Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тіліндегі зат есімдер жіктелісінің танымдық негізі мен мәні

Автор:   •  Апрель 7, 2022  •  Дипломная работа  •  20,847 Слов (84 Страниц)  •  375 Просмотры

Страница 1 из 84

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақ тіліндегі зат есімдер жіктелісінің танымдық негізі мен мәні»

Мазмұны

Кіріспе

5

1 Зат есімнің грамматикалық сипаты

9

1.1 Зат есімнің зерттелу жайы

9

1.2 Зат есімнің сөзжасамдық сипаты

13

1.3  Зат есімнің морфологиялық белгілері

14

1.4  Зат есімнің синтаксистік қызметі

20

2 Зат есімнің жіктелісі мен мәні

22

2.1  Зат есімнің мағыналық топтарының жіктелуі мен негіздемесі

22

2.2  Зат есімнің мағыналық тобының қазақ тіліндегі ерекшелігі

31

2.3  Зат есімнің әр тобының түрлену жүйесі

39

Қорытынды

54

Қолданылған әдебиеттер тізімі

60

.


Кіріспе

Тіл – адамзаттың қатынас құралы. Ол өмірде болған уақиға мен адам психологиясына, тұрмыс-тіршілігіне қатысты процестерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, өткел, байланыстырушы буын қызметін атқарып келеді. Бұлардың барлығы сөз мағынасын байланыстырады да, зат пен құбылыстарға атау береді. Уақыт өтуімен байланысты саны да көбейіп сөз байлығы (сөздік құрам) деген түсінікті жасайды. Біздіңше, тілдің байлығы құрамындағы сөздердің санымен ғана өлшенбесе керек. Тіл байлығы сөздердің мағына шеңберіне, көп мағыналығына, сөздердің тіркесімділігіне байланысты болады.

Сөз мағынасының ішкі қасиетін, даму жолдарын, мағыналық өзгерістерін анықтау мәселесі ғалымдарды ерте бастан-ақ қызықтырған. Түркі тілдерінде сөз мағынасын зерттеу ХХ ғасырдан басталады. Осы кезде зат есімнің семантикасын әр ғалым өзінше топтастырған. Әр автордың өзінше дәлелдері бар. Түркологияда сөз болып жүрген лексика-семантикалық топ туралы пікірлер қазақ тілі біліміндегі айтылып жүрген пікірлерден онша алшақ емес. Мұның себебі түркі тілдерінде де сөз семантикасының толық зерттелуі, лексика-семантикалық топтарға сөздерді топтастыру принциптерінің жасалмауы. Лексика-семантикалық топ туралы пікір айтушылар оның ғылыми негізін анықтамай-ақ, өздерінше өлшем–критерий қойып, талдап жүр. Түркі тілдеріне байланысты жазылған еңбектерде зат есімнің мағынылық топтары алты- жетіге дейін жетуі жұмысымызда айтатын пікірімізге дәлел бола алады. Тілдегі сөздің семантикасының алатын орны танылғанымен, оның зерттелуі, мағынасына қарай топтау кеш басталған. Бұл мәселеге арналған еңбектер де аз емес.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде толық ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелер аз емес. Солардың бірі – зат есім  сөздердің жіктелісінің танымдық мәні. Зат есім – грамматикалық категорияға бай, күрделі сөз табы. Түрлену аясы, қолданылу жиілігі жағынан бірде-бір сөз табы  зат есімммен теңдесе алмайды.  Зат есім морфологиядағы 10 сөз табының ішіндегі етістік  сөз табынан кейін орын алатын күрделі сөз табы. Осымен байланысты зат есімнің мағыналық өрісі де, кең болуы заңды құбылыс.  Зат есімнің мағыналық қырын анықтау  қазақ тілі білімінде толық зерттеліп біткен емес. Көптеген ғылыми еңбектерде  зат есімдер көбінесе морфологиялық тұрғыда қарастырылады.  Зат есімнің сөз тудырушы, форма тудырушы жұрнақтары, грамматикалық категориялары анықталса да, мағыналық негізден қарастыру, мағыналық топқа бөлу  негізі тасада қалып отырады.

 Дипломдық жұмыс нысаны. Зат есімді сөздер дипломдық жұмыстың нысаны болып табылады.

Дипломдық жұмыс мақсаты – қазақ тіліндегі зат есімдердің  грамматикалық  сипатын, морфологиялық белгілерін,  мағыналық топтарының жіктелуі мен негіздемесін анықтау.

Дипломдық жұмыс міндеттері. Көрсетілген мақсатты орындау үшін мына міндеттерді шешу көзделеді:

  • зат есімдердің жалпы зерттелу сипатына тоқталу;
  • сөзжасамдық жолдарына талдау жасау;
  • зат есімдердің  мағыналық тобының  зерттелуіне шолу жасау;
  • зат есімнің грамматикалық белгілерін нақтылау;
  • түрлену жүйесін нақтылау;
  • мағыналық жіктеліске түсу негізін ашу;
  • мағыналық тобының түрлену ерекшелігін көрсету;

Дипломдық жұмыстак негізге алған  дереккөздер. Зат есімдердің 

мағыналық  жіктелісінің мәнін, әр тобының жіктелуі  мен  әр тобының  түрлену жүйесін  айқындау барысында  қалыптасқан тіл білімдік теориямен сипатталады. Жұмыста   А. Ысқақов, Ы. Маманов, С.Исаев, Н.Оралбай, Г.Смағұлова, М.Жүнісова, Ө.Төлеуов, Ы.Шақаман, т.б.  ғалымдардың ой-пікір, тұжырымдары басшылыққа алынды.

...

Скачать:   txt (272.9 Kb)   pdf (485.8 Kb)   docx (93.6 Kb)  
Продолжить читать еще 83 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club