Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы
Автор: BKB1 • Декабрь 20, 2022 • Реферат • 614 Слов (3 Страниц) • 781 Просмотры
Қатысушының аты-жөні: | Берікбай Қаламқас Бауыржанқызы |
Қала атауы, оқу орнының атауы: | Алматы қ, Назарбаева 55 ҚАЗНПУ университеті |
Сапалы 3*4 фото сурет (1 дана) : | [pic 1] |
Телефон номері және эл.почтасы: | 8 705 462 71 20, berikbaykalamkasm@gmail.com |
Жетекшісінің аты-жөні : | Құттыбаев Шоханхан |
Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» атты жолдауы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндіргені рас және бұлай болуы бекер емес. Расында да, еліміз тәуелсіздігін алғалы бері сан түрлі қауіп-қатерлер мен сынақтардан амандықпен өтіп келеді. Ал мемлекет басшысының жолдауы сондай қиындықтарға мойынсынбай, керісінше ары қарай жаңа мемлекетті, жаңа елді құруға шақырады. Әрине, бұрын-соңды елімізде әр түрлі жоспары, мақсаты мен мідеттері бар жолдаулардың болғандығы белгілі, алайда дәл осы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдау өзгелерден тым ерек.
Жаңа Қазақстан – бұл жалпы біздің еліміздің болшақ бейнесі. Осы тұста, ең алдымен, қоғамдық құндылықтарымызды жаңартып және ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыруымыз керек. Әрине, бұл бәрімізге белгілі қаңтар оқиғасынан кейін немесе мемлекет басшысының жолдауынан кейін бірден Жаңа Қазақстанда өмір сүруді бастадық деген сөз емес. Жаңа Қазақстан атты жолдауды ұсынып, Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндерге анралған ұлттық құрылыстың жаңа мақсаттары мен міндеттерін айқындады. Сайып келгенде, жаңа Қазақстанды бір мезетте немесе бір күнде құру мүмкін емес. Бұл біздің қоғамымыздың қайта құрылудағы терең әрі ұзақ процессі болып табылады және бұл процесті орындау барысында барша Қазақстан халқы ауызбіршілік танытуы тиіс. Президентіміз «біз жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» деп босқа айтпаса керек, себебі тек осылай ғана біз жаңа Қазақстанды бірге құра аламыз.
Біз әрқайсымыз шынында да нағыз патриотпыз, егер ынтымақ пен бірлікті ел үшін бірінші орынға қоя білсек. Қарқынды түрде дамып, құндылықтарымызды одан ары жаңғыртсақ, сөзсіз, жаңа Қазақстанның асбрактілі идея емес екенін дәлелдей аламыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» атты жолдауында халыққа көп үміт артатынын жеткізген болатын. Себебі кез келген мемлекеттің негізгі тірегі – халық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, ендігі кезекте Қазақстан жұртшылығына артылатын міндет – жаңа мемлекет құруға жұмыла ат салысу, ұлттық құндылықтарды бірге жаңғырту, болашаққа бірге қадам басу.
...