Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлттық танымдағы анатомиялық фразеологизмдердің ғылыми негізі

Автор:   •  Октябрь 4, 2025  •  Научная работа  •  10,324 Слов (42 Страниц)  •  56 Просмотры

Страница 1 из 42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

«САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ №4 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КММ

Ғылыми жоба тақырыбы:

ҰЛТТЫҚ ТАНЫМДАҒЫ АНАТОМИЯЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен келешектегі туристік маршруттары

Секциясы: Тіл білімі (қазақ тілі)

Жетекшілері: С.Ә.Сүлейменов, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                      Р.Х.Аймагова, биология пәні мұғалімі

Оқушы: А.Сматилла

Сынып: 9-сынып

 

Түркістан – 2022 жыл

Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Сматилла Арунаның

«Ұлттық танымдағы анатомиялық фразеологизмдердің ғылыми негізі»

тақырыбындағы ғылыми жұмысына

ПІКІР

Кіріспе, зерттеу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұратын ғылыми жобада оқушы тіл білімінің фразеология саласын жаңа қырынан ашуға тырысқан. Бұл – зерттеу тақырыбының өзектілігін арттырған.  Жазылуы, рәсімделуі жағынан оқушылардың ғылыми жұмысына қойылатын талаптарға сай орындалған.

Кіріспе бөлімінде жұмысқа жалпы сипаттама беріле отырып, тақырыптың өзектілігін дұрыс көрсете білген. Зерттеу нысанын айқындап алып қойылған мақсат-міндеттер мен зерттеу әдістері жұмыстың құрылымының жүйелі жүргізілуіне тиімді бағыт бола білген.

Зерттеу бөлімінде оқушы зерттеу нысанына қатысты фразеологизмдерді іріктеп алып, олардың қызметін ашып көрсетіп, мақсатқа сай қолдана алған. Фразеологизм саласының зерттелуіне тоқталып, ғалымдардың еңбектеріндегі түрлі ғылыми пікірлерді салыстыра отырып, зерттеу мақсатына сай тұжырымдарды сәтті таңдап пайдалана алған. Іріктеп алынған фразеологизмдердің анатомиялық қызметін ұлттық таныммен байланыстыра зерттеуге тырысқан. Зерттеу тақырыбының өзектілігін дұрыс бағамдай отырып, ғылыми пікірлерді өз көзқарасын дәйектеуде еркін қолдана алған.

Ғылыми жұмыстың қорытынды бөлімінде зерттеу барысында нақтыланған мәселелерді зерделей келіп, өзіндік тұжырым жасайды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі теориялық және қосымша әдебиеттерден тұрады. Мұның өзі зерттеу тақырыбын кеңінен ашуға септігін тигізген деп сеніммен айтуға негіз бола алады. Адам ағзасының анатомиясын көрнекі суреттер арқылы дәлелдеуге тырысуы – оқушының өз тақырыбын шын мәнінде қызығып, жан-жақты зерттегінің айғағы.

Жас зерттеушінің  ізденісі  оның зерделеу жұмыстарын жүргізуінен, барлық пікіріне теориялық тұрғыдан дәлел келтіруінен, ғылыми тұрғыдан пайым жасауынан, сөз саптауға машықтанғандығынан көрінеді. Ғылыми пікерлерді негізге ала отырып ой түюі, ғалымдардың пікірін пайдаланып тұжырым жасауы, фразеологизмдердің анатомиялық қызметін талдап, өзіндік ерекшелігін ажыратуы – оқушының өз зерттеу тақырыбы бойынша білім қорын жеткілікті дәрежеде менгергенін танытады.

Келтірілген пікірлерді негізге ала отырып А.Сматилланың «Ұлттық танымдағы анатомиялық фразеологизмдердің ғылыми негізі» тақырыбындағы ғылыми жұмысын оқушылар арасындағы ғылыми жобалар байқауына ұсынуға лайық деп есептеуге болады.

ОҚМПУ, Қазақ тілі мен әдебиеті

кафедрасының меңгерушісі,

филология ғылымдарының кандидаты,

доцент                                                                        Д.Н.Байғұтова

Аннотация

Бұл ғылыми жұмыста фразеологизмдердің ұлттық танымды танытудағы қызметі анатомиямен байланыстырыла отырып зерттелген. Адам ағзасының анатомиялық қызметін ашып беруде ата-бабаларымыз тұрақты тіркестерді шебер қолдана білгені дәлелденген. Ғылыми көзқарас қалыптастыру мақсатында фразеология, адам анатомиясы саласындағы еңбектерге сүйеніп, салыстыра зерттеу арқылы ғылыми тұжырымдар келтірілген және «Анатомиялық фразеологизмдер» терминін енгізуге ұсыныс жасалған.

...

Скачать:   txt (142.4 Kb)   pdf (912.7 Kb)   docx (360.1 Kb)  
Продолжить читать еще 41 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club