Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркі тілдердегі туыстық атаулар және оның семантикасы

Автор:   •  Август 18, 2018  •  Дипломная работа  •  23,883 Слов (96 Страниц)  •  1,645 Просмотры

Страница 1 из 96

МАЗМҰНЫ

        КІРІСПЕ............................................................................................................3

         1 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАР          ЖӘНЕ ЭТНОЛИНГВИСТИКА  МӘСЕЛЕЛЕРІ......................................7

        1.1 Халықтық дүниетаным және тіл .............................................................15

        1.2 Екі тілдегі туыс, туысқан сөздерінің мағыналық         ерекшелігі.........................................................................................................23

        2 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ         МАҒЫНАЛЫҚ  ЖІКТЕЛУІ ......................................................................27

             2.1 Екі тілдегі қандық туыстық атаулар ......................................................35

              2.2 Екі тілдегі некелік туыстық атаулар .....................................................49

        ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................57

        ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................60

КІРІСПЕ

        Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу нысанамызға алынып отырған тақырып – қазақ және түрік тілдеріндегі туыстық атаулар жүйесі, екі тілдегі туыстық атаулардың семантикалық ерекшеліктерін саралап көрсету. Қазақ және түрік тілдері туыстық атауларға келгенде ешбір тілде кездеспейтін ерекше бай лексикалық қорға ие. Алайда оған қарамастан, екі тілдегі туыстық атауларға байланысты сөздер әлі де болса толық зерттеуді қажет ететін лексикалық категориялардың бірі болып отыр.

        Қазіргі уақытта тіл мамандарын, мәдениеттану және әлеуметтік лингвистика мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдардың қызығушылығын арттырып жүрген мәселелердің бірі – ұлттар мен ұлыстар арасындағы өзара байланыс, әр этностың өзіндік белгілері мен сипаттарын зерттеу болып табылады. Кез-келген ұлттың этно-мәдени ерекшеліктері қарым-қатынас процесі мен сөйлеу әрекетінде байқалады.

        "Әр халықтың өзіне ғана тән ұлттық ерекшеліктерін, өзгешеліктерін құрайтын әдет-ғұрып лексикасы бар. Осы әдет-ғұрып лексикасы рухани дүниені де, материалдық дүниені де түгел қамтиды. Туыстық атаулар – өзінің ғасырлар қойнауына кететін терең тарихымен, жүйелі құрылымымен, мәдениетаралық қарым-қатынас үшін ерекше маңызды танымдық құндылықтарымен ерекшеленетін сөздер тобы" [18]. Туыстық атаулар жүйесін, олардың семантикалық ерекшеліктерін саралап, зерттеу тіл білімінің аса маңызды саласы – этнолингвистиканың міндеті. Сол себепті жұмысымызда этнолингвистика мәселесіне де жеке тоқталып кеттік. Этнолингвистика тілдік фактілердің өзін ғана зерттемейді, ол тілдік материалдарды халықтың тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, сонымен қатар, таным-түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-санасымен байланыстыра зерттейді. Олай зерттеудегі мақсат – тілдің лексикалық байлығы негізінде халықтың рухани, мәдени өмірін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ой-жүйесі мен дүниетанымын жан-жақты ашып көрсету.

        Жалпы түркі халықтары, солардың ішінде, қазақ және түрік халқы ежелден туыстық қатынасқа, оның қоғамдағы орнына ерекше мән берген. Басқа халықтар жақын туыстарының өзіне атау ойлап таба алмай жатқанда, халқымыздың әрбір туыстық қатынастың ара жігін ажыратып, әрқайсысына жеке жеке атау беруі осының бір дәлелі болса керек. Қазақ және түрік тілдеріндегі кез келген туыстық атауға қарап оның қандық немесе некелік туыстық атау екендігін, оның әке не болмаса шеше жақтан туысқан екендігін бірден ажыратуға болады. Бұл кез келген халықта кездесе бермейтін жайт. Қазақ және түрік тілдеріндегі туыстық атауларды зерттеп саралау арқылы екі халықтың да өзіне ғана тән ұлттық ерекшеліктерінің бар екендігін байқауға болады.

        Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл білімінде халықтың бітім-болмысының, мәдениетінің тілге әсер етуін, тілдегі көрінісін, қарым-қатынас процесі мен оның әлеуметтік-мәдени жақтарын қарастыру  көкейкесті мәселелердің бірі. Бүгінгі түркітану ғылымы үшін қазақ және түрік этностарының тілі мен мәдениетін зерттеу маңызды шаруалардың бірі болып табылады.Туыстық атауларға байланысты сөздер қазақ және түрік тілдерінде әлі де болса толық зерттелмей жатқан лексикалық категориялардың бірі. Олардың этимологиялық ерекшеліктері мен жергілікті ерекшеліктері бірді-екілі еңбектерде ғана қарастырылады. Туыстық атаулар ұлттық ерекшелікті, өзгешелікті құрайтын, рухани дүниемен қатар материалдық дүниені де түгел қамтитын әдет-ғұрып лексикасы болғандықтан, оларды жеке тақырып ретінде зерттеп талдау өзекті мәселелердің бірі. Қазақ тіліндегі туыстық атаулар жүйесінің бұрын-соңды толық құрамда қарастырылмай келгендігі олардың терең зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.  Туыстық атаулардың лексика-семантикалық құрамы мен құрылымы туралы жүргізілген зерттемелер барысында елтанымдық, мәдениеттанымдық құндылық тұрғысынан қарастырылуы, сөз мағынасындағы мәдени компоненттің ашылып зерттелуі осы жұмыстың өзектілігін көрсетеді. Түрік тілінің туыстық атаулар жүйесі де осы сынды зерттеулерді қажет етеді. Туыстық атаулардың бойында сақталып отырған рухани мәдениет көріністерін ұлттың танымдық тәжірибесімен сабақтастыра отырып, жүйелі түрде қарастырудың қажеттілігі де осы жұмыстың өзектілігін айғақтайды. Жұмыс барысында қазақ және түрік тілдеріндегі туыстық атаулардың семантикалық ерекшеліктері қарастырылып, олардың қолданылу ұқсастықтары мен айырмашылықтары түрлі категориялары бойынша жіктеліп көрсетіледі.

...

Скачать:   txt (289.4 Kb)   pdf (738.1 Kb)   docx (103.9 Kb)  
Продолжить читать еще 95 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club