Мәтiндегi зергерлiк бұйымдар реалийлерiн казак тiлiнен аfылшын тiлiне аудару
Автор: Aiumin98 • Апрель 22, 2020 • Статья • 841 Слов (4 Страниц) • 367 Просмотры
МӘТІНДЕГІ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР РЕАЛИЙЛЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ
e-mail: abdikasova1303@gmail.com
Қазақ халқының ұлттық белгілерінің бірі — зергерлік бұйымдар. Дипломдық жұмысымның тақырыбы бойынша, сіздерге ұлттық әшкей бұйымдардың пайда болу тарихы мен түрлерін, сан жылдар сарабынан өтіп, бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан дәстүрді келер ұрпаққа насихаттау.
Қазақ халқының зергерлік өнері, ұлттық мәдени тарихынан еркеше орын алатынына сөзсіз. Өнердің бұл түрінің түп-түркіні мыңдаған жыл әрі де жатыр. Археологиялық деректерге қарағанда қазақстан территориясында мыс, алтын және тағы да басқа асыл және түсті металдарға бай. Кен орындарының игеру ісінің ежелгі замандарда қолға алынғандығын айғақтайды. Ұлттық дәстүрлі қол өнер ішінде мән мазмұны жағынан аса бай, шоқтығы биік тұрғаны - зергерлік өнер.
Зер-парсының «алтын» деген сөзінен шыққан; Кең мағынада «Алтынмен жұмыс істейтін шебер» Қолынан шыққан бұйымы «алтынмен апталып, күміспен күптелген». Зергердің құрал-саймандары: көрік, қысқыш,төс, сымтартқыш.
Әйелдерге арналған әшекейлер: кеуделеріне алқа,құлақтарына сырға, шаштарына шолпы,білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан.
Төске тағатын әшекей түрлері: түйреуіштер,тұмарлар,ілгешектер,күміс түймелер,гауһар тастардан танамоншақтар.
Қазақ әйелдері мен қыздары шаштарына да көп мән берген. Олар бұрымдарына шашбау,шаштеңге,шолпыны қоса өрген. Шаштеңге мен шолпы күміс шыншырмен бірлескен тоғыз тиынннан тұрады. 9 саны қазақтарда қасиетті болып саналады.
Зергер болу киелі, қасиетті өнер ретінде саналған. Сондықтан да, бұлар ел ішінде «зердің жайын зергер білер, аңнын жайын мергер білер»,- деп босқа айтылмаса керек. Оған біріншіден табиғаттан дарыған тума талант керек болса, екіншіден ол атадан-балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар. Халықтын тарихымен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп.
Зергерлік бұйымдардың ерекшеліктері
Қазақ елі күмістің адамға жақсы әсер ететін айрықша қасиеті бар деп білген. Күміс жүзік, сақина, сырға тағумен ғана шектелмей, жаңа туылған нәрестені шомылдырғанда суға тиын тастап: «Баланың өмірі күмістей жарық болсын», — деп айтқан. Әйел адамның жасына жас қосылған сайын, әшекейдің түрі мен сипаты да, өте қарапайым бола түсетін. Тіпті, шолпы әйелдердің күнделікті тағып жүретін бұйымы болып саналады. Халық арасында: «Адам жанының бір ұшығы шаш арасын мекендейді» деген нанымға сенгендіктен қоңыраулы, сылдырмақты шолпыны шашқа бәле-жаладан аулақ деп ырымдап таққан.
Зергерлік бұйымдардың түрлері
Сақина – естелік, силық тіпті мұралық белгі. Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша, ас адал болуы үшін оны дайындайтын, дастарханға қоятын, шәй құйып беретін әйелдің саусағында міндетті түрде күміс сақина болуы тиіс. Жалпы сақина жасағанда алтын мен күміс, жез бен мысты пайдаланған. Солардың арасында көбірек қолданғаны күміс. Себебі, күмістің тартымды, сиқырлы қасиеті бар деп есептелген. Және алтынға қарағанда күміс арзан, және жұмсақ, әрі жарасымды. Оның тіл-көзден, түрлі сырқаттан сақтайтын, тазартатын қасиеті бар деп сенген.
Сырға. Бұл әшекейдің тіл – көзден қорғану ерекшелігі бар деген түсінік бұрыннан қалыптасқан. Солардың бірі – сырға. Ол әйел затының кішкентай кезден бастап арғы дүниеге өткенге дейін тағып жүретін әшекейі.
...