Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сакралдылық деген не?

Автор:   •  Март 15, 2023  •  Контрольная работа  •  2,669 Слов (11 Страниц)  •  1,239 Просмотры

Страница 1 из 11
  1. «САКРАЛДЫЛЫҚ» ДЕГЕН НЕ? НЕГЕ МАҢҒЫСТАУ САКРАЛДЫ? (Нұрдәулетова)

Латын тіліне негізделген әлемдік ғылыми терминологияда тылсым құбылыстарға қатысты «sacri/sacer» сөзінен бастау алатын sacred, sacrifice, sacrament  ұғымдары  қолданылады.  Оның біріншісі  киелі, қасиетті, әулие дегенді ұғымды білдірсе, екіншісі құрбандық, құрбандық щалу, зиярат  дегенге келеді, үшіншісі – тылсым, құпия мағынасында қолданылады. Біз қолданысқа алған «sacred/sacralis» ұғымы Батыс қоғамында діни ұғым-түсініктер аясында түсіндіріледі,  яғни «сакралды» дегеніміз – Құдайдың құдіретін білдіретін тылсым  дегенге келеді. Бұл Құдайдың ғана қолынан келетін қимыл болғандықтан оны ғылыми тұрғыдан,  яғни рационалды түрде түсіндіру,  моралдық (имани) жолмен игеру мүмкін емес.  Яғни  бұл сөздің мағынасы ақылмен қыр-сырына көз жетпейтін құбылыс дегенге келеді. Белгілі дәрежеде қазақ сөздік қорындағы  «киелі» ұғымы да  иррационалды құбылыстарға қатысты қолданылады.

Сакралдылық тылсым, құпия, жұмбақ, мистикалық, иррационалды т.б. сөздерімен түсіндіріледі.

Адам баласының  қоғамдық дамуының шектеулі жағдайында, адам үшін өзін асырап, сақтап отырған  қоршаған орта сакралды кеңістік болғаны анық.  Адамның  өзінен әлдеқайда күшті тіршілік иелері, табиғи дүлей орта  адам санасына әсер етіп  мистикаға негізделген түсінік-нанымдардың пайда болуына себеп болды. Өздеріне қыстың аязында, жаздың жаңбырында пана болған үңгірлер, найзағай, жер сілкінісі, күннің тұтылуы, саясы бар ағаш пен бұлақ т.б. табиғаттан туындайтын қауіп пен қамқорлық  адамзат баласының санасында діни-фантастикалық түсініктерді, бейнелерді, образдарды туындатты.

Мистика

Тотем – бөрі, жылан, марал, бура, байғыз, аққу, адыраспан

Ритуал – құрбан шалу, айналу, түнеу, зияраттау,

 Символ – таңбалар, суреттер, сызбалар, бейнелер, мүсіндер

Жылан, айдаһар – қазақ ертегілерінде Жылан бапы елі туралы түсінік бар, жылан адамға көмектеседі, құтқарады, жылан – қазынаны сақтаушы, жылан емдей алады, үйге кірген жыланның басына ақ құю, ордалы жыланға тиіссе кек алады, жыланның жағымсыз сипаты айдаһар атауымен байланысты – айдаһар адамдарды жалмап-жұтады, діни сипатында Адам Ата мен Хауа Ананы азғырып, жұмақтан қудыртады.

Ауыр табиғи орта, әсіресе мезгіл-мезгіл болып тұратын жұттар табиғи орта иелері- қасиетті күштерге деген сый-құрметті сақтап келді. Кейін келе жалпы табиғат емес, оның ішіндегі ерекше нысандар адамға сакралдық орта есебінде  белгілі бір ритуалдар қалыптасты. Бұл мысалы аурудан жазылу мақсатында немесе ұрпақты болу ниетімен қасиетті жерлерге барып мінәжат жасау. Ритуалдарға келетін болсақ, киелі жерді айналу,  бұлақтан су ішу, киелі жерде түнеу  т.б. ырымдар бар.

Сакралды  түсінігін бекітетін қорқыныштардың бірі қазақ жерінде кездесетін  тотемизм нышандары- Қазақ тіліндегі «киелі» ұғымына әлде бір қасиеті бар даланың аңы мен құсы да кіреді.  Қазақ бұған қатысты - Киесі бар, немесе  Киесі ұрады  деген ұғымдарды қолданады.  Қасқыр, бура, қошқар, жылан, үкі,  даланың басқа аң мен құсы  тотемизмнің тікелей көрінісі. Сонымен бірге Қазақстанның әр өңірінен бақсылар моласын кездестіруге болады, олар да өз кезегінде халық санасында сакралды түсінігін бекітеді. Культ жылан Адам Ата Хауа ана туралы.

Қандай да бір категориялық ұғымның өзіндік талаптары (крийтерийлері) болатыны түсінікті. Соңғы кезде жиі ауызға іліге бастаған сакралды ұғымының мәні неде? Киелі жер, киелі орын болу үшін қойылатын талаптар қандай? Зерттеу еңбектерде киелілік немесе сакралдылық ұғымына: «белгілі бір объектіге бірегей мағына беретін, ерекше құндылыққа айналдыратын, күнделікті түсініктер мен заттардан өзгеше иррациональды, мистикалық мән беретін дүниетанымдық категория» [Ермағамбетова, 2017:19], – деген түсінік беріледі.  

...

Скачать:   txt (36.5 Kb)   pdf (139.3 Kb)   docx (18 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club