. Британияда мегалиттер жергілікті уиндмиллхилл мәдениетінің кезінде тарайды. Мұндағы 1925 ж. зерттелген негізгі ескерткіш Уиндмилл-Хилл қонысының алғашқы қабаттары б.з.б. 3-мыңжылдықтың басымен мерзімделеді. Кейінгі неолитте, б.з.б. 3-мыңжылдықтың соңы мен 2-мыңжылдықтың басында Оңт. Англия мен Шотландияда райнио-клектон мәдениеті қалыптасты. Осы мәдениет ауқымында Британияның атақты ескерткіші Стонхендждің ерте бөлігі пайда болды (бұл мегалиттік ескерткіш 3 кезеңде салынған, 3 бөліктен тұрады). Англияның мегалиттер дәуіріндегі айрықша ескерткіштерінің бірі — Эвбюри кешені. Бұған диам. 350 м үлкен кромлех, менгирлер аллеясы, Овертон-Хилл ғұрыптық құрылысы, көптеген “ұзын обалар” мен мегалиттік қабірлер, күшейтілген қалашық және жалпы Еуропаның ең үлкен обаларының бірі саналатын биікт. 37,5 м Сильбюри-Хилл обасы кіреді. Ирландияның үлкен тас обалар астындағы мегалиттік қабірханалары, негізінен, жергілікті клайд-карлингорд мәдениетіне қарасты. Бат. Еуропаның неолиттік мәдениеттері бір-бірімен байланыста дамыды, мұның өзі мегалиттік ескерткіштердің кең тарауына әсер етті.
2. Сақтардың мемориалдық құрылысының ерекшелігі;
Қазақ мемлекеттігінің түп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген. Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. ВЫЫ ғ. — б. з. В ғ.) көшпелі қоғамда малға жеке меншіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Сактардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен Грек-Бактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі. Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректерге көбірек жүгінетін боламыз. Жетісудағы сақ дәуірінің обалары біршама жақсы зерттелген. Биіктігі 18—20 метрге дейін жететін патша обалары ағаштан салынған. Мұндай сақ пирамидаларының ішіндегі зәулімі — Үлкен Бесшатыр қорымы (Іле өзені маңы). Орасан зор Бесшатыр патшалық обасының салынуы қоғамда әлеуметтік жіктелудің болғандығын көрсетеді. Жекелеген адамдардың әлеуметтік артықшылығын білдіреді. Ал әлеуметтік теңсіздіктің болуы мемлекеттіліктің алғашқы баспалдақтарының біріне жатады. Алғашқы кездегі сақ коғамын әскери-демократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери-демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды. Байлық — ендігі жерде — соғыс, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған. Бұл бара-бара мүлік теңсіздігіне әкеліп соқты, бара-бара қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті корғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды. Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың кол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды.
...