Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңа Жібек жолы: Қазақстан үшін мүмкіндіктер

Автор:   •  Сентябрь 16, 2019  •  Эссе  •  389 Слов (2 Страниц)  •  841 Просмотры

Страница 1 из 2

Жаңа Жібек жолы: Қазақстан үшін мүмкіндіктер.

Жібек жолын қайта жаңғырту және инфрақұрылымға ірі инвестициялар құюлуы келесі онжылдықта Қазақстанның Орталық Азиядағы сауда орталығы ретінде жаңаруын көрсетеді. Жаңа жібек жолы идеясы Қазақстанға зор мүмкіндіктер алып келеді. Демек, біздің елдің басты назарында халықаралық транзит пен тұтынушылар тұру керек. Сонымен қатар, бұл жеткілікті инфрақұрылымның бар жағдайында сандық мәдениеттің өркендеуін де білдіреді. Егер Қытаймен Еуропа арасындағы сауда үлесі осы жол арқылы өтетін болса, тек Қазақстан үшін ғана емес, барлық Орталық Азия мемлекеттері үшін зор мүмкіндіктер ашылады.

Қазақстанға транзиттік коридор ретінде өз позициясын нығайтуға елеулі инвестициялар жасалды. Соның ішінде «Хоргос- Шығыс қақпасы»  құрғақ порты - $ 3,5 млрд құрайды. Әлемдегі ең ірі логистикалық қызметтерді жеткізушілердің бірі COSCO Shipping және Lianyungang Port Holdings Group жақында жобадағы үлестерін сатып алып, осылайша трансұлттық және қазақстандық тарапқа өз серіктестерінің мол тәжірибесін пайдалану мүмкіндігін берді.

Басқа маңызды инвестицияларға «Шалқар- Бейнау» темір жолы, «Жезқазған-Сексеуіл» теміржолы және Құрық порты кіреді. Нәтижесінде дәліздер мен қуаттылықтардың артуы Қазақстанның транзиттік аймақ ретіндегі рөлін күшейтеді. «Самұрық-Қазына» қорының хабарлауынша, инфрақұрылымдық инвестициялар жыл сайын Қазақстанның экономикалық дамуына келесі онжылдықта 0,1% - 0,2% деңгейінде ықпал етеді.

Жекеменшік логистикалық жабдықтаушылар «Бір белдеу- бір жол» дамуы және Қазақстанның транзиттік дәліз ретінде әлеуетін арттыруын мұқият қадағалап отырады. Азия-ЕО бағдарындағы оның орталық орналасуы жылжымалы құрамды жалдау, логистикалық шешімдер және жүк тасымалдау сияқты көліктік қызметтер нарығын құру үшін тамаша орын. Транзит операциялары ҚТЖ үшін бір километрге шаққандағы ең жоғары кірісті әкеледі. Сондықтан, транзиттің Қазақстан үшін маңызды табыс көзі болуы күтіледі, егер теміржол қызметтері оңтайландырылса және ережелер жеңілдетілсе, ежелгі көшпелі саудагерлердің Шығыс пен Батысты байланыстырған өткен мыңжылдықтағыдай динамикалық және табысты отандық логистика саласы пайда болады.

...

Скачать:   txt (5.9 Kb)   pdf (98.4 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club