Казакстандаfы сайысу мәдениеті: генезис және тарихи ерекшелiктерi
Автор: dana1 • Июль 19, 2018 • Доклад • 2,274 Слов (10 Страниц) • 628 Просмотры
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЫСУ МӘДЕНИЕТІ: ГЕНЕЗИС ЖӘНЕ
ТАРИХИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Сайысу мәдениеті қазақ дәстүрлі қоғамының барлық болмыстық қабаттары мен деңгейлерінде көрініс тапқан және заманауи жағдайда да өмірдегі маңызды элементтердің бірі болып келеді. Бұл сұрақ көпетеген зерттеушілердің назарын аударып біршама зерттелген, солай музыкалық сайыстық дәстүрлерді, яғни айтыс жанры мен күй тартысты белгілі филологтар М. Жармухамедулы, С.Муканов, М. Ауэзов, М. Ғабдуллин, К.Жумалиев, өнертанушылар Б. Аманов, А. Сейдімбек, А. Омарова фундаменталды түрде зерделеген. Алайда сайысу дәстүрлері құбылысының негіздері және өзекті мәселелері бүгінгі таңда заманауи жағдайын түсіну тұрғысынан ғылыми ізденістерде актуалды тақырыптардың бірі болып табылады. Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ойлары ұлттық мәдениеттің құндылығы бүгінгі саяси-мәдени үдерістерімен үндес екендігін көрсетеді: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу.»
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салтына байланысты шабандоздардың шеберлігі мен атты ұстай білу қабілеті өте жоғары бағаланған, сондай-ақ аңшы құстармен аңға шығу, нысананы көздеп садақтан оқ ату, балуандардың әртүрлі күрес тәсілдерін білгені күнделікті өмірдің қажеттіліктерін ашатын маңызды дағдылар болған. Одан басқа, адамның логикалық қабілеттерін және баланың дәлдігі мен тапқырлығын дамытатын іс-әрекеттер жалпы халыққа тән қасиеттерге жатады. Атап айтқанда бәйге, жорға жарыс, қыз қуу, көкпар, бүркіт салу, жамбы ату, қазақша күрес, тоғыз құмалақ, асық т.б. ұлттық ойындар кең таралған.
«Сайыс» сөзіне қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бірінші мағынасында «Адамдардың өзара күш, өнер салыстырып сайысқа түсуі, жарыс», екінші мағынасында «тартысу, таласу, айтысу» деген анықтамалар жазылған. Осы сөздердің орысша баламалары «состязание», «конкурс».
Ұлттық спорт және ұлттық ойын түрлері бойынша қысқаша шолу жасасақ сайысу мәдениеті өмірдің барлық салаларына енгенін байқаймыз. Ат спортының сайыстық мәдениеті әртүрлі ойындардан құралады. Бәйге – жақын немесе алыс жерлерге ойлы-қырлы жолмен шабу. Бұл сайыста шабандоздың тактикалық шеберлігі шешуші рөл атқарады. Бәйгенің тарихи қалыптасуы көшпелі тұрмыспен, аттарды ұзақ өткелдерге дайындау мақсатымен байланысты. Заманауи бәйге ипподромдарда ұйымдастырылады. Аламан бәйге түрінде арақашықтық ұзындығы ұлғая түседі. Мұндайда әдетте жылқысы жүрдек адам озбайды, керісінше, жарысты тактикалық тұрғыда ұтымды түрде өте білетін және жылқының күшін дұрыс есептеп бөлген, шабысқа жақсы дайындайтын шабандоз жеңеді. Жорға жарыс – шабандоздардың жорға мініп жарысуы. Нағыз жорғалар сайыс кезінде ешқашан да қарапайым түрде шаба бастамайды. Бұл ереженің бұзылуы кезінде жорға мінген шабандоздарға айып салынады. Жорға жарыстың арақашықтығы әдетте үлкен емес. Көкпар – ат спорты сайыстарының бірі. Ойын кезінде ат үстіндегі жігіттердің екі тобы да серкенің мүшеленбеген терісіне таласады. Оны қолға түсіріп қана қоймай, өз «отауына» жеткізу керек, көп рет өз тобының «отауына» апарған жақ жеңеді. Бұл сайыста шабандоздар ат үстінде нық отыру дағдысын дамытады, және жылқыны үйрету деңгейі өседі. Қыз қуу – шабандоздар рөлінде бойжеткен мен бозбала жұбы қатысатын ат сайысы. Ойынның тарихи пайда болуы жігіт өзіне ұнаған бойжеткенді қуып жетіп, шабыс кезінде қыздың бетінен бір сүюге құқығын алумен байланысты. Егер де қыз қайтар жолда бозбаланы қуып жетсе, ол да жеңімпаз саналып, сылбыр жігітті қамшымен сабауға рұқсат алатын.
Аңшы құстармен аң аулау салтына байланысты туындап дамыған сайыстардың бірнеше түрі болғанымен ең көп таралғаны – бүркіт салу. Жарысты өткізгенде тегіс далаға
...