Ежелгі қазақ өнері сақ скиф өнері
Автор: asselyaa.uu • Октябрь 9, 2021 • Реферат • 2,133 Слов (9 Страниц) • 574 Просмотры
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы Ежелгі қазақ өнері сақ скиф өнері
Орындаған:1 курс студенті,АЖИОЗ 21-10,
Утепова Әсел Тураханқызы
Тексерген: Акбаева Шолпан
Алматы қаласы, 2021 ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Сақтардың тарихы
- Қоныстанған жерлері
- Шаруашылығы
- Мәдениет,ескерткіштері
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
КІРІСПЕ
Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар болып табылады. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғасырда. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар болды
Б.з.д. 1 мыңжылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың үш топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар-тиграхаудтар шошақ бөріктілер, сақтар -хаомаваргалар хаома сусын дайындайтындар, сақтар-парадайлар теңіздің арғы бетіндегілер. Сонымен қатар, оңтүстікте — масагеттер мен даилер, солтүстікте — аргипелер, шығыста — аримаспылар, орталық аудандарда — исседондар, батыста — савроматтар, оңтүстік батыста — каслылар өмір сүрді. Бұл тайпалардың барлығы жақын этникалық мәдени бірлестік құрап, сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Тарих атасы — Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құдіретті еркектер», Иран жазбалары «жүйрік атты турлар» деп атаған.
Негізгі бөлім
Сақтардың тарихы
Сақтардың саяси тарихы жайында грек тарихшысы Геродот өзінің тарих жазбаларында баяндаған болатын. Ол сақтармен парсы Кир әскері арасындағы соғысты баяндайды. Б.з.д. VI ғасырда сақ-массагеттердің әйел патшасы Томирис(1,2сурет) бастаған сақ әскері парсылармен соғыстар жүргізеді. Нәтижесінде парсыларды жеңгеннен кейін, ол бөтелкені қанмен толтырыңдар деп бұйырды, соған Кир патшаның басын салып былай дейді: «Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді тойып іш!». Міне, осы аңыздан сақтардың ержүрек жауынгер тайпалар болғанын көруге болады.
[pic 1] [pic 2]
(1,2-сурет Сақ патшасы Томирис https://istoriacumari.wordpress.com/2020/04/23/getii-prezentati-de-carlo-troya/)
Парсы патшасы Дарий I б.з.д. 519-518 ж. Жорықтарында кейбір сақ тайпаларын бағындыра алды және оларды алым — салық төлеуге мәжбүр болған жоқ. Кейін сақтардың бір бөлігі парсы әскері құрамына атты әскер ретінде қызмет етіп, грек — парсы соғыстарына қатысты. Грек тарихшысы Полиен, массагет — сақтардың парсыларға қарсы күресінің көңіл қоярлық бір оқиғасы туралы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өзімнің руластарымнан кегімді аламын деп мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардың көбі қырылып қалады. Б.з.д. IV ғасырдың басында Александр Македонскийдің(Ескендір Зұлқарнайын) басшылығымен македондық — гректер Орта Азияға баса — көктеп кірді. Оларға қарсы Орта Азия мен
...