Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаһандану Қазақстан халықтарының күнделікті тұрмысына қандай әсер береді?

Автор:   •  Март 24, 2018  •  Реферат  •  2,927 Слов (12 Страниц)  •  3,331 Просмотры

Страница 1 из 12

[pic 1]

Шымкент қаласындағы физика-математика     бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

   

     Қазіргі әлемдегі Қазақстан

                                                    Қурстық жұмыс

Бөлім:

Жаһандану және жаһандық мәселелер

Бөлімше:

Жаһандану және оның Қазақстанға әсері

Тақырып:

Жаһандану  Қазақстан халықтарының күнделікті тұрмысына қандай әсер береді?

(2600 сөз)

Орындаған: Сатанов Евгений Витальевич__________

(қолы)

Қабылдаушы: Жамелов Бағлан Алтаевич__________

(қолы)

Ішкі модератор:_______________________________

(аты-жөні,қолы)

Шымкент қаласы 2016

Мазмұны

Кіріспе        Ошибка! Закладка не определена.

Негізгі бөлім

А-бөлім. (Теория)        Ошибка! Закладка не определена.

В-бөлім. Зерттеу әдісі        Ошибка! Закладка не определена.

С-бөлім. Зерттеу қорытындысы ...................................................................................................6

D-бөлім. Бағалау ..............................................................................................................................8

Қорытынды.....................................................................................................................................10

Әдебиеттер тізімі.............................................................................................................................11

Кіріспе.  

              Адам, қоршаған ортамен тығыз байланыста бола отырып, ең алдымен адамдармен, бізді  қоршаған әлем жайлы білім өрісін кеңейтеді және өзгертеді. Білім адам дүниетанымын қалыптастыруға себепші, ал адам өрісінің дамуына қазіргі таңда бір ден бір себепші ол бұқаралық ақпарат құралдары мен жахандану үдерісі  екені мәлім. Жаһандану үдерісі қазіргі таңдағы жеке тұлғаның дамуы  мен қоғамның қалыптасуына себепкер маңызды элементтердің бірі бола отырып, Қазақстан Республикасы мен өзге мемлекеттердегі әр түрлі сала мамандарының зерттеу мен талқылану нысанына айналып үлгерді. Бұл үрдіс жайында мақалалар мен басылымдардың көптеп шығуына қарамастан, тек бірнеше ғылыми жұмыстар ғана жаһандану үдерісі тақырыбын кеңінен түсінуге мүмкіндік береді. Әсіресе, бұл жаһандану аспектілерінің адам дүниетанымындағы  философиялық түсініктеріне қатысты болады.[1]

            Қазіргі заманғы зерттеулерге сүйенсек, ең алдымен, бастұы назар тұлғаның әр түрлі саладағы сыртқы қызмет түрлеріне аударылған ( қоғамдық: экономикалық, саяси, мәдени). Бұған қарамастан, жаһандану үрдісінің адам дүниетанымына, әр түрлі жастағы адамдардың өмір сүру салтына әсері мен ықпалына  қатысты мәселер назардан тыс қалып жатыр. Сонымен қатар осы жахандану үрдісі тақырыбын талқылау барысында, көптеген ғалымдар әртүрлі келіспеушіліктерге әкеліп соғатын  кереғар пікірлерге тап болуда. Сондықтан менің мақсатым: « Жахандану үрдісі адамның дүниетанымына қалай әсер етеді?» деген аталмыш сұраққа максималды түрде әділетті жауап табу. Бұдан бөлек, мен жауабын білгім келетін өзге де маңызды сұрақтар бар. Нактырақ:

  • Жаһандану үрдісі мен дүниетаным арасындағы байланыс әсері оңды ма немесе ол адамзат пен қоғамды бұзып, зиян келтіре ме?
  • Жаһандану үрдісі себебінен пайда болған мәселелерді қалай жоюға немесе оның келтірер зиянын қалай шектеуге болады?
  • Адамзат болашақтан не күтеді, немесе жаһандану үрдісі әсерінен қоғам қалай қай бағытта дамиды?

Зерттеу тақырыбымның негізі етіп, мен нақты бір мемлекетті, яғни Қазақстан елін алдым. Өйткені Қазақстан мемлекеті  экономикалық және мәдени тұрғыдан зерттеуге сәйкес келетін бірден бір ел болып табылады. Көп жағдайда жаһандану үрдісі ұғымы физикалық – материалдық ( экономикалық) және мәдени – рухани тараппен бірге қатар келе жатыр және ол біздің өміріміздің айнымас бөлшегі болып саналады.

А) Негізгі бөлім

 Жаһандану үрдісінің әсері жөніндегі сұраққа тереңірек үңіліп жауабын табу үшін, алдымен жаһандану үрдісі дегеніміз не, және ол қалай пайда болғанын түсіну керек. Жаһандану үрдісі- бүкіл әлемдік экономиканың, діннің, саясаттың, мәдениеттің, салт дәстүрдің т.б бірігу процесі.  Басқаша айтқанда жахандану үрдісі – жеке тұлғаның немесе қоғамның өмір сүру әдісінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы. Алғаш рет жаһандану үрдісі жайында 12-13 ғасырда, батыс европа қалалары мен елдері арасындағы сауда - саттық байланысы күрт өсіп, оның салдарынан « Европалық бүкіл әлемдік экономика» құрыла бастаған кезде айтыла бастады. Тек 1981 жылы ғана социология ғылымының маманы Джордж Маклин осы тақырыпты қозғап оған арнайы түсініктеме  берді. Бұл уақытта ақпараттық- техникалық революция жүріп жатқандықтан, өзара бірлескен әлем жайында тың ой туындап, салдары ғаламтор, бейне ойындар т.б  пайда болуына әкеліп соқты. Қазір жаһандану үрдісі жүріп жатыр, өйткені ғаламторда дінге немесе тапқа бөліну жоқ, барлығы адамның қабілет қарымына байланысты. Осылайша адамзат өзінің даралығын жоғалтуда. Бұның жақсы немесе жаман жағын айқындап айтуға шамамыз жетпегенімен, жаңа әлем құрылып шектеулердің жойылғаны мәлім, және жаһандану үрдісі ұялы  байланыс немесе ғаламтор  секілді айқын екендігі факт ретінде қала береді. Ал оның Қазақстан Республикасы тұрғындарының дүниетанымына ықпалы жайында менің алде де зерттеу жүргізуіме тура келеді. [2]

...

Скачать:   txt (39.6 Kb)   pdf (372.5 Kb)   docx (119.2 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club