Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ортa ғaсырдaғы бейнелеу және сәулет өнері

Автор:   •  Октябрь 18, 2023  •  Лекция  •  810 Слов (4 Страниц)  •  106 Просмотры

Страница 1 из 4

7 лекция. Тақырыбы: Ортa ғaсырдaғы бейнелеу және сәулет   өнері

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

  1. Визaнтия көркемөнер мәдениетінің дaму кезеңдері мен ерекшеліктері
  2. Еуропaдaғы ромaндық және готикaлық өнердің стильдік ерекшеліктері

Сәулет өнері. ХI ғасырда Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды. Байыған шіркеулер сансыз діндарларды сыйғызу үшін храмдарды ұлғайтты. Қарапайым ағашпен жабылған жайдақ тө- белерін тас күмбездермен алмастырды. Оны қалың қабырғалар ғана көтере алатын еді. Сол уақыттағы құрылысшылар Ежелгі Римнің сәулет өнерінен көп үлгі алды, сондықтан да ХІ-ХІІ ға- сырлардағы ғимараттарды роман (латын сөзі Рома – Рим) ғимараттары деп атайды. Роман храмы қабырғасы тегіс, биік мұнара- лы, алып ғимараттар еді. Күмбездерінде, терезелерінде, храм- ның кіре берісінде доға тәрізді аркалар қайталанып отырады. Роман храмдары өзінің сұстылығымен және күрделілігімен қа- мал тәрізденіп, католик шіркеуінің құдіретіне сенім туғызуға тиіс болды. Олар үйсіз-күйсіз, қашқан-пысқан халыққа баспана қызметін де атқарды.

XII ғасырдың аяғынан бастап мырзалардың өктемдігінен құтылған қала тұрғындары сауда үйлерін, ратушаларды, соборлар- ды, ауруханаларды, қонақүйлерін сала бастады. XII-XV ғасырлардағы құрылыстар готикалық деген ат алды. Құрылысшы ше- берлігінің одан әрі өсе түсуі ауыр доға тәріздес күмбездерді неғұрлым жеңіл, шошақ күмбезбен алмастыруға мүмкіндік берді. Енді қалың қабырғаның керегі болмай қалды. Қаракөлеңке ро- ман храмынан өзгешелігі готикалық соборлар үлкен терезелері- мен жарқырап көрінеді. Қайталанып келетін аркалары, сәнді құрама күмбездері, тіреулермен безендірілген биік мұнаралары

  • осылардың бәрі аспанмен тілдескендей әсер беретін. Ең үлкен готикалық собор мұнараларының биіктігі 150 метрге жетіп, Египет пирамидаларынан да асып түсті. Сәнді, аса үлкен собордың ішінде діндарлар құдіретті Құдай алдында өздерін дәрменсіз және мүсәпір  сезінуге, өздерінің бүкіл  ойын,  сезімін соған арнауға тиіс болды. Сонымен бірге келушілер собордың сәулеттілігі мен әсемдігін сүйсіне тамашалады. Собор ұзақ уа- қыт бойы қалалардағы бірден-бір үлкен ғимарат болды. Онда тек шіркеу жоралғылары ғана емес, сонымен қатар қала халқы- ның жиналыстары өткізілді. Діни тақырыптағы театр ойындары көрсетілді, мұнда профессорлар дәріс оқыды, мемлекеттер ара- сындағы келіссөздер жүргізілді. Ортағасырдағы ғимараттар қа- зірдің өзінде де оны жасаушы шеберлер ой-қиялдарының шек- сіздігімен сүйсіндіреді. Готикалық соборларды салуға көптеген адам, тіпті сәулетшілердің, тас қалаушылардың, ағаш шеберле- рінің, әйнекшілердің бүтіндей ұрпағы қатынасты.

Орта ғасырлардағы мүсін өнері сәулет өнерімен тығыз бай- ланысты болды. Соборлар құдайларды, епископтарды, король- дарды бейнелейтін жүздеген, тіпті мыңдаған бедерлермен және мүсіндермен безендірілді.

Дінбасылардың пікірі бойынша, өнер сауатсыздар үшін  «Інжіл» міндетін, христиан кітаптарында айтылатын окиғаларды бейнелеу, суреттеу, сенімін арттыру, тозақ азабымен үрейлен- діру қызметін атқаруға тиіс болды. Өнер шығармалары шіркеу- дің тапсырмасы бойынша жасалды, бірақ оны халықтан шыққан шеберлер тудырды. Діни тақырыпқа арналған мүсіндер арқылы олар өмір жөніндегі өз түсінігін көрсетті, адамның адамгершілі- гін және сезім байсалдылығын дәріптеді. Шеберлерде әсіресе ананың балаға деген сүйіспеншілігін суреттеуге құштарлық басым болды. Бұл Құдай-ананың көптеген бейнелерінен көрінді (Батыс Еуропада оны «мадонна», «менің қожайыным» деп ата- ды). Адам денесінің сұлулығын дәріптеген антикалық өнерге қарағанда, орта ғасыр суретшілері адамның ой байлығын, сезімі мен көңіл күйін ашуға көбірек ұмтылды. Роман шеберлері адам денесін көбіне жүдеу, бет-бейнесін кескінсіз, титықтаған етіп бейнеледі. Адамның қиналысын немесе шаттығын барынша жеткізу үшін олар адам бейнесіне көбіне рабайсыз пішін берді. Роман мүсіндеріне қарағанда, готикалық мүсіндерде адам бей- несі дәлірек берілген, киім қыртыстары, адам денесінің кескін- пішіні айқын байқалады. Дарынды шеберлер өмірде көргендерін нанымды бере білген. Адамның сырт келбетімен қатар, ішкі сұлулығына зейін қоюшылық байқалады. Бейнелеу өнері. Роман храмдарының қабырғалары суретке толы болатын, ол суреттерден құлшылық етушілерге «әулиелер» мен құдайдың сұсты бейнелері карап еңбек үстіндегі тұратын.

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (180.3 Kb)   docx (84.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club