Сәулет және конструкция
Автор: tanataraknit • Июнь 12, 2020 • Лекция • 6,202 Слов (25 Страниц) • 725 Просмотры
Сәулеттің пайда болуы адам қоғамының бастапқы дамуында тұрғызылған бірінші тұрғындық құрылыстармен байланысты. Қазіргі түсінік бойынша сәулет дегеніміз – ғимараттарды, құрылымдарды және олардың кешендерін жобалау және тұрғызу өнері. Сәулет мақсаты қоғамның және адамдардың өмірлік процестері өтетін жасанды ортаны құру болып табылады. Сәулет материалдық орта ретінде қоғам өмірінің әулеметтік жағдайларын, өнер ретінде – терең эмоциялық әсерлерді беруге қабілеттілігін, материалдық өндірістік саласы ретінде – құрылыстық техникаға сүйенетіндігін көрсетеді. Адам әрекеті үшін өте қолайлы ортаны құру біріншіден, ғимараттың көлемдік–кеңістік және сәулеттік–жоспарлық құрылымының дұрыс таңдалуына, ғылыми жетістіктердің, жобалау мен пайдалану тәжірибелерінің дұрыс ескерілуіне байланысты. Ғимараттың, өзінің функциялық тағайындалуына сәйкес болу, ыңғайлылығы және қажеттілігі сәулеттік құрылымдарға қойылатын негізгі талаптар болып табылады. Ішкі сәулеттік кеңістікті ұйымдастыру функционалдық тиімділігімен, оларға тән әулеметтік және функционалдық процестерге бөлмелердің көлемі мен байланыстарының сәйкестігімен анықталады. Көрермендік ғимараттарда, мысалы, функционалдық процесс жақсы көру мен естуді, залдың ыңғайлы толуын және көрермендердің кедергісіз шығуын қамтамасыз ететін құрылымды құрудың қажеттілігін тудырады. Бөлмелердің тиімді жоспарлануымен қатар, ғимараттың ыңғайлылығы сатылардың, лифттердің дұрыс орналасуымен, инженерлік қондырғылардың орнатылуымен қамтамасыз етіледі. Ғимараттың сыртқы келбеті, оның функционалдық ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар сұлулық заңдары бойынша құрылуы қажет. Гегель классикалық сәулеттің ұлы сұлулығының бірі арқалықтар салмағын көтеру үшін қажеттіден көп ұстындарды қоймау болып табылады және сәулетте тек қана безендіру үшін қойылған ұстындар нақты сұлулықтан жұрдай деп айтқан. Сәулеттің арқасында эстетикалық көз қарастар пайда болады және құрылады. Сәулеттегі әдемілікті сезіну суреттік жабдықтар мен идеялық ойлардың күші көрсетілгенде, пішіндердің заңдылықтары мен тепе-теңдігі, материалдың фактурасы мен түсі табылғанда, қоршаған ортамен гармонияға жеткенде ғана пайда болады. Ыңғайлылық, сұлулық және функционалдық тиімділігімен қатар, техникалық тиімділігі мен үнемділігін қамтамасыз ету бойынша талаптар да маңызды болып табылады. Сәулеттік-құрылыстық әрекет ғимараттардың тиімді көлемдік-жоспарлық шешімдерімен, материалдарды дұрыс таңдаумен, конструкциялардың салмағын жеңілдетумен, құрылыс әдістерін жетілдірумен қысқарып жүзеге асырылатын,
үлкен материалды шығындармен түйіседі. Сәулетте болашақты ескеру, өзінде даму әлуетінің болуы үнемді болып табылады. Ойлап табылған құрылымның кеңістігі мен көлемінің функционалдық және эстетикалық ұйымдастырылуының материалдық пішінге айналуы құрылыс материалдарын, конструкциялар мен машиналарды қамтитын құрылыстық техника көмегімен жүзеге асырылады. Құрылыс конструкциялары сәулеттің, негізінде, «ой астарындағы» элементтері болып табылады. Сәулет тарихынан белгілі, жаңа материалдарды қолдану жаңа сәулеттік ойлардың туылуына, жаңа пішіндердің пайда болуына келтірді, өмірге құрылыстың жаңа пішіндерін әкелді. Сонымен, XIX ғ. металл конструкциялары кеңінен тарады. Бұл металлургиялық өндірістің технологиясының тез дамуының және есептеудің жаңа әдістерін табудың қорытындысы болып табылады. Ол кезде ғимараттар мен құрылымдардың көтеруші конструкцияларын жұмыстың серпімді кезеңінде, яғни қолданбалы күштер мен пайда болатын деформациялар арасындағы сызықтық тәуелділікте есептейтін. Негізгі көтеруші конструкциялар ретінде ұстындар, арқалықтар, аркалар, фермалар және т.б. қолданылды. Ол кезде керемет ауада қалқып тұрғандай көрінетін көпірлер, өрнекті мұнаралар және басқа құрылымдар тұрғызылды. Кейін кеңістік
...