Ерте жастан шетел тілін оқыту ерекшеліктері
Автор: Kharessova • Апрель 17, 2018 • Курсовая работа • 8,513 Слов (35 Страниц) • 1,620 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Филология факультеті
«Шетел тілін оқыту әдістемесі» пәнінен
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы:
" Ерте жастан шетел тілін оқыту ерекшеліктері "
Орындаған: Ия22(3)тобының студенті
Харесова Д.Х
Жетекшісі: Кадыргалиева С.И
Орал- 2018
Мазмұны
КІРІСПЕ.................................................................................................................5
І. ШЕТЕЛ ТІЛІН ЕРТЕ ОҚЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР 1.1 Ерте жастан шетел тілін оқытудың маңызы мен ерекшіліктері...................7
1.2 Ерте жастан шетел тілін оқытудың мәселелері............................................12
1.3 Мектепке дейінгі оқушылардын ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын ояту...........................................................................................15
II. ШЕТЕЛ ТІЛІН ЕРТЕ ЖАСТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шетел тілін ерте оқытуда техникалық құралдарды тиімді пайдалану. .................................................................................................................................18
2.2 Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану...................................................................................................................21
2.3.Эксперименттік жұмыс...................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29
Зерттеудің мақсаты – ерте жастан оқушыларға ағылшын тілі сабағына қызығушылығын ояту. Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылардың бiлiм дегейiн көтерiп ,білікті,шығармашылықпен жұмыс істей алатын жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімділігін,өздігінше дамуға өз ойын толық жеткізе білуге,оқушылардың сапасы білім алуға,біліктіліктен көтеруге деген ынтасын арттыру,білім беруді ғылыми – теориялық тұрғыдан негіздеу және оның оқу - әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;
- баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;
- мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау;
- ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;
- зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту.
Проблема. Мектеп жасындағы кезеңнің ерекшелігі, бұл кезде балалар оқу процесінде ағылшын тілі сабағында берілген жаттығуларды орындап,сөйлеу және оқу әрекеттері арқылы дұрыс нәтижеге білімдерін жинақтап қана қоймай, құбылыстардың мәнін жете түсінуге және оларға деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыра бастайтындығында. Сол себепті де осы жастағы балаларға, үлкен адамдардың іс - әрекетін ешқандай ойланбастан қайталайтын, айтқанды екі етпей орындайтын, санасы жетілмеген адам деген, көп жыл бойы дәстүр болып кеткен көзқарастан бірден ауытқып кету мұғалімдерге оңай соқпаса да, олардың шын өмірде өздерін белгілі бір іс - әрекеттерде тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде көрсете алатындығын ескеру қажеттігі заман талабына сай проблема екендігі түсінікті.
Зерттеудің болжамы – егер оқу үрдісінде оқушылар ана тілімен қатар шетел тілдерін меңгерсе,шет тілі білім беру теориялық - әдіснамалық тұрғыдан дәлелденіп, арнайы тұжырымдама мен модельдің негізінде жасалған оқыту әдістемесі арқылы жүзеге асырылса, оқушылардың білімі артып, практикалық іскерлігі мен дағдысы шыңдалып,білім игеру кезінде оқушылардың білім сапасын арттыруға және халықаралық деңгейде білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі туады.Өйткені, оқу реформасының басты мақсаты - әлемдік жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдайда лайықты өмір сүріп,жұмыс істеуге қол жеткізу.
...